Китаб-ус-салат намаз кітабы даярлаған: Хасан Яваш Жетінші басылым

Исмет: 1.   Күнə iстемеу. Пайғамбарлар үлкен болсын, кiшi бол- сын ешқандай күнə iстемейдi. Аманат

Pdf көрінісі
бет6/33
Дата03.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#6690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Исмет:
1. 
 Күнə iстемеу. Пайғамбарлар үлкен болсын, кiшi бол-
сын ешқандай күнə iстемейдi.
Аманат:
2. 
 Пайғамбарлар адамзат баласының ең сенiмдiлері. 
Ешқашан аманатқа қиянат жасамайды. 
Садық:
3. 
 Пайғамбарлар сөйлеген сөздерiнде, iс əрекеттерiнде 
жəне əртүрлi қарым-қатынастарында турашыл жəне сенімді адамдар. 
Ешқашан өтiрiк сөйлемейдi.
Фетанат:
4. 
 Пайғамбарлар өте ақылды жəне парасатты адам-
дар. Зағиптық, кереңдік сияқты кемшiлiктерi бар адамдардан жəне 
əйел затынан пайғамбар болмайды. 
Əдiлет:
5. 
  Пайғамбарлар  ешқашан  зұлымдық  жасамайды. 
Басқа біреудің, не өзінің абыройы үшін əділеттен бас тартпайды.
Таблиғ:
6. 
  Пайғамбарлар  уағыздаған  үкім-насихаттардың 
барлығын  тек  Аллаһу  та’аланың  бұйрықтарынан  үйренген. 
Олар  насихаттаған  əмір  жəне  тыйымдардың  ешбірін  өз  ойынан 
шығармаған.  Бұйырылған  нəрселердің  барлығын  өзі  бойынша 
үмбеттеріне жеткізген. 
Əмнул-азл: 
7. 
Олар  пайғамбарлық  міндетінен  алынбайды. 
Дүние мен ахыретте де пайғамбар болып қала береді.
Жаңа  дiн  мен  үкiмдер  əкелген  пайғамбарлар  Расул  делiнедi. 
Жаңа  дiнмен  келмей,  адамдарды  өзiнен  алдыңғы  дiнге  шақырған 
пайғамбарлар  Нəби  делiнедi.  Пайғамбарларға  иман  ету  -  олар-

- 26 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 27 -
НАМАЗ КІТАБЫ
ды  бөлiп-жармай,  барлығына  бірдей,  Аллаһу  та’ала  тарапы-
нан  таңдалған,  садық,  тура  сөздi  елшілер  болғанына  сену  дегені. 
Олардың  бiріне  сенбеген  адам,  ешбiрiне  сенбеген  болып  санала-
ды.  Пайғамбарлыққа  қыруар  еңбек  ету,  қиыншылық  көру  арқылы 
жетпейдi. Пайғамбарлық Аллаһ тарапынан ғана берiледi. Олардың 
нақты  саны  белгiлi  емес.  Жүз  жиырма  төрт  мыңнан  көп  екендiгi 
айтылған.  Бұлардың  үш  жүз  он  үшi  Расул.  Араларында  алтауына 
Улул-азм пайғамбарлар делiнедi. Олар: Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, 
Иса, жəне Мұхаммед Мұстафа (алейһимуссалам). Пайғамбарлардың 
отыз үшiнiң аттары мəшһүр. Олар: Адам, Идрис. Шит, Худ, Салиһ, 
Ибраһим, Лұт, Исмайыл, Исхақ, Яқуб, Юсуф, Айюб, Шуайб, Муса, 
Харун, Хыдыр (Хызыр, Қыдыр), Юша бин Нун, Ильяс, Эляса, Зул-
кифл, Шамун, Ишмоил, Юнус бин Мета, Давуд, Сулейман, Лоқман, 
Зəкария, Яхья, Узайр, Иса бин Марьям, Зұлқарнайн жəне Мұхаммед 
(алейһи уə алейһимуссалату уə сəлам).
Олардың тек жиырма сегiзiнiң есiмi Құран Кəрiмде айтылған. 
Зұлқарнайн,  Узайр,  Лоқман  жəне  Хыдырдың    пайғамбар    екендігі 
ғалымдар арасында екі түрлі айтылды. Мұхаммед Масум хазреттері 
Мəктубат”тың  2-том,  36-хатында  Хызыр  алейһиссаламның 
пайғамбар  екендiгiн  білдірген  хабарлардың  басымырақ  екені 
жазылған.  Ал  182-  хатында:  «Хызыр  алейһиссаламның  адам 
бейнесiнде көрiнуi жəне кейбiр iстердi iстеуi, оның тiрi екендiгiн 
көрсетпейді. Аллаһу та’ала оның жəне көптеген пайғамбарлар мен 
əулиелердің  рұхтарына  адам  кейпінде  көрінулеріне  рұқсат  еткен. 
Сондықтан да оларды көру тірі екендігін білдірмейді» - деген. 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед 
алейһиссалам
Мұхаммед (алейһиссалам) пайғамбар - Аллаһу та’аланың елшiсi 
əрi  пайғамбарлардың  ең  мəртебелiсi  жəне  соңғысы.  Əкесiнiң  аты 
Абдуллаһ,  милади  жыл  санауымен  571  ж.  сəуiр  айының  20  күнiне 
сəйкес  келетiн  12  рабиəл-əууəлде  дүйсенбi  күнi  түнде  Меккеде 
дүниеге келдi. Əкесi ол тумай тұрып қайтыс болған едi. Алты жа-
сында анасы, сегiз жасында атасынан айрылды. Кейiн əкесінің інісі 
Əбу Талибтың қолында өстi. 25 жасында Хадишаға (Хадижат-ул Ку-
бра) үйлендi. Одан төрт қыз, екi ұлы болды. Алғашқы ұлының аты 
Қасым  едi.  Сондықтан  халық  арасында  Əбул  Қасым  деп  те  атал-
ды. Қырық жасында Аллаһу та’ала тарапынан барлық адамзат пен 
жындарға Пайғамбар екендiгi бiлдiрілді. Үш жылдан кейiн жалпы 
халықты  ашық  түрде  имандылыққа  шақыра  бастады.  Елу  екi  жа-
сында  бiр  түнде  Меккеден  Кұдысқа  (Иерусалим)  жəне  ол  жерден 
көкке көтерiлдi. Бұл сапарына “Миғраж” деліндi. Миғражда жəннат 
пен тозақты жəне Аллаһу та’аланы көрдi. Осы түнде бес уақыт на-
маз парыз болды. Тарихшылардың айтуына қарағанда Милади 622 
жылы  Аллаһтың  əмiрiмен  Меккеден  Мадинаға  көштi.  Бұл  көшке 
“Хижрет”  делінді.  Мəдина  қаласының  жанындағы  Қуба  ауылына 
келгендегi Рабиəл-əууəл айының сегiзi дүйсенбi күні, милади жыл 
санауы  бойынша  қыркүйек  айының  жиырмасыншы  жұлдызына 
сəйкес  келедi.  Осы  күннен  бастап  Хижри  шəмси  жыл  санауы  ба-
сталды. Мұсылмандардың Хижри қамари жылы сол жылдың му-
харрам айынан басталып, айдың жердi он екi рет айналуы бiр қамари 
жыл болып есептеледi. Хижри 11 (м.632 ж.) Рабиəл əууал айының 
он екiсi дүйсенбi күнi түскi уақыттан бұрын қайтыс болды. Қайтыс 
болған бөлмесiне жерлендi. Қайтыс болған кезiнде қамари жылмен 
63, шəмси жыл санаумен 61 жаста едi. 
Мұхаммед алейһиссалам ақ реңдi едi. Ол барлық адамдардың 
iшiндегi ең əдемiсi болатын. Əдемілiгiн баршаға көрсете бермейтiн. 
Ол əрқашан, дүниедегi барлық адамзаттан жəне болашақта келетiн 
адамдардың бəрiнен тұғыры биiк, мəртебесi жоғары адам. Балалық 
шағында  саудагерлермен  Шам  тарапына  екi  рет  сапар  шегiп,  Бус-
ра  деп  аталатын  жерден  керi  қайтқан.  Одан  басқа  уақытта  ешбір 
сапарға  шықпаған.  Ол  оқуды,  жазуды  бiлмейтiн,  яғни  мектеп-
медреседе  оқымаған  еді.  Ешкiмнен  сабақ  алмады.  Бiрақ  барлық 
нəрсенi бiлетiн едi. Яғни не ойласа да, қандайда нəрсенi бiлгiсi кел-
се, Аллаһу та’ала оған бiлдiретін едi. Жəбрейiл алейһиссалам атты 
перiште келiп, оған қалаған нəрсесiн айтатын. Пайғамбарымыздың 
қалбы,  яғни  мүбəрəк  жүрегі  нұр  шашып,  одан  тараған  ілім,  мари-
фат  нұрлары  радио  толқынындай  жер-көкке  таралуда  еді.  Бұл  нұр 
қазір  де  қабірінен  таралуда  жəне  күн  сайын  қуаттануда.  Бұл  нұр 
Файз  делінеді.  Электро-магниттiк  толқындарды  ұстау  үшiн  ра-
дио  қабылдағыш  керек  болғандай,  оның  нұрын,  файзын  қабылдау 
үшiн де оған сенген, сүйген жəне оның көрсеткен жолымен жүрiп 
тазарған жүрек керек. Осындай жүрегi бар адам ғана нұрды қабыл 
етедi  жəне  ол  да  бұл  нұрды  шартарапқа  таратады.  Мұндай  ұлы 
адамдар  əулие  делінедi.  Бұл  əулиенi  таныған  жəне  жақсы  көрген 
кісі,  оның  жанында  əдеппен  отырса  немесе  алыста  оны  əдеппен, 
махаббатпен  еске  алса,  бұл  адамдың  жүрегі  де  нұр-файз  алып  та-
зарып  жəне  рухани  жетіле  бастайды.  Аллаһу  та’ала  денеміздің, 

- 28 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 29 -
НАМАЗ КІТАБЫ
материямыздың  өсіп-өнуіне  күн  энергиясын  себеп  қылғанындай, 
рухымыздың,  жүрегіміздің  жетілуіне,  кəміл  адам  болуына  да 
Мұхаммед алейһиссаламның жүрегін жəне одан тараған нұрды се-
беп қылған. Адамды азықтандырып, клеткаларына қуат беріп тұрған 
азық-түлік өнімдерінің баршасы күн энергиясы жəне əр түрлі реак-
циялар  арқылы  пайда  болғанындай,  рухымызға,  жүрегімізге  азық 
болатын əулиенің сұхбаттары, сөздері жəне жазуларының барлығы 
да, Расулуллаһтың жүрегінен тараған мүбəрəк нұрлардан пайда бо-
лады. Аллаһу та’ала Жəбрейiл алейһиссалам атты перiште арқылы 
Мұхаммед алейһиссаламға Құран Кəрiмдi жiбердi. Адамдарға дүние 
мен ахыретке қажеттi, пайдалы болған нəрселердi əмiр еттi. Зиянды 
болғандарына тыйым салды. Бұл əмiр мен тыйымдардың барлығын 
Ислам дiнi деп айтады.
Мұхаммед алейһиссаламның əр сөзi дұрыс, бағалы əрi пайда-
лы.  Осындай  екендiгiне  сенген  адамға  Мүмин  жəне  Мұсылман 
делiнедi.  Мұхаммед  алейһиссаламның  сөздерiне  сенбеген  неме-
се  оларды  ұнатпаған  адамға  Кəпiр  делiнедi.  Аллаһу  та’ала  мүмин 
құлын  сүйеді.  Кəпiр  болған  адам  жұмаққа  (жəннəт)  кiре  алмайды. 
Жəһаннамға  түсiп  ол  жерден  қайта  шықпайды.  Пайғамбарымызға 
сену,  оны  жақсы  көру  бүкіл  жақсылық  атаулының  басы.  Ал  оның 
пайғамбарлығына  сенбеу  болса,  барлық  қайғы-қасыреттің  жəне 
жамандықтың басы.
Расулуллаһтың  бiлiмi,  парасаттылығы,  санасы,  ақылы,  зейiнi, 
жомарттығы,  қарапайымдылығы,  жұмсақтығы,  мейірімділігі,  са-
быры,  қайраты,  намысы,  сенімділігі,  батылдығы,  батырлығы, 
сөйлеу  көркемдігі,  пəктігі,  айбаттылығы,  көркемдігі,  діндарлығы, 
ынсаптылығы, шыншылдығы, аманатқа қиянат жасамауы, көңiлiнiң 
ояулығы,  тақуалығы,  абыройы,  əдiлеттiлiгi  жəне  иффеті  (ұяты) 
барлық пайғамбарлардан артық едi. Дос-дұшпанынан көрген зиян-
дарды кешіретін еді. Ешкімге кек қайтармайтын едi. Ухуд соғысында 
кəпiрлер  мүбəрəк  жүзін  қанатып,  тiстерiн  сындырған  кезде, 
оларға:  «Ей,  Раббым!  Оларды  кешіре  гөр.  Бұл  істерін  олардың 
надандықтарына бағыштай гөр.»- деп дұға еткен. 
Мұхаммед  алейһиссаламның  асыл  қасиеттерi  мен  мiнездерi 
көп. Əр мұсылманның бұларды үйренiп, осы қасиеттерді өз бойы-
на  қалыптастыруы  керек.  Осылайша  дүние  жəне  ахыретте  пəле-
жалалардан,  қиындықтардан  құтылып,  екi  дүниенiң  мырзасы 
Пайғамбарымыздың  алейһиссалам  шапағатына  қауышуы  нəсiп  бо-
лады. Өйткенi хадис шəрифте: «Аллаһу та’аланың ахлақымен (си-
паттары) мiнезделiңiз»- делiнген.
                   
Асхаби кирам
Пайғамбар  алейһиссаламның  мүбəрəк  жүзiн  көрiп,  оның 
қасиеттi сөздерiн есту абыройы нəсiп болған мұсылмандарға Асха-
би кирам делінедi. Пайғамбарлардан кейiн туылған жəне туылатын 
адамзаттың ең қайырлысы жəне ең мəртебелiсi алғаш халифа болған 
кісі  Əбу  Бəкiр  Сыддық  (радыяллаһу  анһ).  Одан  кейiн  адамдардың 
ең жақсысы, екiншi халифа Фаруқ-и азам Омар бин Хаттаб, сонан 
кейiнгi адамзаттың ең жақсысы жəне Расулуллаһтың үшiншi халифа-
сы иман, иффет (ұят) жəне бiлiмнiң қайнар көзi хазiретi Осман бин 
Аффан (радыяллаһу та’ала анһ), одан кейiн адамдардың ең жақсысы, 
төртiншi  халифа,  таңқаларлық  ерекшелiк  иесі,  Аллаһу  та’аланың 
арыстаны  Əли  бин  Абу  Талиб  (радыяллаһу  анһ).  Пайғамбарымыз 
алейһиссаламның хадистерiнде айтылуынша, хазреті Фатима, хазреті 
Айша, хазреті Мəриям жəне хазреті Асия дүниедегi əйелдердiң ең 
жақсысы.  Қасиеттi  хадисте:  «Фатима  жəннəт  əйелдерiнiң  ең 
қайырлысы.  Ал  Хасан  мен  Хусейн  де  жəннəт  жастарының  ең 
құрметтісi»- делiнген.
Бұлардан  кейiн  сахабалардың  ең  жақсысы  (Ашара-и  мубаш-
шара), яғни тірі кезінде жəннəтқа кiруге сүйінші берілген он адам. 
Олар: хазреті Əбу Бəкiр Сыддық, Омар Фаруқ, Осман бин Аффан, 
Əли бин Əбу Талиб, Əбу Убəйда бин Жарраһ, Талха, Зубейр бин Ав-
вам, Са’д бин Əбу Уаққас, Са’д бин Зайд жəне Абдуррахман бин Ауф 
(радияллаһу 
та’ала
 анһум ажмаин). Кейiн Бəдiр соғысында, Ухудда, 
одан кейiн Бейат-и Ридуанға қатысқандар келеді.
Расулуллаһтың  жолында  жандарын,  малдарын  пида  етiп,  оған 
көмектескен  сахабаларды  құрметпен  тілге  алуымыз  бізге  уəжіп. 
Олардың  ұлылығына  жараспайтын  сөздер  айту  мүлдем  жаиз  бол-
майды.
Расулуллаһты  жақсы  көретiн  адам,  оның  асхабының  бəрiн  де 
жақсы көруi керек. Пайғамбарымыз хадисiнде: «Асхабымды жақсы 
көретiн адамның оларға деген құрметі, менi жақсы көргенi үшiн, 
оларды  ұнатпағандар,  менi  жаман  көргені  үшін  ұнатпайды. 
Кiмде-кiм  оларды  ренжiтсе  менi  ренжiтедi.  Менi  ренжiткен 
де  Аллаһу  та’аланы  ренжiткен  болады.  Ал  Аллаһу  та’аланы 
ренжiткен адам, сөзсiз азапқа душар болады»- деген. Басқа бiр ха-
дисте: «Аллаһу та’ала менiң үмметiмнен бiр құлына жақсылық 
қаласа,  оның  жүрегiне  асхабыма  деген  сүйiспеншiлiктi  орна-
ластырады.  Олардың  бəрiн  өз  жанындай  жақсы  көредi»,-  дедi. 

- 30 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 31 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Пайғамбарымыз қайтыс болған күнi Мəдина қаласында 33 мың са-
хаба бар едi. Сахабалардың толық саны 124 мыңнан аса едi.
   
Төрт мазһаб имамы жəне басқа ғалымдар
 Ақида, яғни сенiмде, имандылықта хақ бiр ғана жол бар. Бұл 
жол  “Əһли  сүннет  уəл  жамағат”  мазһабы.  Мазһаб  –  жол  дегенді 
білдіреді.  Дүние  жүзiндегi  барлық  мұсылмандарға  түзу  жолды 
көрсеткен жəне Мухаммед алейһиссаламның осы жолын ешқандай 
өзгертпей,  кемшiлiксiз  жетуiне  себепшi  болған  төрт  ғалым  бар. 
Бұлардың бiрiншiсi, Əһли сүннеттiң басшысы - Имам Ағзам Əбу Ха-
нифа Ну’ман бин Сабит. Екiншiсi Имам Малик бин Əнас, үшiншiсi 
Имам  Мұхаммед  бин  Идрис  Шафии,  төртiншiсi  Имам  Ахмед  бин 
Ханбал, Аллаһ олардан разы болсын. Бүгінгі таңда бұл төртеуiнiң 
біреуінің жолына ермеген адамның ахыреті өте үлкен қауiп-қатерде. 
Бiз бұл кiтабымызды ханафи мазһабы бойынша намаз мəселелерiн 
сол  мазһаб  ғалымдарының  кiтаптарынан  алып,  тілін  жеңілдетіп 
жаздық.
Бұл төрт имамның шəкiрттерiнен екеуi иман саласында үлкен 
дəрежелерге  шықты.  Сондықтан  əһли  сүннет  ақидасы,  сенімі  екi 
мазһабта қалыптасты. Құран Кəрiм мен хадис шəрифке сай болған 
иман, сенім, ақида осы екi ғалымның білдіргендері болды. Фырқа-и 
нажийа  (тозақтан  құтылған  топ)  болған  əһли  сүннеттiң  иман 
негіздерiн жер жүзiне жайған осы екi ғалым. Бiрi - Əбу Мансур Ма-
туриди, ал екiншiсi Əбул Хасан Əли Əшари.
Бұл  екi  имам  білдірген  иман  негiздерi  бiрдей  болып,  арала-
рында  тек  бiр-екі  ғана  айырмашылық  бар.  [Бұл  айырмашылықтар 
«Мұсылмансың ба?» сұрағы сұралғанда Матуридилер «əлхамдулиллаһ 
(құдайға шүкір), мұсылманмын» десе, Əшарилер «иншааллаһ (құдай 
қаласа),  мұсылманмын»  деп  жауап  береді.  Матуриди  мазһабында 
кісінің  осы  сұрақ  қойылған  кездегі  жағдайы,  ал  Əшарилерде 
кісінің соңғы деміндегі жағдайы маңызды. Сондықтан да матуриди 
мазһабындағылар бұл сұраққа міндетті түрде «əлхамдулиллаһ» дейді 
жəне оларда «иншааллаһ-құдай қаласа» – деп айту сол кезде иман-
сыз болғанын білдіреді. Ал əшарилерде кісінің соңғы демі маңызды 
болғандықтан, олар соңғы демі үшін «əрине, яғни əлхамдулиллаһ» 
деп емес, «құдай қаласа-иншааллаһ» деп жауап береді. Бұл екі мазһаб 
арасындағы  басқа  айырмашылықтар  да  осылайша  пайда  болған. 
Яғни бұл екі мазһаб имамы бірдей мəселенің екі басқа жəйттеріне 
назар аударып үкім берген.] Негiзiнде олар бiрдей. Ислам ғалымдары 
Құран Кəрiмде жəне хадис шəрифтерде мадақталған. Бір аятта бы-
лай делiнедi: «Бiлетiндер мен бiлмейтiндер тең бола ма?» Басқа 
бiр аятта болса: «Ей, мұсылмандар! Бiлмегендерiңдi бiлгендерден 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет