- 14 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 15 -
НАМАЗ КІТАБЫ
көтер, күн əлi батпады» – дедi. Хазреті Əли бұған қуанып, намазын
оқыды.
Хазреті Əбу Бəкiр Сыддық (радыяллаһу анһ) бiр түнi өте көп
ғибадат етiп, нəтижеде үтiр намазын оқымастан ұйықтап қалады.
Таң намазы болғанда Пайғамбарымызға алейһиссалам келiп:
«Ей Аллаһтың елшiсi! Маған көмектес, үтiр намазым қаза болып
қалды» - деп қайғырып жылады. Оған қосылып Пайғамбарымыз
алейһиссалам жылай бастады. Сол кезде хазреті Жəбрейiл келiп:
“Ей Аллаһтың елшiсi! Əбу Бəкiр Сыддыққа айт, оны Аллаһу та’ала
кешiрдi”-
дедi.
Атақты əулиелердiң бiрi Баязид Бистами бiр күнi қатты ұйқы ба-
сып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тəуба етіп,
жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: «Ей Баязид, бұл кемшiлiгiңдi
кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тəубаңның берекетi үшiн саған
тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм». Бiрнеше ай өткен
соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады. Шайтан келiп: “Тұр,
намазың қазаға қалып қояды, тұр”- деп оята бастайды. Сол кезде
хазреті Баязид былай дейдi: “Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл iстi
қалайша iстеп тұрсың? Сен əркiмнiң намазын оқымауы үшiн, қазаға
қалдыруы үшiн тырысатын едiң, менi қалайша оятып тұрсың?”.
Шайтан былай жауап береді: “Сен өткенде, таң намазын қаза етiп
қойған күнi, жылап жетпiс мың намаздың сауабын алған едiң. Бүгiн
соны ойлап, бiр-ақ уақыт намаздың сауабын алсын деп сенi ояттым,
оның орнына жетпiс мың намаздың сауабын алып қоймасын дедiм.”
Мəшһур əулиелердiң бiрi болған Жунайд Бағдади былай деген
едi: “Бұл дүниенiң бiр сағаты - қияметтiң мың жылынан жақсырақ.
Өйткенi бұл бiр сағатта iзгi, жақсы iстердің көбiн iстеуге болады, ал
қияметтегi мың жылда еш нəрсе жасай алмайсың”.
Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай деген:
«Бiр кiсi бiле тұра бiр намазы мен екiншi намазын бiрiктiрсе,
яғни қазаға қалдырса, сексен хуқбə тозақта жанады». Бiр хуқбə
ахыреттің сексен жылына тең. Олай болса, ей, дiні бір бауырым!
Уақытыңды бос əрi пайдасыз нəрселермен өткiзбе. Уақыттың қадiрiн
бiл. Уақытыңды iзгi iстер iстеуге сарып ет. Сүйiктi Пайғамбарымыз
алейһиссалам:
«Қайғының, бəленiң үлкенi уақытын босқа өткiзу»-
деп айтып өткен. Намазыңды уақытында оқып, мол сауаптарға қауыш.
Қиямет күнi өкініп қалма. Хадис шəрифте:
«Намазды уақытында
оқымай, қаза қылған адам қазасын өтеместен өлiп кетсе, оның
қабiрiне тозақтан жетпiс терезе ашылып, қияметке дейiн азап-
талады».
Кiмде-кiм намазын уақытында бiле тұра оқымаса, яғни намаз
уақыты өтiп бара жатса да еш уайымдамайтын болса, дiннен шығады
немесе өлiм алдында имансыз кетедi. Ал намазды ойламайтындар,
оның парыз екендiгiн де бiлмейтiндердiң халi не болмақ? Намаздың
өзіне мiндет екендiгiн бiлмейтiн кiсiлердiң
“муртəд”, яғни кəпiр
екендiгiн төрт мазһабтың барлық ғұламалары бір ауыздан айтқан.
Намазды бiле тұра оқымайтын, қазасын оқуды да ойламайтын, əрi
бұл үшiн азапталудан да қорықпайтын кісінің “муртəд”, яғни кəпiр
болатыны туралы Абдулғани Наблусидың
“Хадиқат-ун-нəдийя”
кiтабының “Тiлдiң апаттары” атты бөлiмiнде жазылған.
Имам Раббани «
Мəктубат» кiтабының 1-том, 275-хатында былай
дейдi: «Сiздердiң бұл нығметке қол жеткізулерiңiздің негізгі себебі
– Ислам дiнiн үйрету жəне фиқһи мəселелердi кеңiнен түсiндiруіңіз
болды. Ол жерлерде надандық үстемдiк құрып, бидғаттар жайылды.
Аллаһу та’ала Ислам дiнiн жаюда сiздердi себепшi қылды. Олай бо-
латын болса, дiни мағлұматтарды үйретуге əрi фиқһи мəселелердi
жаюға қолыңыздан келгенше жəрдем беруге тырысыңыз. Аталған
екеуi – барша бақыттың бастауы, дамудың негiзi, тозақтан құтылуға
жəрдемшi. Бұл жолда бар күш-қайратыңызды жұмсаңыз! Дiн өкiлi
ретінде өзiңіздi танытыңыз! Ол жердегiлерге жақсылық жасауды
əмiр етiп, жамандықтан тыйыңыз. Тұра жолды нұсқаңыз. Музам-
мил сүресінің 19-шы аятында:
«Раббыңның разылығына қауышу
Достарыңызбен бөлісу: