Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет54/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
 

4. 


Александр 

Сидоров. «Из 

истории 

русского 

уголовно-арестантского 

арго». 


 

5. «Средства 

массовой 

информации 

и 

культура 



речи». 

0%BF%D0BB&cd=6&hl=uk&ct=clnk&gl=ua&client=firefox-a> 

6. Интернет портал «Единое окно». http://window.edu.ru/window 

7. Сайт «Молодёжный сленг + жаргон наркоманов».  

 

 

 



ƏОЖ 94 

 

ТӨЛЕ БИ, ҚАЗЫБЕК БИ ЖƏНЕ ƏЙТЕКЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ  

АЛАТЫН ОРНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

Алдекен А. С., аға оқытушысы., Тұрсынбекова Ж. Қ. 

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақсатн Республикасы  

 

Қара  сөздің  парқын  білген  қазақ  нақыл  сөзге  кенде  емес.  Тарихтың  тарам-тарам  жолдарында 



өткеннен із болып сақталған ұлы сөздер бүгіндері əр қазақтың жүрегінде болуға тиіс. Шешендік пен 

даналық - жұмыр  басты  пенденің  бəрінің  бірдей  бойына  дари  бермейтін  дарын.  Осындай  ғажайып 

дарын  иелері  ел  басына  күн  туған  шақта  шашыраған  қазақты  бір  тудың  астына  жинап,  есігі  мен 

бесігін түзейтін ерлеріне ерен сөз айтты. Қасиетті сөздің қадірін ұғынған жан үшін олар тек сөз ғана 

айтпады. Олар алтыннан да құны жоғары, оты сөнбес ғұмырлық нақыл айтты.  

Өз мемлекетінің құрылуы қазақ халқының рухани мəдениетінің одан əрі дамуында зор маңызы 

болды.  Қазақ  хандығының  мемлекеттік  құрылысының  өзіндік  ерекшелігі,  халық  өмірінің  ерекше 

жағдайлары мен өзіндік өзгешелігі бар қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», 

«төрелік  айту», «шешендік  сөздер»  деп  аталатын  көркемдік  мəдениеттің  бірегей  түрін  туғызды. 

«Билер соты,- деп жазды Ш.Уалиханов, - орыстардың 40 жылдық ықпал жасағанына қарамастан, ол 

жүздеген бəлкім, бізге дейінгі мың жыл бұрын қандай болса да, сондай болып қала береді». [1] 

XVI-XVIII  ғасырлардағы  би-шешендер  арасында  мемлекетік  жəне  қоғамдық  қызметтің 

маңыздылығы  жағынан,  шешендік  өнерінің  күші  мен  поэтикалық  шеберлігі  жағынан  Төле  би 

Əлібекұлы (1663-1756), Қазыбек  Келдібекұлы (1665-1765) жəне  Əйтеке  Байбекұлы (1682-1766) 



 

377

 

ерекше  бөлек  орын  алады.  Олар  Қазақстанда  ғана  емес,  сонымен  қатар  Ресейде,  Хиуада,  Жоңғария 



мен  Цин  империясында  танымал  болған.[2]  Ел  аузында  Төле  би  туралы  көптеген  тарихи  аңыздар 

сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мəтелдер, билік кесімдер де ел 

арасына  кеңінен  тараған.  Төле  би  есімі  тек  Ұлы  жүзде  ғана  емес,  Орта  жүз  бен  Кіші  жүзде  де  аса 

құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында 

жүргенінің  айғағы.  Бұған  Төле  бидің  замандасы,  тағдырласы  Қаз  дауысты  Қазыбек  бидің  «Төле  би 

дүниеден  өтті»  деген  суық  хабарды  естігенде: «Төле  өлді  дегенше,  дүниеден  əділет  өлді  десейші. 

Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, 

көзіне жас алуы да куəлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген 

бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге жүріп, бір 

бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар болғаны даусыз. 

Төле  би  Əлібекұлы - жастайынан  нақыл  сөздерді  жақсы  біліп,  ақын  атанған.  Тəуке  ханның 

кеңесшісі болып «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан. Уақыт өте келе Төле биге «Төбе 

би» атағы берілді. Қазақ хандығы бөлшектеніп кеткен кезде ол Ұлы жүзді басқарды, бірсыпыра уақыт 

Ташкентті биледі. Ауызша тарлу дəстүрі бойынша Төле бидің толғау, қара сөзбен айтқандары, бата, 

сынау, көңіл айту, нақыл сөз жəне т.б.түрінде азын-аулақ туындылары жеткен. 

Қазыбек  би  Келдібекұлы – жасөспірім  кезінен  алғыр  ақылымен  жəне  ақындық  дарынымен 

ерекшеленіп,  жас  шағынан-ақ  тапқыр  сөздерімен  жəне  əдетті,  шариғатты,  ата-бабалардың 

поэтикалық  мұраларын  білгіштігімен  аты  шыққан.  Халық  арасында  тапқырлығы  мен  біліктілігінің 

арқасында  зор  беделге  ие  болып  хандықтың  ішкі  сыртқы  саясатына  ықпал  жасайды.  Абылайдың 

басқаруы  кезінде  дипломатиялық  өкілдік  те  атқарып,  жоғңғарларға  қарсы  күресті  ұйымдастырған. 

XVIII  ғасырдың 40-жылдарында  Абылай  ханды  жоңғарлардың  тұтқынынан  бостуға  қатысқан  басты 

қайраткерлердің бірі.[3] 

Қазақ қоғамында соғыс болсын, ортақ келісімге уағдаласу, мəмілеге келу болсын, сыртқы һəм 

ішкі  саясатта  болсын,  жер  қорғауда  болсын – ең  қажет  қару – шешеннің  тілі.  Əлбетте,  дарынды 

шешенде 

білгірлік-біліктілік, 

алғырлық-тапқырлық, 

қаһармандық-қайраткерлік, 

зиялылық-

саясаткерлік  сияқты  ұшан-теңіз  табиғи  рухани  қасиет-қабілеттер  мол  болса,  онда  мемлекет  жеңіске 

жетіп, қиындықтан, құлдықтан құтылады. Мерей-мəртебесі, даму дəрежесі жоғары болады. Бұл ретте 

Қаз  дауысты  Қазыбек  бидің  Қазақстанның  саяси-құқықтық  тарихында  айрықша  тұлға  екендігін 

айтуға  болады.  Қазыбек  би – шешендік  сөздерді  тақырыптық  тұрғыдан  байытып,  мазмұндық 

жағынан тереңдетіп қана қоймай, оның көркемдігіне, үйлесімділігне  де ерекше мəн берген, жанрлық 

тұрғыдан  шешендік  толғау,  шешендік  дау,  шешендік  арнау  түрлерін  өз  шығармашылығында 

барынша  дамытқан.  Сондықтан  да  баба  мұрасы – ұрпаққа  ұлағат,  кейінгіге  аманат,  келер  күнмен 

бірге жасайтын рухани асыл қазына. 

Əйтеке  би  Байбекұлы – жұрт  таныған  би  жəне  Кіші  жүздің  жетекшісі  ретінде  Тəуке  хан 

жанындағы кеңеске еніп, Төле бимен, Қазыбек бимен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға, 

мемлекеттік  істерді  даулапды  шешуге  қатысқан.  Жұртқа  мəлім, «Орта  орданың  ең  күшті  иелерінің 

бірі  Барақ  сұлтан  Кіші  орданың  ханы  əбілқайырды  өлтіріп,  өзіне  сот  жүргізу  үшін  бүкіл  қазақ 

халқының 4 биін  таңдап  алған.  Ол  билердің  қатарында  Улкен  ордадан  Төле  би  жəне  Кіші  ордадан 

Əйтеке болған».[4] 

«Қазақ  руларының  басын  біріктіріп  бір  орталыққа  бағындырған  жəне  туысқан  қазақ, 

қарақалпақ,  кырғыз  халыктарын  одақтастырып,  жоңғар-  қалмақ  шапқыншылығына  қарсы  бірыңғай 

халық майданын құрған Тəуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Əйтеке болған. Сайып келгенде, 

Əйтеке — шешендігімен  бірге  кезінде  ел  басқарған,  заң  жасасқан,  феодалдық  қазақ  мемлекетін 

құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері».[5] 

Сонымен XVI-XVIII ғасырлардағы  би-шешендер  шығармашылығы  өз  заманының  жемісі 

болғанжəне ол сол дəуірдің өмір шындығын өзінше бейнелеп, қоғамның талап-тілектеріне сай келген. 

Сол  арқылы  өз  кезеңінің  мəдениеті  мен  əдебиетіне  зор  үлес  қосқан.  Би-шешендердің 

шығармашылығы  сол  кезеңдегі  қоғамды  айқын  бейнелеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны 

қалыптастыруға қосқан үлестері арқылы бүгінгі тағда құнды болып отыр.  

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе // Сбор. соч.в 5-ти т. А., 1981 г., т.1,507 б. 

2. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей А., 1996, 128 б. 

3. Қазақ совет энциклопедиясы 1 том, 399 б. 

4. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе // Сбор. соч.в 5-ти т. А., 1981 г., т.1,517 б. 

5. Созақбаев С. Тəуке хан. Жеті жарғы. – А., 1994, 85 б. 


 

378

 

ƏОЖ 93/94 



 

ОТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕР 

 

Рахымшаева С.Б.  

№197 мектеп, Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы 

E-mail: barshyn_92@mail.ru 

 

Қ.Р  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан 2050» Стратегиялық  бағдарламасында: 



«Жастарды  Қазақстандық  патриотизмге  шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  жұмыс  ретінде 

тəрбиелеу  қажет.  Бүгіннен  бастап  ұлттық  мінез-құлық,  биік  талғамдық,  тəкəппарлық,  тектілік, 

білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» [1], - деп ерекше 

мəн берген болатын. 

«Патриотизм»  грек  тілінен  аударғанда « patriots » - Отандас, «patuo» – Отан,  туған  жер  деген  

мағынаны береді. 

Жас ұрпақты тəрбиелеудің аса маңызды міндеттері:  

-

 



Ұлттық  жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мене  практика негізінде  жеке адамды 

қалыптастыру; 

-

 

Азаматтық  пен  патриотизмге,  елжандылыққа,  өз  Отаны  Қазақстан  Республикасына 



сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға 

қайшы жəне қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тəрбиелеу; 

-

 

Белсенді  азаматтық  ұстамы  бар  жеке  адамды  тəрбиелеу  республиканың  қоғамдық  саяси, 



экономикалық жəне мəдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтарымен міндеттеріне 

саналы көзқарасын қалыптастыру; 

-

 

Отандық  жəне  əлемдік  мəдениетінің  жетістіктеріне  баулу,  қазақ  халқы  мен  басқа 



халықтарының  тарихын,  əдет-ғұрпы  мен  дəстүрлерін  қадірлейтін,  ұлттық  намысты  қорғай  білетін 

адамның ең жоғары қасиеті т.с.с.  

Тарих  пəнінің  мұғалімі  Қ.Р  «Білім  туралы»  Заңындағы  міндеттерді  орындауына  баса  назар 

аударуы керек. 

-

 

Ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде 



жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға; 

-

 



Шығармашылық,  рухани  жəне  дене  мүмкіндіктерін  дамытуға,  адамгершілік  пен  салауатты 

өмір салтының берік негізін қалыптастыруға; 

-

 

Республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық жəне мəдени өміріне белсене қатысуға; 



-

 

Əлемдік жəне Отандық мəдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың 



басқа  да  халықтарының  тарихын,  əдет-ғұрпы  мен  дəстүрін  зерделеуге,  мемлекеттік  тілді,  орыс - 

шетел тілдерін меңгеруге көмектесуі тиіс [2]. 

Тарихты  оқытуда  назар  аударатын  басты  ұстанымның  бірі – білім  мазмұнының  ұлтық  сипат 

алуы. Өйткені, ұлттық тарих ұрпақтар сабақтастығын да, дəстүр сабақтастығын да, қоғамдық ой мен 

тəуелсіздікке  талпыныстағы  сабақтастықты  да  қамтиды.  Тарих  ғылыми  пəн  ретінде  аса  маңызды 

білім  саласына  жатады.  Себебі,  ол  бүкіл  адам  баласының  басынан  өткізген  жағдайын,  тарихи 

тəжірибесін баяндайды.   

Тарих  пəнінің  тəрбиелеушілік  мүмкіндігі  өте  мол.  Тəрбие  мақсаты – Отанын  сүйетін,  нағыз 

еңбекқор,  мемлекет  пен  қоғамға  адал  еңбек  ететін,  заң  нормаларына  бағынатын  Қазақстан 

Республикасының  саналы  азаматы  тұлғасын  қалыптастырып,  дамыту  елдің  қазіргі  даму  кезеңі 

Республика  мұғалімдерінің  алдына  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.  Қоғамды  жетілдіру  жөніндегі 

мемлекеттің  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  қабілетті  жас  ұрпақтарды  тəрбиелеу  мен  қалыптастыруға 

тарих пəнінің міндеті зор. 

Қазақ жерінде тұрып жатқан əрбір ұлттық диаспора өкілі халқымыздың тарихын білумен қоса, 

құрметтеуі  тиіс  жəне  өз  ұлтының  қазақ  жеріне  келу,  өсу,  өркендеу  тарихын  да  білгені  абзал.  Қазақ 

жерінде  тұрып  жатқан  көптеген  халықтар    тағдырдың  тауқыметін  тартып,  сол  кезеңдегі  əр  түрлі 

заман ағымына сай азып-тозып, еріксіз келіп қоныстанды. Сол кезеңде қазақ халқы бауырына басып, 

бір  нанды  бөлісіп  жеп,  үлкен  демеу  көрсетті.  Бұл - нағыз  бауырмашылдыққа,  достыққа  лайықты 

тірлік. Адамшылдықты, жақсылықты, қайырымды көмекті ұмытқан халықтың болашағы жоқ. Осыны 

əрдайым ұмыттырмай отыратын тарих емес пе?  

Мемлекеттік  хатшы  (қазір  РФ  елші)  Марат  Тəжин  Елбасының  «Тарих  толқынындағы  халық» 

деген  атпен  арнайы  тарихи  зерттеу  бағдарламасын  жасауды  тапсырғанына  тоқталып,  бұл 



 

379

 

бағдарламаның  басты  мақсаты : «Алдыңғы  қатарлы  əдістеме  базасы  арқылы  Қазақстандық  тарих 



ғылымына сапалы секіріс жасауға жағдай жасау, қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, 

ұлттың  жаңа  тарихи  дүниетаным  қалыптастыру  Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихының  екі 

онжылдық кезеңін ой елегінен өткізу » [3]. 

Мемлекеттік  хатшы  өз  баяндамасында  тоқталған  жəне  көрсеткен  Елбасының  «Тарих 

толқынындағы  сан  алуан  мəселелердің  барлығы  да  бүгінгі  Қазақстандық  тарих  ғылымдарының 

алдында тұрған өзекті мəселелер болып табылады.  

Қ.Р Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамына қарай  20 қадам» атты тұжырымдамалық мақаласында білім жəне ғылым саласына қатысты 

алдымызда  тұрған  өзекті  мəселелерді  көтеріп  жəне  оны  орындау  жөнінде  тиісті  мемлекеттік 

құрылымдарға тапсырма берді.  

Білім саласындағы Елбасы айтқан өзекті мəселелердің біріне: «Қазақстан тарихы бойынша оқу 

жоспарларын,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  талдаудан  өткізсін,  оқу  орындарында  Қазақстан 

тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын деген нақты 

тапсырмасы жатады» [4]. 

Отан  тарихын  орта  мектептерде,  жоғарғы  оқу  орындарында  оқытудың  сапасын  жақсарту 

жөнінде, оқулықтарда орын алып отырған кемшіліктер жөнінде жəне «Қазақстан тарихын оқытудың 

мазмұны мен пішінін өзгерту » жөніндегі ұсыныс-пікірлер қазіргі уақытқа дейін айтылып келеді.  

Қазақстан тарихы пəні бойынша орта мектеп бітіруші түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін, 

сондай-ақ  жоғары  оқу  орындарының  студенттері  мемлекеттік  емтихан  тапсырады.  Бұл - 

жастарымыздың  білімін  анықтаудағы  үлкен  іс.  Демек,  тарих - əрбір  адамның  өмір  жолы,  жақсыны 

үйреніп, жаманнан жиренетін ұстазы. 

Соған  орай,  Отан  тарихын  оқыту  арқылы  əрбір  жастың  патриоттық  сезімін  ояту,  өз  ұлтының 

өткеніне зер салып, бабалар аманатын орындау болмақ. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. Н.Ə.Назарбаев “Еуразия өркениеттің дамуы жəне қоғамды трансформатизмнің стратегиясы” 

2. Қ.Р Білім туралы Заңы. Алматы, “Атамұра” баспасы, 2007 ж. 

3. Мемлекет басшысының “Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту -  Қазақстан дамуының басты 

бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауы, 2013 жыл. Мемлекеттік хатшы М.Тəжиннің сұхбаты. 

4.  Назарбаев  Н.Ə  Қазақстанның  əлеуметтік  жаңғыртылуы: “Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына 

қарай 20 қадам” Егемен Қазақстан, 10шілде 2012ж. 

 

 

 



УДК 372 

 

МОЛОДЕЖНЫЙ ЖАРГОН В СРЕДСТВАХ МАССОВОЙ ИНФОРМАЦИИ 

 

Смагулова Ш.К., старший преподаватель., Садыкова М., студентка 1 курса  



Алматинский технологический университет, г. Алматы, Республика Казахстан 

E-mail: shk60@mail.ru 

 

На  фоне  унылой  официальной  речи  сленги  привлекают  свежей  метафоричностью, 



раскованностью, а порой и краткостью обозначений.  

Цель данной работы – выявить место молодежного жаргона в средствах массовой информации.

Задачи: выявить место жаргона в системе современного русского языка; рассмотреть языковые 

особенности  сленга;  выяснить  причины  распространения  молодежного  жаргона;  выявить  каким 

образом язык СМИ взаимодействует с молодежным жаргоном. 

Объект  работы – молодежный  жаргон;  предмет  работы – молодежный  жаргон  в  средствах 

массовой информации. 

Издания,  в  языковую  политику  которых  входит  использование  в  публикациях  молодежного 

сленга, можно условно поделить на две основные группы: "говорящие на сленге" и "использующие 

сленг как экспрессивное средство". Подробнее рассмотрим оба типа. 

Первый тип: «говорящие на жаргоне» 

Самые яркие представители этого типа ставят перед собой цель общаться с аудиторией на ее 



 

380

 

языке  (разумеется,  как  они  его  себе  представляют).  При  этом  журналисты  пытаются  перенести  на 



письмо  особенности  разговорного  синтаксиса:  сбивчивость  речи, "рваные"  фразы,  обилие,  в  том 

числе и новомодных, вводных слов ("прикинь"), оценочных конструкций ("отстой", "улет")  

В  этих  изданиях  процент  сленгизмов  в  текстах  довольно  высок.  В  некоторых  материалах  он 

достигает  сорока-пятидесяти.  В  среднем  по  изданию  эта  цифра  равна  приблизительно  восьми 

процентам за счет того, что приглашенные авторы, освещающие серьезные темы, обычно избегают 

строгого следования стилистике газеты.  

 В изданиях, которые "говорят на жаргоне", литературные работники склонны к собственному 

"жаргонотворчеству",  а  также  к  привнесению  на  страницы  издания  слов,  используемых  в  узких 

кругах дружеских компаний.  

Говорящие  на  сленге  печатные  издания  стилистически  и  по  духу  близки  молодежным 

музыкальным  каналам.  Это  заметно  по  темам,  которые  в  них  освещаются,  по  кумирам,  которых 

журналисты преподносят читателю.  

Второй тип: «использующие жаргон как экспрессивное средство». 

К  изданиям  второго  типа  относится  большая  часть  молодежных  СМИ.  Название  группы

отражает  ее  сущность.  Работники  этих  газет  и  журналов  используют  сленгизмы  и  жаргонизмы 

нечасто,  в  качестве  выразительного  приема.  Общая  стилистика  журналистских  текстов  -

нейтральная;  доля  сленгизмов  невысока:  она  составляет  не  более  одного  процента  по  изданию  в 

целом и достигает максимум трех процентов в отдельных материалах. В этих изданиях используются 

преимущественно те сленгизмы, которые близки к просторечию и не имеют оттенка неожиданности 

и новизны. Среди заимствованных из жаргона наркоманов это такие слова, как "кайф", "тормозить" и 

ставшее популярным благодаря переводчику сериалов про Бивиса и Баттхеда слово "отстой". 

В изданиях второго типа нет собственного словотворчества. Их язык не является оригинальной 

визитной карточкой. 

Продемонстрируем  данное  положение  примерами  функционирования  жаргонной  лексики  в 

газетных  текстах.  Данный  материал  был  взят  из  газет: «Комсомольская  правда», «Свобода  слова», 

«Аргументы и факты» и др. 

1. Как заявил на неделе министр индустрии и торговли Владимир Школьник, «администрация 

рынков  уводит  деньги  мимо  госказны,  присваивая  себе  огромные  суммы  теневых  доходов» (В. 

Школьник. – «АиФ». 2008, №15) 

Уводить деньги - жаргонизм, в значение ворует деньги. 

Теневые доходы - жаргонизм, в значение заработок не своим трудом. 

2.  Иногда  газета  имитирует  речь  нашего  современника,  изобилующую  просторечиями  и 

жаргонизмами,  чтобы  привлечь  внимание  к  публикации  и  в  то  же  время  продемонстрировать 

«лексикон»,  доминирующий  в  общении  людей  не  только  в  обиходно-бытовой,  но  и  в  публичной 

сфере. 

Нас уже немного отучили гоняться за дешевизной. (АиФ, 2008 №16) 



Нельзя отказать молодежному сленгу в живости и образности. Молодежные издания, стараясь 

привлечь подростков и юношей, активно используют его в публикациях. К этому можно относиться 

по-разному.  Мы  считаем,  что  крайне  важна  умеренность  и  избирательность  в  употреблении 

молодежного сленга в жизни и в СМИ в частности. Зачастую употребление сленга в языке СМИ в 

качестве  экспрессии  бывает  очень  удачно  и  эффектно.  Но  злоупотребление  сленгом,  а  вернее 

популяризация сленгизмасущественно снижает уровень языка, что особенно недопустимо в печати и 

литературе. 

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 



1.  Береговская  Э.М.  Молодежный  сленг:  формирование  и  функционирование/Вопросы 

языкознания, 1996, №3, с.20-26 

2.  Громов  Д.В.  Сленг  молодежных  субкультур.  Лексическая  структура  и  особенности 

формирования./ Русский язык в научном освещении, 2009, №1, с.228-240 

3.  Матюшенко  Е.В.  Современный  молодежный  сленг:  формирование  и  функционирование, 

автореферат дисс., Москва, 2007, с5 

4.  Полехина  Е.А.  Молодежный  жаргон  как  объект  лингвистического  исследования/Вестник 

Волг.гос.ун-та,2012, №1, с.180-184 

5. Уздинская Е.В. Семантическое своеобразие современного молодежного жаргона/Активные 

процессы в языке и речи, Саратов,1991 



 

381

 

ƏОЖ 94 



 

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ ЖƏНЕ ОНЫҢ БИЛІГІНІҢ НЫҒАЮЫ  

ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР 

 

Алдекен А.С., аға оқытушысы., Сарбасова М. Ж., студент 

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

XVIII  ғасырдың 50-жылдары – XIX ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  орталық  жəне  оңтүстік–



шығыс Қазақстандағы қалыптасқан саяси жағдайға Абылай ханның ықпалы зор болды. Орта жүз бен 

Ұлы  жүздегі  жағдай  аз  уақыт  тұрақталғаннан  кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының  аяғына  қарай 

қайта  шиеленісе  бастады.  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүздің  ресми  ханы  Əбілмəмбет  болып  қалғанына 

қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды сұлтан Абылайдың қолына жинақтала берді. Ол қазақ-

жоңғар  соғыстарының  барысында  қалыптасқан  батырлар  мен  билердің  үлкен  қолдауына  сүйенетін. 

Абылайдың жастайынан билікке араласа бастағанын – Үмбетей жырау Бөгенбай қайтыс болғандағы 

жоқтауында Шарышты жеңген жекпе-жектен кейін Абылай хан болды деп жырлауынан жəне Бұқар 

жыраудың  «Құбылып  шыққан  бəйшешек»  деген    толғауында  Абылайдың  жас  кезінен  билікке 

араласқанын мəлімдеуінен білеміз. [1] 

Абылайдың замандасы Тəтіқара жырау да оның Орта жүзге хан болғанын растайды.[2]  

Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев  «Абылай  ханның  дəуірі»  деген  туындысында  Арыстан  Толыбайұлы 

ақыннан дəйексөз келтіреді, онда Абылайдың  Көкшетауда 48 жыл хан болғаны айтылады.[3]  

Міржақып Дулатов өзінің Абылай деген  еңбегінде де осылай жазды. 

Шəкəрім  өзінің  «Уəлибақының  ұрпағы»  деген  зерттеуінде  Шарышпен  жекпе-жектен  кейін 

Абылайдың  Əбілмəмбет  ханның  шатырына  шақырылғанын  жазды.  Əбілмəмбет  ханның  ұсынуымен 

Абылай Шақшақ Жəнібектің батасын алып, хан деп жарияланады. Оның жорамалдауы бойынша, бұл 

шамамен 1935 жыл  болған.[4]  Қазақ  деректемедерінде  Абылайдың  билікке  келуі  осылайша 

баяндалады.  Қалай  дегенменде  Абылайдың  жастайынан  билікке  араласып,  соғыс  пен  бейбітшілік 

мəселелерін  шешуде  көрнекті  тұлға  болғаны  белгілі.  Сол  арқылы  Абылай  бүкіл  күш-қайратын 

жоғары  билікті  нығайтуға  жəне  Қазақ  хандығын  ұзаққа  созылған  саяси  дағдарыстан  шығаруға 

бағыттады.  Қазақ  руларының  Абылай  төңірегіне  топтасуы  оның  Жоңғарияға  қарсы  белсенді  де 

нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті. 

Қазақ  халқының  аса  көрнекті  ақыны  Мағжан  Жұмабаев  «Батыр  Баянда»  Абылайдың 

саясаткерлігін былай суреттейді: 

«Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ. 

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. 

Артында ор, алдында көр, жан-жағы дау 

Сол кезде елге қроған болған Абылай,  

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап» 

Абылай  дарынды  хан,  аса  ірі  қайраткер,  қолбасшы  болды.  Əбілмəмбет  ханның  тірі  кезінде  қазақ 

халқы  оны  өзінің  қорғаушысы,  көсемі  санады.  Ол  патша  өкіметінің  губернаторларының  ыңғайына 

жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен 

адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. 60-жылдардың аяғына 

қарай Абылай сұлтан Қазақстанның көпшілік бөлігінде  жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен 

Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол əулеттік қыз алысып, қыз берісу 

арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы сұлтан оның одақтастары еді, тіпті 

Нұралы  хан  да  онымен  санасуға  мəжбүр  болды.  Əбілмəмбет  ресми  түрде  жоғарғы  билеуші  болып 

қалғанымен,  сол  кездің  өзінде-ақ  Абылай  ресми  хат  алысқан  хан  атала  бастайды.  Əбілмəмбет  қайтыс 

болғаннан кейін Абылай 1971 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды.[5] Бұл біртұтас тəуелсіз Қазақ 

хандығын сақтауға жасалған соңғы əрекет еді.  

Іс жүзінде бүкіл қазақ халқының ханы деп танылған Абылайдың беделі өлшеусіз өсті. Абылай 

ресми  түрде  Ресейдің  бодандығында  болғанымен,  сыртқы  саяси  акцияларды  ол  егемендігін  сақтап 

қалды.  Жекелеген  қазақ  билеушілерімен  жəне  цин  сарайымен  арадағы  қатынастардың  сипаты 

əдеттегі  елшілік  байланыстар  шеңберінен  шықпады.  Сондықтан  да 1757 жылы  Цянь-лун  қазақ 

қоныстары  цин  əскерлері  жаулап  алған  аумақтың  бөлігі  емес,  ал  билеушілерінің  өздері  жəне  ең 

алдымен Абылай хан империяның бодандары емес деп мойындады.[6] Күрделі əскери-саяси жағдай 

жəне  Жетісу  мен  Шығыс  Алтайдағы  өздерінің  ежелгі    қоныстарын  қайтарып  алуға  жасалған 

əрекеттер  Абылайды,  Əбілмімбетті,  Əбілпейізді  маньчжур  сарайымен  елшілік  қатынастар  жасауға 



 

382

 

жəне  белгілі  бір  дəрежеде  Цин  империясымен  Шығыс  Түркістанға  егемендігін  тануға  итермеледі. 



Қазақ билеушілірімен дипломатиялық əдепті сақтауға Циндік Қытайдың өз əскерлерін азық-түлікпен 

жəне  атпен  жабдықтауда  үнемі  қиыншылық  көруі  айқын  себеп  болды.  Дипломатиялық 

байланыстардың  маңызы  кем  түспейтін  тағы  бір  бөлігі  мынадай:  циндер  қазақ  билеушілерінің 

Ресеймен  экономикалық  жəне  саяси  қатынастарын  тежеу  үшін  оларды  өз  жағына  тартқысы  келді. 

Сонымен  бірге  циндер  тарапынан  саудаға  шектеу  қою  қазақтардың  циндермен  сауда 

қатынастарының  үнемі  тарыла  беруіне,  ал  соның  ізімен  саяси  қатынастардың  да  тартылуына  акеп 

соқты. Қазақстан мен Қытайдың саяси қатынастарында Орта жүз иеліктері көрнекті рөл атқарды, ал 

бұл  негізінен  Қазақстанның  саяси  маңызды  шекаралық  аудандары  еді.  Жоңғар  хандығының 

жойылып,  жоңғарлардың  жойқын  қырғынға  ұшырауы  Цин  империясының  шекарасын  Қазақстанға 

өте  жақындатып  жіберді,  сондықтан  қазақ  билеушілерінің  алдында,  атап  айтқанда  Абылайдың 

алдында қазақ мемлекеттілігін нығайту мəселесі тұрды. Сол кезден бастап Абылайдың қазақ даласын 

саяси  дербестік  негізінде  жайғастыру  жоспарларын  жүзеге  асыру  жөніндегі  нысаналы  қызметі 

өрістеді. Абылай өз иеліктеріне империяның əскери құрамаларын ешбір аттап бастырған жоқ, əскери 

құрамаларға  шапқыншылық  жасап  жүрген  рубасылардың  бетімен  кеткенін  байқамаған  сыңай 

білдіріп,  жаңа  бекіністер  мен  қамалдар  салуға  мүмкіндік  бермейді.  Нақ  сол  уақытта  тұтқындарды 

ықыласпен  алмастырып  отырады  жəне  империяның  вассалы  ретінде  саудаға  бейбіт  шаруашылық 

қызметке жəрдемдесті.  

Тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Болатбек  Нəсеновтың  «Абылай  хан»  атты  кітабы-

нан Абылайдың дана хан болғандығы жəне кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, 

Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысуы сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, 

терең ойшыл қасиеттерінің жəне ақылды дипломат болуының нəтижесі екенін көруге  болады. 

Əрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту 

мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрдік. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. Абылай хан. Тарихи жырлар, т. 4, А., 1993, 41-б  

2. Абылай хан. Тарихи жырлар, т. 4, А., 1993, 67-б  

3. Абылай хан. Тарихи жырлар, т. 4, А., 1993, 304-б  

4. Цинская империя и казахские ханства. Сборник документов и материалов. А., 1989, ч. 2, 171-172 б. 

5. Цинская империя и казахские ханства. Сборник документов и материалов. А., 1989, ч. 2, 101-102 б. 

6. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе Российской империи. А., 1981, 95-б. 

 

 

 



УДК 316.344.24 (476) 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет