Жолбарысты жуасыту



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#6932
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

16 тарау
 
Түрме шіркеуі кездесу үшін қашан да жақсы орын еді. Тұтқындар онда 
камераларынан шығуларына мүмкіндік беретіні үшін баратын. Англикандық шіркеудің 
діни қызметкері Інжілді уағыздауда онша ынталылық таныта қоймайтын. Оның түрмеде 
қызмет етіп келе жатқанына көптеген жылдар болған және бұл жұмыс ол үшін тым іш 
пыстырарлық іске айналған. Әр күні кешкісін ол сыртқы дүниеге қайтып оралатын, бірақ 
камераларда отырған біз секілді ол да тұтқын болатын. Менің Мәсіх жайындағы 
куәліктерім, әрине, оған ұнамайтын, бірақ соған қарамастан ол маған кедергі жасамайтын. 
 
Тұтқындар біртіндеп Құдайға бет бұра бастады. Біз күн сайын түрме шіркеуіне 
жиналып әңгімелесіп жүрдік. Киелі кітапты оқып, мінажат еттік. Біздің 
жиналыстарымызға әуестіктің жетегіне ерген адамдар жиі келетін. Сымбатты жас жігіт 
Бислей солардың бірі болатын. Ол нашақор болатын, өмірінің басым бөлігін түрмелерде 
өткізген. «Еркіндікте мен не жоғалтыппын?» – деді ол маған бірде. Түрмеден босап шығар 
кезі таяған кезде ол міндетті түрде бір нәрсені бүлдіріп, қайтадан сотталуға тырысады 
екен. «Бұл жер менің үйім, – деп түсіндірді ол маған. – Еркіндікте өмір сүру қиын. Онда 
мен ешкімге керек емеспін. Тұратын жер, жұмыс іздеу керек. Маған оның қажеті қанша? 

149 
 
Ал бұл жерде мен мен тым болмағанда үш мезгіл тамақ ішемін, бұған қоса, достарым да 
осында». Түрмеде дәл осы Бислей секілділер тым көп болатын. 
 
Мысалы, Құрт ауру деген лақап аты бар тағы бір тұтқын бар. Ол үнемі түрме 
шіркеуінің маңын айналшықтап жүретін. Еркіндікте ол ұлт қаһарманы болды. Қоршаған 
ортаны таза ұстау үшін аянбай күрес жүргізген оның суреттері газет беттерінен түспейтін. 
Ал темір тордың арғы жағында ол әдеттегі жолы болмағандардың бірі болып көрінетін. 
Жасыл желектер мен жайылымдардың сақталуы Баллингдондегілерді онша қызықтыра 
бермейтін. Құрт ауру пұтқа табынушылыққа қатты еліктейтін және шіркеуде өзінің 
«абыз» әйелімен жиі кездесіп тұратын. Әлгі әйел тіпті діни қызметкердің басын 
айнадырып, ол әйелге Англикандық шіркеу рәсімі бойынша оның құлшылық қызметінің 
бір бөлігін жүргізуге ерік беретін. Бұл менің ашуымды келтіретін еді. Бірақ мен тек 
мінажат еткеннен өзге ештеңе істей алмайтын едім. Сөйтіп, шынымен де бұған Құдай 
араласты. Не себеп болғаны белгісіз, әйтеуір «абыз» әйелге онымен кездесуге тиым 
салынды. 
 
Бірде Құрт ауру менің камерама баса-көктей кіріп келді. Мені әдейілеп итеріп 
жіберген ол былай деді:
 

 
Ей, мен сен және сенің сектанттық мылжыңдарың жайлы естідім. Менің 
құрбымды сенің кесіріңнен қуып жіберді. Тоқтай тұр! Мен саған көрсетемін.
 
Мен шалт қимылмен оның қолын иығымнан қағып жібердім.   Ол менен бір шама 
ұзын болатын, сондықтан орнымнан тұрған кезімде менің көздерім оның мұрнының дәл 
астына келді. 
 

 
Енді мені тыңда, – дедім. – Ойыңа алғанды істе. Егер мұны дәл қазір істеуді 
қалайтын болсаң, онда мен теріс айналып тұрайын, сонда сен маған соққы 
жасай аласың, – дедім оған тура қарап. – Бірақ біліп қой, не істесең де мен сені 
кешіремін. Мен сені Иса Мәсіхтің атымен жақсы көремін. Мен саған ешқандай 
жамандық ойламаймын, ал сен қалағаныңды істе. 
 
Ол маған қадала қарап, үнсіз тұр. Келесі сәтте не болатынын біздің ешқайсымыз 
білмейтін едік. Ақыры ол боқтап жіберді де, камерадан шығып кетті. 
 
Алты айдан кейін менің түрмеден босап шығатын уақытымның жақындап 
қалғанын хабарлады. Мен өзімді алда не күтіп тұрғанын білмейтін едім, бірақ бұл жерде 
Құдай маған көптеген тамаша сабақтар берді. Енді мен басқа адам едім. Сара да рухани 
өсе түсті. Ол Құдайға көбірек сене бастады және дәл мен секілді уақытының көбін 
мінажатта өткізе бастады. Сара мен Этанның өмірлері оңай емес еді, бірақ оның Исаға 
деген сүйіспеншілігі туралы қалай қызбалана айқанын естіген кезде мен қуанып қалдым. 
 
2002-жылдың 12-ақпанында түрмеден босаған кезіме қарай мен біраз ақша жинаған 
едім. Кетер алдында менің көптеген айларды бірге өткізген достарыма тосынсый жасағым 
келді. Мен осында күнде келетіндер мен бірнеше жаңа адамдар жиналып отырған түрме 
шіркеуіне келдім. 
 

 
Бағушы, сөмкеңдегі не? – деп сұрады маған осы атты берген Сэм Пол. Мен 
сөмкемнің аузын ашып, ішіндегі «Марс» шоколадтарын үстел үсіне төктім. 
 

 
Егер бір-бірден алса, олар бәріне жетеді, – дедім мен у-шу мен күлкіні баса 
дауыстап. Шоколад түрмеде өте үлкен сұранысқа ие болатын, әсіресе түрмеде 
алған ақшаларының бәрін шылым сатып алуға жұмсайтындар үшін.
 

 
Тыңдаңдар, жігіттер, бүгін менің бұл жердегі соңғы күнім. Өздерің білетіндей, 
мен шылым шекпеймін, сондықтан сендерге жағымды бір нәрсе сыйлау үшін 

150 
 
азын-аулақ ақша жинаған едім. Осы арқылы менің: «Сендерге Құдай жар 
болсын», – дегім келеді. 
 
Шоколадтың бәріне жеткенін тексеру үшін залдың ішін аралап шықтым. Олардың 
арасынан Құрт ауруды да көрген кезде қуанып қалдым. Мәсіхшілер дәстүрі бойынша біз 
дөңгелене тұрып, бір-бірімізге батамызды бердік:
 
Лайым Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухпен 
қарым-қатынастарымыз бәрімізде бола берсін! Аумин.
 
Біз дөңгеленіп тұрған кезімізде мен айналама көз тастадым. Кейінгі айларда 
өмірлері түбегейлі өзгерген тұтқындардың көпшілігі осында екен. Құрт ауруы да қатарда 
тұр. Ол бізбен бірге мінажат еткен жоқ, бірақ та күлімдеп тұр. Содан соң ол қоштасу үшін 
жаныма келді.
 

 
Бәрі жақсы, бауырым, – деді ол қолымнан ұстап. 
 

 
Құдай саған жар болсын, – деп күлімсіредім мен оның қолын қысып. 
 
Түрмеден босап шыққаннан кейін де Құрт ауруға және көптеген өзге тұтқындарға 
хат жазуымды тоқтатқан жоқпын. Жауап хаттар өте көп келетін, сондықтан бұл енді менің 
қызметіме айналды: мен Баллингдондегі көптеген тұтқындармен байланыс жасап, оларға 
қолдау көрсетіп тұрамын. Олардың кейбірі еркіндікке шықты, екіншілері басқа 
түрмелерге ауысып кетті, бірақ мен мүмкіндігінше оларға барып тұруға тырыстым. 
 
Алты ай ішінде Баллингдон түрмесі өмірлерін өзгерткен адамдардың арасында 
менен артық өзгерген адам, сірә, жоқ шығар. Қайғылы оқиға болған уақыттан бергі 
өміріме көз сала отырып, мен Құдайдың өзімді рухани айдала арқылы өткізгенін түсіндім. 
Себебі Ол менімен қажетті жұмысты тек сонда ғана істеді. Менің өз-өзіме сенімділігім 
мен шамадан тыс құлшынысыма Ол тек сонда ғана қарсы тұрды. Ол маған тек сонда ғана 
тізе бүккізіп, мойынсұнуға үйретті. Бұл сабақты алу маған аса қажет еді.
 
Киелі кітапты зерттей отырып, мен Құдай таңдап алған көптеген адамдардың 
рухани айдалада сынақтан өткендерін түсіндім. Олардың кейбірін Құдай нағыз шөл дала 
арқылы өткізді. Мұса бастаған исраилдіктер құлдықтан таң қаларлық жолмен азат 
болғаннан кейін қырық жыл бойы шөл далада жүрді. Мен олар туралы Заңдарды қайталау 
кітабының сегізінші тарауынан оқып шығып, мына негізгі аятты бөлек алып қарадым:
 
Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген 
жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы 
ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін 
түрлі сынақтардан өткізді...
 
Мен исрайлдіктердің маған ұқсап үздіксіз күнә жасағандарын түсіндім. Құдайдың 
көптеген кереметтерін көргендеріне қарамастан олар Құдаймен жасаған келісімдерін 
бұзды. Бірақ соған қарамастан Құдай оларды жақсы көрді. Әрі қарай оқыған мен оларға 
Құдайдың су, азық және тозбайтын аяқ киім мен киімдер беріп отырғанына таңдандым. 
Бүлікшіл бұл халыққа қатысты Құдайдың Өз жоспары болды. Тіпті Құдай олармен 
сөйлесті де, сөйтіп олар жаңа аян – Он өсиетті алды.
 
Киелі кітапты әрі қарай парақтаған мен маңызды деген оқиғалардың бәрінің 
айдалада өткенін байқадым. Жазбаны бүтіндей зерттеп шығып, айдаланы білдіретін еврей 
сөздерінің бірінің «Құдай сөйлетін орын» деп аударылатынын білгенде қатты қайран 
қалдым. 
 
Менің Құдайды барынша тереңірек танығым келді. Мен Жақия Шомылдырушыны 
«айдалада жар салған» деп атағанын білетінмін. Осы ұлы пайғамбардың мінез-құлқын 

151 
 
зерттей келе өзім үшін көп нәрселерді аштым. Құдайдың менің қандай болғанымды 
қалайтынын түсіне бастадым. Адами өлшеммен алып қарағанда Жақия пайғамбардың 
қызметі табысты болды. Оның уағызы әсер еткен көптеген адамдар шомылдыру рәсімінен 
өтуге кезекке тұрды. Мен Жақия Шомылдырушы секілді ізгі хабар таратушы болуды 
армандадым. Бірақ Жақия өзінің уағыздарының мәндік тұғыры өзі емес екенін түсінді. Ол 
келе жатқан Құтқарушыға жол дайындауға тиіс болды. Жоған жазған ізгі хабарды оқып 
отырып, үшінші тараудағы отызыншы аятқа назар аудардым. Онда Жақия Шомылдырушы 
Иса туралы былай дейді: «Мәсіхтің беделі артуға, ал менікі төмендеуге тиіс». 
 
Киелі Жазбадағы осы орын туралы көбірек ойланған сайын мен шаттана түстім. 
Тіпті Исаның Өзінің Киелі Рухтың жетегімен айдалаға барғаны туралы оқыдым. Ол сонда 
қырық күн, қырық түн болған, үш рет шайтанның азғыруына тап болды. Көптеген 
киелікітаптық кейіпкерлерден айырмашылығы, Иса Өзінің Әкесіне қашан да құлақ асты. 
Ол осы дүниенің барша азғыруларына төтеп берді. «Ұқсауға тырысуға болатын ең жақсы 
үлгі – Иса!» – деп шештім мен. 
 
Баллингдонде Киелі кітапты зерттеуге Иса Мәсіхті тануға мүмкіндігім болған 
уақыттарымды ризашылықпен еске аламын. Айдалада шайтанның азғыруымен күресте 
рухани күшін көрсеткен Иса Мәсіх мойынсұнудың кіршіксіз үлгісі болып қала берді. 
Бүкіл адамзаттың күнәларын Өзінің иығына артқан Ол бәріміз үшін Ғолғота айқышында 
қаза болды. Пайғамбарлардың Ол туралы не айтқандарын білу үшін Көне Өсиетті 
ақтардым. Жиырма бірінші зәбүрден Исаның Өзі туралы пайғамбарлық сөзді таптым. 
Жетінші аят кун-фу ұрыс өнері мен жануарлар жайлы бұрынғы түсінігімді есіме түсірді. 
«Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын», – дейді Дәуіт. Жыланның стиліне қалай 
үйренгенімді есіме алдым. Жылан басын көтеріп, соққыны қайтарады да, ысылдап, қарсы 
шабуыл жасайды. Бұл адам «менінің» шынайы бейнесі. Ал құрт болса, керісінше, 
ешқандай қарсылық көрсетпейді. Ол өзімен қалағанның бәрін жасауға ерік береді. Сен 
оны аяғыңмен тебе немесе жаншып тастай аласың. Шынайы мойынсұнудың үлгісі 
осындай!
 
Осы бейне туралы ойланып көп отырдым. Әлемнің Жаратушысы, Құдай Ұлы Иса 
мен және мен секілді адамдарға бола Өзін құрт секілді жаншығанды қалады. Енді Ол үшін 
мен бұдан әлдеқайда ауыр қасіретті бастан өткеруге тиіс емеспін бе? Иса барлық жағынан 
кіршіксіз, мінсіз мәсіхшіні іздеген жоқ. Бірақ мен дәл сондай болуды армандадым. Осы 
дүниеде тіршілік ететін барша адамдар секілді, мен де азғырудың торына түстім, жақсы 
жұмыс іздедім, жақсы көлігімнің, жалпы, бәрінің жақсы болғанын қаладым. Тұқым себуші 
туралы астарлы әңгімедегі Исаның сөздерін есіме алдым: «...алайда бұ дүниелік тұрмыс 
қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Өзге нәрселерге деген құмарлықтар да 
бойларына сіңеді. Сондықтан Ізгі хабар оларда ескерусіз қалып тұншығып, өнім 
бермейді» (Марқа 4:19). Жақсы үйіңнің, әдемі заттарыңның болғаны күнә емес қой деп 
ойлайтынмын мен. Бірақ енді Исаның осының бәріне қалай қарайтынын көрдім. 
Тоқшылық өмірдің өмірлік мақсатыма қалай айналғанын өзім де байқамай қалдым. Менің 
рухани діңгегім осылай қозғалып кетті. Мен Құдайды емес, осы дүниелік нәрселерді 
іздедім.
 
Құдайға бет бұрған алғашқы күндерімнен бастап елші Пауылдың өмірін зерттей 
бастаған болатынмын. Мен ол адамға көп жағынан ұқсас едім. Мен секілді, Пауыл да 
үлкен күнәһар болды. Мен сияқты Исаны ол да адам сенгісіз жағдайда кездестірді. Мен 
секілді ол да түрмеге жабылды. Пауыл өзі туралы былай деп жазады: «Біз үшін де мінажат 

152 
 
етіңдер: Құдай өз хабарын уағыздауымызға жол аша көрсін, осылай Мәсіх туралы 
құпияны жариялай алайық. Сол үшін де бұғауда отырмын» (Қолос. 4:3). Түрмеде отырған 
кезімде көп ойландым. Түрме терезесінен ішкі аулада серуендеп жүрген тұтқындар 
көрініп тұратын. Олардың кейбірі жасаған қылмыстарын айтып мақтанады. Ал екіншілері 
мен секілді өкініп, ұялады. Қалай дегенде де, олардың барлығы өз күнәһарлықтарының 
бұғауында еді. Мен олардың Иса Мәсіхтің құтқарушы рақымын танығандарын сондай 
қалайтын едім. 
 
Басыма келген ойларды көбіне қағазға түртіп алатынмын, ал кейде Киелі Жазбаны 
оқып отырып қарындашпен бір нәрселерді сызып отыратынмын. Қойындәптеріме көз 
салып, өзім де байқамай кантон иероглифтерін жазып қойғанымды байқадым. Қытайша 
«әділдік» және «тоқты» деп жазып қойғанымды көріп күлімсіреп қойдым. Жохан жазған 
Ізгі хабарда Иса туралы: «Мынау – Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол 
адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды» – делінген (Жохан 1:29). 
Құдай Мәсіхке сенім артқан күнәһарларға ұсынатын әділдіктің қандай жарқын белгісі 
десеңізші!
 
Баллингдон түрмесінде отырған кезімде мен Құдайдан болашақ жолымды 
көрсетуін сұрадым. Маған көп нәрсенің қамын жасау қажет еді. Мені Сарамен және 
Этанмен қарым-қатынасым қалай өрбиді деген ой мазалайтын. Сара күйеусіз өмір сүріп 
үйренді. Этан мені – туған әкесін ешқашан білген емес. Мен олардың өмір ағымдарына 
сіңе аламын ба? Сара бізге үй тауып қойған болатын, бірақ тіршілік етуге қажетті қаражат 
табу үшін менің әлі жұмысқа орналасуым керек еді. Ал түрмеден шыққан адамның жұмыс 
таба қоюы өте қиын шаруа.
 
Бәрінен бұрын мен алдыма – Баллингдон түрмесіне түсер алдындағыдай мәсіхші 
болмаймын деген мақсат қойдым. Мен Құдайдан Ол үшін еңбек етуімді жалғастыруыма, 
Ол туралы куәлік етіп, ізгі хабар таратуыма күш беруін сұрадым. Бұл жолы бәрі мүлде 
басқаша болуы тиіс. «Жаратушы Ием, өтінемін, айналамды Өзіңнің алдыңда мойынсұнып 
жүруіме көмектесе алатын адамдарға толтыршы», – деп мінажат еттім. 
 
Құдай менің мінажаттарыма жауап берді және бергенде де олардың әрқайсысына 
өз уақытында жауап берді. Еркіндікке шыққаныма екінші күн болғанда Сара өзін мен 
үнемі жанында болғандай, түрме деген мүлде болмағандай сезінетінін айтты. Ол қалай 
өзгерген десеңші! Құдай оны тәубесіне келтіріпті. Үйдің бар жерінде Киелі кітап аяттары 
жазылған парақшалар ілулі тұр. Этан маған тез үйір болып алды. Екеуміз көп ойнаймыз. 
Ол «Әке!» – деп айқайлап, маған қарай тұра жүгірген кезде сезінетін қуанышымды айтып 
жеткізе алмаймын. Менің одан көп нәрсені үйренуіме тура келді.
 
Бостандыққа шыққаныма бір апта болғанда бір мейрамханаға даяшы болып 
жұмысқа орналастым. Мейрамхана директорынан ештеңе жасырмай, соңғы алты айды 
түрмеде өткізіп келгенімді айттым. Ол соған қарамастан мені жұмысқа қуана қабылдады. 
Жалақы, әрине, аз болды, бірақ мен жұмысқа күн сайын күлімдеп келетінмін. Менің Мәсіх 
туралы куәлігім осы күлімсіреуім еді. Мен қайтадан қуанышқа кенелдім. Құдайдың маған 
екінші мүмкіндік беріп тұрғанын түсіндім және бұл маған шабыт берді. Өзімнің 
бүлдіретін күшімді пайдалану сезімі жоғалып, Исаның бойымда жаңа нәрселерді ашып 
жатқанын сезіндім. Мен өздерінде бәрі жақсы сияқты болып көрінетін адамдардың бет 
перделерінің артынан олардың шынайы жүздерін көре білуді үйрендім. Айналамда 
бақытсыз күнәһарлардың көптігі сондай, олардың бәріне Иса туралы айтқым келетін. 
Автобуста немесе мейрамханада мен бейтаныс адамдарды жиі әңгімеге тартатынмын. 

153 
 
Сырттан қарағанда бұл әрекетім бір түрлі ерсі болып көрінуі мүмкін еді, бірақ мен үшін 
мұның ешқандай маңызы жоқ болатын. Мен Құдайдың көңілін көп қалдырдым, бірақ Ол 
мен үшін ешқашан ұялған жоқ, сонда мен Ол үшін қалай ұялуға тиіспін?
 
Осылайша, мен барлық жерде Иса жайында батыл куәлік айттым. Сонымен қатар 
Құдай маған әрбір адамның жүрегіне жол табудың өз жолы бар екенін көрсетті. Маған 
кезіккен адамдардың барлығы бірдей уағыз тыңдауға құмар емес еді. Олардың біреулері 
менің өздеріне жай ғана күлімсірей қарағанымды қаласа, екіншілері – оларды мұқият 
тыңдағанды қалайтын. Кейде мен сұхбаттасушыма қандай да бір мәсіхшілік жайлы 
кітапты немесе өзімнің Құдайға қалай бет бұрғаным жайында баяндалатын шағын 
кітапшамды ұсынатынмын. Мен ол кітапшаларды адамдарға тарату үшін арнайы 
даярлаған едім. Онда менің телефон нөмірім мен қажет болған жағдайда менімен 
хабарласу туралы өтініш жазылған. Осы өтініш бойынша маған: «Мен бүгін сізбен 
автобус ішінде сөйлескен едім...» немесе Бірнеше апта бұрын әмбебап дүкенінде танысқан 
едік...» деген секілді өте көп қоңыраулар келетін. Олардың арасында мәсіхшіл ортада 
өскендер де, бір кезде Құдайға бет бұрып, бірақ кейіннен Одан алшақтап кеткендер де 
кездесетін. Өздеріне Құдай туралы түсінікті тілде айтып беретін ешкімді жолықтырмаған 
адамдар да болды. Олардың көпшілігі маған тек ойларын ақтарып, өз уайымдарымен 
бөлісу үшін ғана қоңырау шалатын. 
 
Бұл арада мен Ли-Роудтағы баптистік қауымымызда қызмет атқара бастадым. 
Бауырлар мен әпке-қарындастар Баллингдон түрмесінде отырған кезімде маған және 
Сараға үлкен қолдау көрсеткен болатын. Енді олар мені түрмеден босанып шыққаннан 
кейін де сүйіспеншілікпен қабылдады. Менің бірден қауым жұмысына араласып кеткім 
келді, бірақ Құдайдың нұсқауын күттім. Баллингдон түрмесінен босап шығарымның 
алдында Елшілердің істері кітабының бір тарауы маған қатты әсер еткен болатын. Иса 
қайтадан тіріліп, өздеріне көрінген кезде шәкірттер Оның жоспарын білмек болып 
сұраулар қояды. Ал Ол болса шәкірттеріне Әке уәде еткен нәрсені алғанша Иерусалимде 
қала беруді бұйырады. Құдай маған да дәл осыны бұйырды – «уәде етілгенді өз 
уақытында күт».
 
Бағушы Стивен Хембери маған түсіністікпен қарады және мені үнемі жылы 
қабылдайтын. Ол менің жастармен жұмыс істеуде тәжірибемнің бар екенін білетін, 
жергілікті жасөспірімдермен және жастар мен жұмыстағы белсенділігімді қолдайтын. Ол 
мені қауымда өзімнің Құдайға қалай бет бұрғаным жайлы куәлік айтуға шақырды. Менің 
көп нәрселер туралы айтқым келді, сондықтан сөзімді екі бөлікке бөлдім. Өзімнің куәлік-
уағызымның екінші бөлігін мен арада шамамен жарты жыл өткенде айттым. Адамдар 
менің екі уағызымды да үлкен ынтамен тыңдады. Менің балалық, жастық жағым және 
Құдаймен кездесуім туралы әңгімем бәрін таңдандырды. Бұл адамдардың ішінде кун-
фуды білетіндер және зорлық-зомбылықты көргендердің бар екені белгісіз болатын, бірақ 
маңыздысы басқа еді – өмірімде алғаш рет менің әңгімем Иса Мәсіхтің шынайы екендігіне 
кейбір тыңдаушылардың көздерін жеткізді. Мен үшін сол күн үлкен мереке болды. 
 
Бірақ екінші әңгімемнен кейінгі адамдардың әрекеттері одан да таңданарлық 
болды. Біздің жиналыстағы адамдардың көпшілігі мәсіхші болғандарына көп уақыт 
болғандар еді. Олардың кейбіреулері сол бір бақытсыз оқиғалардың торына дәл мен 
секілді түскен. Құдайдың алдындағы өмірлерінде бұл адамдар даңғыл да ыңғайлы жолды 
іздеді. Олар Исаға деген сүйіспеншіліктерін жоғалтты және маңайындағыларға Ол туралы 
айтуды доғарды. Алдымда отырған адамдардың көпшілігі адал, қайырымды адамдар 

154 
 
болатын. Мұны мен жақсы түсіндім. Олар өз қауымдары үшін аянбай еңбек етеді және 
бір-бірлерін шын жүректерімен жақсы көреді. 
 

 
Бірақ сіздер Құдайдың еркін орындауға шын мәнінде ұмтыласыздар ма? – деп 
сұрадым мен олардан. – Әлде, сіздер Құдайға тек өздеріңізге және өз 
күштеріңізге ғана үміт артып қызмет етіп, мен жүрген жолмен жүріп келесіздер 
ме? 
 
Осы жерде мен елші Пауылдың Ғалаттықтарға жолдауындағы: «... өзім бұдан 
былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде...» (Ғалат. 2:20), – 
деген сөздеріне баса назар аудардым. 
 

 
Мен өзімнің тәкаппар «менімді» тұншықтармайынша, Исаның менде өмір 
сүріп, Өзін мен арқылы көрсете алмайтынын түсіндім. Өзін-өзі жақсы 
көрушілік, бірбеткейлік қашан да өзін ақтайтын сылтау табады және өз 
жолымен жүруді қатты қалайтын адам шындыққа қарсыласып өзінің даңқы 
шыққанын армандайды. Құдайдың алдында мойынсұнып, өз күнәларыңызды 
мойындамайынша және өздеріңзді толықтай Оған арнамайынша Ол сіздердің 
өмірлеріңізге ешқашан енбейді және Өз еркін сіздер арқылы орындамайды. 
Сіздер Онымен болатын толық қанды өмір мен қуанышты ешқашан сезіне 
алмайсыздар, сіздер тек өзімшіл тілектеріңіздің болмашы қуанышын қанағат 
тұтасыздар. 
 
Қауымда құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады. Осында жиналғандардың мұны 
жақсы түсінетіндерін білгендіктен, мен өзімнің «айдаладағы» тәжірибем туралы әңгімемді 
жалғастырдым. Өзіңді жалғыз, жұртта қалған адам секілді сезіну үшін темір тордың арғы 
жағында отырудың қажеті жоқ. Өзім туралы айту арқылы мен оларға жігер бере алдым.
 

 
Кейде Құдай Өзінің балаларымен айдалада сөйлеседі. Бәрі біткен сияқты болып 
көрінген кезде Оның айдаладан сізді шақырып жатқан ақырын дауысын естуге 
болады. Сынақтардан қорықпаңыздар, – дедім мен оларға. – Қайғы-қасіретке 
душар болған кезде оларды өздеріңздің Құдайға деген сенімдеріңіз бен 
мойынсұнуларыңызды көрсетудің мүмкіндігі ретінде қабылдаңыздар. 
Абыржымаңыздар! Құдайдың өздеріңізді сүйетіні және қамдарыңызды 
ойлайтыны естеріңізде болсын. Оған сеніңіздер. Ол не істейтінін біледі. Ізгі де 
кемелді еркін түсіну үшін Оның дауысына құлақ асыңыздар. 
 
Уағыз аяқталған кезде жиналғандардың көбі жылап тұрды. Мен де жыладым. 
Маған бір жасамыс әйел жақындап келді. Оның жүзі Исаға деген сүйіспеншіліктен 
жарқырап тұрды. Әйел маған уағызым үшін алғысын айтты және мені былай деп 
сақтандырды:
 

 
Сен айдалада ұзақ та ауыр жолдан өттің. Бірақ та Құдай сені қайтадан сонда 
апармайды деп ойлама. 
 
Мен селк ете қалдым. Бұл өте күтпеген нәрсе еді. 
 

 
Сергек жүріп, Оған жақын бол, – деді ол.
 
Мен оның осы сөздерін жадыма жазып алдым. Осыны есімде ұстап, күн сайын өзімді 
Исаға арнаймын және Оның мендегі жұмысының жаңа басталғанын білемін.
 
Соңғы бірнеше жылда мен өзімнің басымнан өткен оқиғаларымды қауымдарда, 
мектептерде, қарттар үйлерінде, көшеде, түрмелерде, спорт залдарында және 
Ұлыбританияның басқа да көптеген орындарында айтып келемін. Құдай менің 
мінажаттарыма жауап беруін және Ізгі хабар айтуыма шабыт беруін тоқтатқан жоқ.
 

155 
 
Менің басымнан өткен оқиға – бұл тағдыр талқысына түскен адамды Құдайдың қалай 
сауықтыратыны, Оның күнаһарды қалай кешіріп, оны қуаныш пен пен болашаққа деген 
үмітке қалай кенелтетіні жайындағы куәлік. Сіздің осы кітапты оқып шығып, өзіңіз 
туралы осылай деп айта алуыңызды Құдайдан тілеймін. 
 
 
 
 
Соңғы сөз
 
(Авторлар жайында)
 
2003-жылы Тони Энтони беделді адамдардың көмегімен «Аванти» деп аталатын 
жауапкершілігі шектеулі қоғам құрды. Аванти итальян тілінен аударғанда «жүру, 
адымдау» дегенді білдіреді. Сондықтан бұл қоғамның Иса Мәсіхтің:
 
Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, 
рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер,
 
әрі 
сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл 
дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» 
Аумин (Матай 28:19-20), – деген ұлы өсиетіне жауап береді
 
«Аванти» қоғамы жергілікті қауымдапрмен бірлесіп Иса Мәсіх туралы Ізгі хабар тарату 
үшін құрылды. 
 
2004-жылдың басында Тони өзін бүтіндей ізгі хабар тарату жұмысына арнады және қазір 
тек уағыз жүргізу жұмысымен айналысады. Ол мектептерде, түрмелерде, мүгедектер 
үйлерінде, кинотеатрларда және көшелерде уағыз айтады. Ол өзі туралы әңгімелейді, өз 
отанында және шет елдерде Құдай туралы Ізгі хабар таратады. Өзінің сенімді 
көмекшілерінің көмегімен жастар жиналыстарын, отбасылық мерекелерді және түрлі 
уағыз шараларын өткізеді. «Аванти» қоғамы жергілікті қауымдарға айырықша мән береді, 
себебі адамдарға солардың көмегімен табысты уағыз айтуға болады. Тони Энтонидің тобы 
болашақ ізгі хабар таратушыларды даярлайды және қауымдардың дамып жетілулеріне 
көмектеседі. 
 
Тони Баллингдон және Ұлыбританияның басқа да түрмелеріндегі тұтқындарға қолдау 
көрсетеді. Олар Сара екеуі бұрынғысынша Эссексте тұрады. Этан және Джейкоб атты екі 
ұлдары бар. 
 
Анджела Литтл кітап жазумен айналысады. Бұрын «Премьер» журналының редакторы 
болған ол «Authentic Media», «Hodder және Stoughton» баспалары шығарған көптеген 
кітаптардың жазылуына атсалысты. Қазір күйеуі Фил және ұлы Самюэелмен бірге 
Нортхемптонширде тұрады. 
 
«Аванти» қоғамы жайында қосымша мәліметтер алу үшін «www avantiministries com» 
сайтына кіріңіз немесе toni@avantiministries электронды поштасы арқылы Тони Энтонидің 
өзімен тікелей байланысқа шығыңыз.                 
 
   
 
  
 
             
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет