Жолбарысты жуасыту



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#6932
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

9-тарау
 
Ештеңе ойлап жатпастан барып есікті ашып қалған кезімде тапаншаның ұңғысы 
келіп маңдайыма тақалды. 
 

 
Тоқта, орныңнан қозғалма!
 
Дәрігерлік көмек алуыма көмектескен полиция офицерін көргенде есімді дереу 
жидым. 
 

 
Сен не істедің, Тони? Неге қашып кеттің? – деп сұрады ол. 
 

72 
 
Ол жалғыз секілді. Сірә, полициядағылар мені бірден өз пәтеріме келеді деп 
күтпесе керек. Тағы да қашып кету қиын емес еді, бірақ мен жай ғана оған шаршаулы 
жүзбен қарап тұра бердім. 
 

 
Ондағылар мені ұрып-соғады деп айттым ғой.
 

 
Сені ұстап апаруға міндетті екенімді түсінесің ғой?
 
Оның дауысы өте жұмсақ шықты және ол кісенді де бір түрлі, батылсыздау түрмен 
ұсынды.
 

 
Егер қашатын болсаң, атып тастаймын, – деді ол жайбарақат үнмен.
 
Мен қолдарымды алға создым да, ол білектеріме кісенді салды.
 

 
Сізден тек өтінерім, ұрып-соғуға тоқтау салыңыз және елшіліктен біреуді 
шақыртыңыз...
 

 
Не істеуге болатынын ойланып көреміз, – деді ол мені көлікке қарай әкеле 
жатып. 
 
Оның бұл уәдесін орындағанын кейін білдім. Әлгі семіз офицердің көмекшілерінің 
біразын жұмыстан қуды. Бірақ бұл бірден болған жоқ, сондықтан өзіме таныс он сағатқа 
созылатын азаптау алғашқы түні-ақ қайталанды. Алдымен семіз офицер кіріп,  бөлме 
ішімен асықпай әрі-бере жүре бастады. 
 

 
Сонымен, Энтони мырза, менің қол астыма қайтып оралдыңыз. Өтінемін, 
уайымдамаңыз. Бұл жолы біз сізге жақсы қарайтын боламыз. – Сөйтті де ол 
бетімнен шапалақпен тартып қалды. – Енді жауап беруге дайын боларсыз деп 
үміттенемін. 
 
Мен үндеген жоқпын. Ұрып-соғу қайта басталды. Табанымнан ұрған жоқ, бірақ 
қолдарына не түссе, сонымен төмпештеді, содан соң шашымнан ұстап, еденің үстімен әрі-
бері сүйреді. Айызы қанғанша қинап болғаннан кейін мені орындыққа отырғызды да, 
шылым ұсынды. Мен теріс айналдым. 
 

 
Болды ғой, қойсаңшы. Мен есті адаммын, менімен келісуге болады, – деді 
кезекші офицер грек тілінде. Содан соң шылым тұтатып алды да, оны менің 
аузыма тықты. Мен оны түкіріп тастадым. Таяқтау тағы да басталды.
 
Ақыры мен оның айтқандарына көнуге шешім қабылдадым және мәселе мүлде 
таяққа шыдамағанымда емес еді. Жай ғана қатты шаршадым, енді ата-анамнан өзге 
ешкімді ештеңе туралы ойлағым келмеді. Олар маған неге осындай опасыздық жасады? 
Оларды қатты жек көріп кеттім.
 
Мен өзімнің де, өзгелердің де көптеген тонау әрекеттерін өз мойныма алдым. 
 
Бірнеше күннен кейін маған британ елшілігінен бір адам келді. Ол үстіне ақ 
костюм киіп, көзіне сәнді көзілдірік таққан сыпайы ағылшын еді. 
 

 
Асықпай келмедіңіздер ме! – дедім мен оны кекетіп.
 
Ол маған «Мальборо» шылымын қорабымен ұсынды. 
 

 
Бізге сіздің бізбен кездескіңіз келмейтінін айтқан болатын.
 
Шылым тұтатқан кезімде қолдарымның қарт адамдардың қолдарына ұқсап дірілдеп 
тұрды. 
 

 
Сіз не айтып тұрсыз? Тұтқынға алынған сәттен бастап сіздермен кездестіруді 
талап етумен келемін.
 

 
Біз сіздің тұтқынға алынғаныңыз туралы естідік, бірақ бізге сіздің көмектен бас 
тартқаныңыз туралы айтты, – деді ағылшын. – Сондықтан біз ештеңе істей 
алмадық. 
 

73 
 
Бұған сену қиындау еді.
 

 
Өкінішке орай, сіздің бізді қабылдауға дайын екендігіңіз жайлы ресми хабарды 
біз қазір ғана алдық, – деді британ елшілігінің өкілі сөзін жалғастырып.
 
Мен оған осында өзімнің басымнан өткергендерімді рет-ретімен айтып жатқан 
кезде, ол қайта-қайта галстугін түзегіштеп, орындықта қозғалақтап әзер отырды. 
 

 
Сіз үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуге тырысамыз, – деді ол, – бірақ сіз 
көптеген қылмыстар жасапсыз. Гректердің бізді дұрыс түсінулері екіталай және 
олар қалай дегенде де сізге жақсы қарай қоймайды. 
 
Біз біраз уақыт үнсіз отырдық. 
 

 
Елшілік сізді қорғаушымен қамтамасыз ете алады, бірақ өзіңіз түсініп 
отырғандай, оның сізді ақтап шығатындығына ешқандай кепілдік жоқ, – деді 
елшілік өкілі. – Біз сіздің ісіңіз бойынша сот отырысы алдағы үш күн ішінде 
болады ойлаймыз. 
 
Кездесуден кейін мені қайтадан камераға алып келді. Офицер есікті ашып, мені 
ішке кіргізген кезде мен:
 

 
Қайырлы күн, достым! – деген ағылшынша жақсы сөйлеген дауысты естігенде 
қатты таңданып қалдым. Орта жастағы нигерлік кітап оқып жатқан төсегінен 
тұрып, жаныма жақындап келді де, қолымнан қатты қысып амандасты. 
Алғашында онымен бір камерада болу мені онша қуанта қойған жоқ. Әйтсе де, 
есі ауысқан біреумен бірге қамап қоймағандары жақсы болды. Дегенмен оның 
қалжыңдары мен әңгімелерін тыңдауға мәжбүр болдым. Уақыт өте келе мен 
оған қызығушылық таныта бастадым. Бұл жерге оны қателесіп қамағанға 
ұқсайды, себебі ол ешқандай да қылмыс жасамаған. Оның рұқсат қағазымен бір 
нәрсені шатастырып алыпты да, ол шешілгенше нигерлікті осында қамап 
қойған. Мен ол мен секілді адаммен бір камерада отырудан қорқатын болар деп 
ойладым. Бұл шынымен де солай шығар, дегенмен, сырттай қарағанда ол маған 
тым сабырлы болып көрінді.
 

 
Білесің бе, достым, саған мына кітапты оқыған дұрыс болар еді, – деді ол маған 
қолындағы кітапты ұсынып. Мен кітаптың сыртынан «Даңқ қақпаларымен» 
деген жазуды оқыдым. 
 

 
Ол не жайында? – деп сұрадым мен еш қызығусыз. 
 

 
Бұл жерден сен Иеміз Исаның сүйіспеншілігі жайындағы куәлікті таба аласың, 
– деп жауап берді ол. 
 
Ол сөйлеп жатқан кезде мен жай ғана сыпайылық үшін кітапты парақтап шықтым. 
Осы кезде жас уағызшы Мартин және өзім Лиммассолда кездестірген тәлімгерлер есіме 
түсті. 
 
Арада бірнеше сағат өткенде түрме қызметкерлері жаңа досымды алып кетуге 
келді. Оны босататын болыпты!
 

 
Мүлде жоғалып кетпе, – деді нигерлік күлімсіреп. – Маған Лагосқа қонаққа кел. 
 
Ол кітаптың мұқабасына аты-жөні мен мекен жайын жазды да, оны маған ұқсатты. 
Содан соң қолымды қысып қоштасты да:
 

 
Құдай саған жар болсын, Тони Энтони, – деді. 
 
Ол кеткеннен кейін камерада әдеттен тыс тыныштық орнады. Қалай дегенмен де, 
нигерліктің әңгімелері мені біраз алдандырған болатын. Ал енді, кеш бата менің бойымды 
ашу мен күйініш сезімдері қайтадан жайлай бастады. Ата-анамды іздеп табуды 

74 
 
соншалықты қалайтыныма қарамастан, мен оларға ашуланып, жүрегімді барған сайын 
қатайта бердім. Маған еркіндік қажет еді. Ашуым құтыруға ұласқан сайын, маған 
бөлменің төбесі төбемнен басып, қабырғалар жан жағымнан қыспаққа алып келе 
жатқандай болып көрінді. Тынысым тарылып, бойымды үрей басты. Өзімді басқарудан 
қалдым. Демім жетпей, таза ауа жұтқым келді. Есікті аяқ-қолдарыммен соққылап, 
еркіндікке шығаруларын талап ете бастадым. Ешқандай жауап жоқ. Сонда мен бір 
қабырғадан екінші қабырғаға барып соғыла бастадым және ақыры әлім бітіп құлап түстім. 
 
Шаң басқан еденге терім тамшылай ағып жатыр. Осы сәтте сәкінің астындағы 
қоқыс арасынан мыжылған консерві қалбырын байқадым. Дірілдеген қолдарыммен 
калбырдың қақпағындағы темір сақинаны жұлып алып, онымен жанталаса қолымды 
кескілей бастадым. Тезірек өле қалғым келді. Бірақ сақина бүктелді де, екіге бөлініп 
қалды. Мен оның қалған бөлігімен негізгі қан тамырын кесіп жіберуге талпындым, бірақ 
еш нәтиже шықпады. Өз-өзіме қол салмақ болған ұмтылысымнан ештеңе шықпады. 
Жараланған білектерімнен қан тамшылап тұрды, бірақ өлімге әкелетін ауыр жарақат 
салудың реті келмеді. Қатты қалжыраған мен ақыры тіземді құшақтаған күйі ұйықтап 
кеттім. 
 
Төбеге ілінген үлкен көне желдеткіш сот залының борсыған ауасын ақырын 
айналдырып тұр. Елшілік менің ісіме қатысты әлдебір құжаттар дайындап қойыпты, бірақ 
бірақ қанша тырыссам да, гректердің жылдам сөйлеген сөздерінен көп нәрселерді түсіне 
алмадым. Сот аудармашысыз өтіп жатты. Мен өзімнің мүлде қорғансыз екенімді сезіндім. 
Айя қаза болған сәттен бастап жанымды жегідей жеп жатқан ашуымның алдында әлсіз 
едім. Мені үш жылға түрмеге қамауға үкім шығарды, бірақ маған бәрібір еді: сол кезде 
өзімді тым науқас әрі қалжыраңқы сезіндім. Соттан кейін арада бір сағат өткенде мені 
Никосияның Орталық түрмесіне алып кетті. Бұл жағдай 1989 жылы болған еді.
 
Еріндеріне шылым қыстырып алған екі офицер түрмеге тіркеу рәсімін жасады. 
Олар менің үсті-басымды тінтіп, үш қырымнан суретке түсірді. Саусақтарымның 
таңбаларын алды және содан соң бар заттарымды сыпырып алды да, олардың орнына 
түктері түрпідей жамылғы, сабын, дәретхана қағазы мен қауіпсіз ұстаралар берді де, 
түнерген түрме ішіне кіргізді. Бұл қабырғаларының әр жерінің сылақтары түсіп тұрған 
ескі ғимарат екен. Төбенің әр жеріндегі тесіктерден сәулелер түсіп тұрды. Тас 
баспалдақтармен төменге қарай түсіп келе жатқан кезімізде адам төзгісіз сасық иіс 
мұрынға ұрды. Жан дүниемнің түкпірінен қорқыныш бас көтере бастады. Жұдырығымды 
тас түйіп, өзіме босаңдық көрсетпеуді бұйырдым. 
Түрмедегілер
 зәрлене күлісіп, өзара 
сөйлесіп келеді. Баспалдақтар бізді екі жағына жағалай камералар орналасқан өте ұзын 
дәлізге алып келді. Дәліздің соңында үлкен ауыр темір есік көрініп тұр. Әр тұстан 
айқайлаған, күлген дыбыстар естіледі. Бір кезде 
абақтыдағылар
 тоқтады да, камералардың 
бірінің есігін ашты. Олар астыңғы төсекті нұсқап, грек тілінде әлдебір ережелер туралы 
айтты. 
 
Сіңіп қалған тер мен кіші дәреттің иісі мүңкіп тұр. Камера ішіне еденге ауыр 
шынжырлармен бекітілген екі қабатты жеті төсек қойылыпты. Бұл жерден азған 
адамдардың неше түрін кездестіруге болады екен. Үстіңгі төсекте екеуі бір-бірімен 
құшақтасып, итке ұқсап ырылдасып жатыр. Оның астындағы төсектегі жігіт қолын кір-кір 
инемен піскілеп отыр. Оның қорқынышты тыртықтарына қараудың өзі мүмкін емес. Тағы 
біреуі әрі-бері теңселе өзімен-өзі ыңылдап, ұстарамен терісін сызғылауда. Енді бірі тыр 
жалаңаш күйінде еденге отырып алып, міңгірлеп бір нәрселерді күбірлеп отыр. 
 

75 
 
Бұл әлдебір кеміс жандардың шеруіне ұқсайтын еді. 
 
Мен қатты шошып кеттім. Төсегімнің жанына жүгіріп барып, бүрге қаптаған жұқа 
матрацты
 жұлып алдым да, 
түрмедегілерге
 қарай лақтырып жібердім. Камера ішінде адам 
айтқысыз шу көтерілді. Мен бәрін қирата бастаған кезде естері шыққан тұтқындар жан-
жаққа қашты. 
Тұтқындардың
 бірі белбеуіндегі резеңке таяғын суырып алмақ болғанда мен 
оны қолынан жұлып алып, бөлмедегі торланған жалғыз терезеге қарай лақтырып 
жібердім. Жол-жөнекей таяқ тұтқындардың біріне тиіп, оның бетін қан-жоса етіп кетті. 
Мен жын қаққандай айқайлап, төсектердің арасымен аласұра жүгірдім. 
 
Арада бес 
минөттей
 уақыт өткенде камераға тапанша асынып, резеңке таяқ 
тағынған тағы бір топ 
тұтқын
 жүгіріп кірді. Олар мені жерге жығып алды да, басыма 
тапанша тақап:
 

 
Жетеді! Тоқта! – деп айқайласты. 
 
Мен орнымнан тұруға талпындым, бірақ 
тұтқында
 маған қарай лап қойып, резеңке 
таяқтарымен соққылай жөнелді. Ақыры олар менің қолдарымды артқа қайырып, қалың 
былғары белдікпен байлап тастады. Бірақ мен аяқтарыммен тепкілеуді жалғастыра берген 
соң, олардың бірі желкемнен қатты соққы жасап, талдырып түсірді. 
 
Арада біраз уақыт өткенде есімді жиған мен өзімді тастақ ауламен сүйретіп келе 
жатқанын сездім. Аурудан денем дуылдап, басым дыңылдап келеді. Күн қатты жарықрап 
тұрғандықтан, мен еріксіз көздерімді жұмдым. Осы сәтте басым айналып, қайтадан 
есімнен танып қалдым. 
 
Есімді жинаған кезде өзімнің терезесіз бетон карцерде отырғанымды көрдім. Бұл 
өте жиіркенішті, өте суық және қараңғы камера болатын. Төбеде ілулі тұрған шаң басқан 
жалғыз шамның көмескі сәулесінен адамдардың 
нәжістерін
, әрі-бері жүгіріп жүрген 
сүйкімсіз егеуқұйрықтар мен тарақандарды байқауға болады. Мен тар ағаш төсектің 
үстінде жатыр екенмін. Аяқ-қолдарымды ақырын сипап көргенімде, сынған немесе 
шыққан еш нәрсе байқалмады, бірақ бүкіл денем дуылдап, басым қатты ауырып тұрды. 
Денемді суық тер басып кетіпті. Айналада жым-жырт тыныштық. Торға түскен аңға 
ұқсап, бүкіл тұла бойымды қорқыныш жайлады. 
 

 
Есіңді жи! Өз-өзіңе мықты бол! – деп бұйырдым өзіме. Ци қуатына ие болу 
үшін медитация жасауға талпындым, бірақ оның ауылы менен тым алыста еді. 
Менің ішкі жан тыныштығына ие болғым келді және ол қол созым жерде тұрған 
секілді болып көрінді, бірақ оған қол жеткізе алмадым. Өкінішке орай, менің 
алдымнан енді тек қорқыныштың қап-қара жансыз тұңғиығы ғана көрініп 
тұрды. 
 
Есімнен айырылудан қорыққан мен өзіме таныс бейнелерді көз алдыма елестетуге 
тырыстым. Сицзян таулары, бір кезде өзім ақ жолбарыстың ізін аңдыған қалың тоғай 
туралы, шаңғы тепкен Щвейцария Альпі, мотоциклмен құйғытқан Монако, Гайд-парктегі 
қайықпен серуендеген шақтарым туралы ойладым... 
 
Мен жағымды естеліктерге берілдім, бірақ, өкінішке орай, олардың артынан ащы 
шынайы өмірім бой көрсетті: атамның көрсеткен қорлықтары, ата-анамның сатып кеткені, 
Айяның қайғылы қазасы...
 
Уақыт өте берді және мен өзімнің есімнен адасуым мүмкін екенін сезіндім. 
Шатыры  және қабырғалары қақырап тұрған ғимарат мені жыртқыш аң секілді жұтып 
қоюға даяр еді. Мен сағаттың қазір қанша екенін және өзімнің осында отырғаныма қанша 
уақыт болғанын білмейтінмін. Суық пен қорқыныштан тұла бойым дір-дір етеді. 
 

76 
 
Күтпеген жерден шыққан дыбыстан селк ете қалдым. Кейін білгенімдей, бұл тамақ 
тарататын дөңгелекті темір үстелдің дыбысы екен. 
 
Тұтқын
 маған күлімсірей қарады және осы күлімсіреу менің жүрегімді бір сәтке 
жылытып жіберді. Оның грек тілінде айтқандарының көбін түсінген жоқпын, бірақ оның 
келгеніне қуанып қалдым.
 
Мен ол ұсынған темір табаққа құйылған ыстық шайға және оның ішіндегі 
жұмыртқаның, нан мен қызанақтың тілімдеріне жаратпай қарап, үнсіз тұра бердім. 
 

 
Тамақ ішу пайдалы... – деді ол маған. – Денеге күш береді...
 
Амал жоқ, осы быламықтан біраз жеп алдым және қимылдарынмен 
тұтқынға 
алғысымды жеткізуге тырыстым. 
 
Күндер өте берді. Мен блокты күзететін 
түрмешілерді
 түрлерінен тани бастадым. 
Олар маған өзгелерге қарағанда аз да болса тәуір адамдар секілді болып көрінді. Мен 
олардан көрші карцерде тағы бір тұтқын – еврей жігіттің отырғаны туралы білдім. Ол 
жерде жігітті оның өз қауіпсізідігіне бола ұстап отыр екен. Уақыт өте келе мен 
Никосияның Орталық түрмесінің саяси жек көрушіліктің және ессіздіктің ордасы екенін 
түсіндім. Палестиналықтар мен арабтар әлгі еврейге бірнеше рет қастандық жасапты. 
Кейде түн жарымында маған оның ән салған дауысы естілетін. 
 
Мен уақытымды ағаш тақта үстінде төбеге қарап жатумен немесе тай-чи жүйесі 
бойынша жаттығулар жасаумен өткізетінмін. Себебі маған өзімді жақсы қалыпта ұстау 
қажет болатын. Бір аптадан кейін мені суық карцерден шығарып, тас төселген аула 
арқылы түрменің бас корпусында орналасқан түнерген кеңсеге алып келді. Кеңсе ішінде 
көріксіз бір адам көне жазу машинкасымен жазу жазып отыр екен. Үстел үстінде іс 
қағаздары үйіліп жатыр. 
Түрмешілер
 мені бөлмеге кіргізген кезде ол маған тек басын 
көтеріп қана қарап қойды. 
 

 
Бұл Антонио Энтони, – деді күзетшілердің бірі оған. Ол ауыр күрсініп қойды 
да, қайтадан 
 
қағаздарына шұқшиып кетті. Мен өзім үшін тағы не дайындап қойғандары туралы 
ойланып, үнсіз тұра бердім. Ал екі 
түрмеші
 шылымдарын тұтатып, үлкен үстел үстіне 
отырып алды да, өзара әңгімелесе бастады. Бір шама уақыт өткеннен кейін кенет есік 
ашылды да, күзетшілер орындарынан қарғып тұрып, тік тұра қалды.
 
Бөлмеге офицер киімін киген ұзын бойлы адам кірді де, қатты дауыспен бір нәрсе 
деп бұйрық берді. Күзетшілер дереу шылымдарын сөндіріп, бойларын түзеп қалшиып 
тұра қалды. Офицердің артынан түрікке ұқсайтын біреу кірді. Ол үстелге қарай тұра 
ұмтылып, офицерге орындық алып берді. Содан соң қалтасынан үлкен сигар мен сіріңке 
қорабын алып шықты да, жағымпаздана офицердің алдына қойды. Содан соң бұрышқа 
барды да, қорыққан қоянға ұқсап сол жерде тұра берді.
 
Офицер өзін бұл жердегінің бәрі өзіне тиесілі адам ретінде ұстайды. Мундирінің 
жеңіндегі жолақтар оның түрме мекемесіндегі аға офицерлердің бірі екендігінен хабар 
береді. Кейіннен мен оның түрме басшыларының бірі екенін білдім. 
 
  Бірақ офицер өзіне дайындалған үстелге отырған жоқ. Мұның орнына ол мені 
айналып жүре бастады да, бір кезде алдыма келіп қалшиып тұра қалды. Оның аузынан 
арақ пен сарымсақтың жағымсыз иісі мүңкіп тұр. Ол маған суық көзқараспен қарап тұр. 
Көздері шүңірейген және көзқарасы қаршығаның көзқарасына ұқсайды екен. Офицер 
«қорқақ қоянға» бір нәрсе деді, ал ол оң қолын шекесіне қойып құрмет көрсетті де, кеңсе 

77 
 
қызметкерінің қолындағы іс қағазды алып, жылдам қожайынына ұсынды. Офицер қағазға 
маңғаздана көз жүгіртіп өтті:
 

 
А, иә, Энтони мырза. Сен туралы көп естігенмін... – деді ол ағылшынша тілін 
бұрай сөйлеп. 
 
Мен оған жауап қатуымның қажет, не қажет еместігін білмедім де, үнсіз тұра 
бердім. 
 

 
Сонымен, енді тынышталған боларсың?
 
Мен басымды изедім. 
 

 
Б блогына барасың. Тағы шу көтеретін болсаң, қайтадан карцерге қамаласың. 
Түсіндің бе? 
 
Мен тағы басымды изедім. Аға офицер 
түрмешілерге 
белгі берді де, олар мені алып 
кетті. 
 
Мен Б блогын білетін едім: алғашқы күні мені дәл сонда алып келген болатын. Сол 
екі жағы темір торлы баяғы ұзын бетон дәліз және жағалай камералар, камералар... Бұл 
жолы мені бір кісілік тар камераға қамады. Алғашқы күні он үш тұтқынды жан-жаққа 
қалай қуғанымды ұмытпаған түрме басшылығы мені оқшау ұстауға шешім қабылдаса 
керек. Маған тиген камера емес, қораның нағыз өзі еді, бірақ мен оны ешкіммен бөліспей, 
жалғыз отыратындығымның өзіне де разы болдым. 
 
Камералардың есіктері күндіз жабылмайтын, сондықтан да тұтқындар дәлізде еркін 
жүре алатын. Кейбір тұтқындар белгілі бір ақыға күзетшілер әкеліп беретін 
материалдарды пайдаланып, қолөнер ісімен айналысатын. Бұл жердегі нәрселердің 
бәрінің өз бағасы бар екенін мен бірден түсіндім. Тұтқындар мен күзетшілер шылым, 
есірткі сатуды кәсіп ететін және басқа да түрлі қызметтер көрсетумен айналысатын. 
Тұтқындардың арасында гректер мен арабтардың саны басым еді, бірақ мұнда еврейлер, 
немістер, италиялықтар, француздар, бір Шри-Ланкалық және британ әскерінің Энди атты 
бір жауынгері бар болатын. Алғашында ешкіммен жақын араласқым келген жоқ, бірақ күн 
санап түрмедегі өміріме үйрене бастаған кезімде Эндидің достық кеңестері көп көмегін 
тигізді. Никосияда банк чектерімен алаяқтық жасағаны үшін оны екі жылға соттапты. 
Шетелдіктер көбіне жасаған қылмыстарына сай емес қатаң жазаға тартылатын. Ақжарқын 
Энди үнемі өзін жақсы қалыпта ұстауға тырысатын. Маған барлық көршілерімді 
жақсылап таныстырып берген де сол.
 

 
Кісі өлтіруші, кісі өлтіруші, ұры, лаңкес, кәмелетке толмағандарды азғырушы, 
лаңкес, ұры, от қойғыш... – деді ол айналамдағы камералардағы тұтқындарды 
тізбелеп. – Бірақ олардан қауіптенудің қажеті жоқ. Ал есі ауысқандардан 
сақтану керек. Олардан сақ бол.
 

 
Есі ауысқандардан?
 

 
Иә-иә. Естері ауысқан қылмыскерлерден. Олар ойлары не келсе соны істейді. 
Енді, өзің түсінесің ғой... Есінен ауысқан адамның ойында не барын ешқашан 
біле алмайсың. 
 
Эндидің ескертуіне аса мән берген жоқпын. Басқа басқа, ал мен өзімді қорғай 
алатын едім. Мені бәрінен де қатты таңдандырғаны – бұл кейбір тұтқындардың сыртқы 
келбеттері еді. Кейбіреулері түрме жағдайында естерін жоғалтпауға және тәни күштерін 
сақтауға тырысатын, бірақ көпшілігі темекі сасып, азып-тозып жүретін. Алғаш келгендегі 
екі қабатты темір төсектері бар камера ойыма оралды.
 

78 
 
Энди маған сілекейленген темекі тұқылын ұсынды. Мен сәд кідіріп қалғаныммен, 
оны бәрібір қолыма алдым. Өзім жақсы көретін «Gitanes» шылымының тым болмағанда 
бір талын шеккім келіп кетті, бірақ, амал қанша, жоққа жүйрік жетпейді. Энди Б 
блогының тұтқындары жайлы әңгімесін жалғастырды. 
 

 
Бұл саған Ұлы мәртебелі Королеваның түрмесі емес, достым, – деді ол. – Мен 
не айтып тұрғанымды жақсы білемін! Сенгің келсе сен, сенгің келмесе өзің біл. 
Бұл жерде бәрі тең. Сен ұрысың ба, лаңкессің бе немесе адам өлтіргішссің бе, 
бәрібір. Есіңде болсын, бұл жерде әркім өз алдына тірлік етеді. Сондықтан 
құлағың түрік жүретін болсын. 
 

 
Мен туралы уайымдамай-ақ қой, менімен бәрі дұрыс болады, – дедім мен.
 

 
Әрине. Егер белгілі бір ережелерге бағынып жүретін болсаң.
 
Ол кезде мен Эндидің қандай ережелер туралы айтып тұрғаны және оларды кім 
бекіткені жайлы тәптіштеп сұраған жоқпын, бірақ мұның дұрыс нәрсе еместігін сездім. 
Мұны жақсылап біліп алудың қажеттігі маңызды еді.
 
Әр блоктың Папа деп аталатын өз серкелері болатын. Блокқа келгеніме екі күн 
болмастан «қонақтар» қабылдауыма тура келді. Папа тұтқындардың арасындағы беделді 
адам, ал қалғандары өз «заңдарына» сәйкес оған сөзсіз бағынуға тиіс. Есі ауысқандарды 
есептемегенде, блоқтағы қалған тұтқындардың бәрін оның «құлдары» деп айтуға болатын. 
Сондықтан олардың бар табыстары, тіпті, олардың өздері де Папаға бағынышты еді. 
Тұтқындар
 Папаларға төзімділік танытатын және оларды сыйлайтын. Себебі Папалар 
тұтқындардың
 белгілі бір тәртіпті ұстап тұруларына көмектесетін, ал қалғаны оларды 
қызықтырмайтын. Маған кейіннен белгілі болғанындай, Б блогының Папасы Никосияның 
Орталық түрмесіндегі ең қатігез Папа болып саналады екен.
 

 
Сәлем, балақай! – деді менің камерама рұқсатсыз баса-көктей кірген ол. 
Жанында төрт немесе бес нөкері бар екен. Менің камерам тым тар еді, 
сондықтан нөкерлер есік аузынан бері аса алмай тұрып қалды. Мен ағаш 
сәкімнен сырғып түстім. Папа алпамсадай грек жігіті екен. 
 

 
Менің үйіме хощ келдің, – деді ағылшын тілінде тәп-тәуір сөйлеген ол 
арқамнан қағып. Бірақ мен оның не қалап тұрғанын сезіп қойған едім. Сен – 
Джон Булльсің (ағылшындардың лақап аты), ал мен ағылшындарды жақсы 
көремін, – деді ол. – Сен менің құрбым боласың. – Осылай деген ол 
жамбасымнан салып қалды. 
 
Дәл осы сәтте мен оны шынтағыммен тамағынан бір-ақ ұрдым. Папа бетон еденге 
«гүрс» етіп құлап түсті. Ал оның нөкерлері тым-тырақай қаша жөнелді. Жан жақтан 
түрмешілер
 жүгіріп келді. Папа аузымен ауа қарманып, дыбыссыз жатыр. Оны бірден 
оқшаулау орнына алып кетті. Мен оның кеңірдегін жарып жіберген болсам керек. Одан 
кейін блоктан оны ешкім қайтып көрген жоқ. Мені кеш батқанша камераға қамап қойды. 
Мен істің мұнымен бітпейтініне сенімді едім, бірақ уақыт өтіп жатты, бәрі баяғы 
қалпынша. Кейін белгілі болғанындай, Б блогының Папасын талдырып тастаған жаңа 
келген жігіт туралы хабардың бүкіл түрмеге тез тарап кетіпті. Осы оқиғаның арқасында 
өзім де күтпеген жерден түрмедегілердің құрметіне ие болдым және өзіме біршама тыныш 
өмірді қамтамасыз еттім. 
 
Түрмедегілердің көпшілігі үшін әрбір күн өмір үшін қатігез күрес болып табылады, 
бірақ ешқандай ережені мойындамайтын есі ауысқан қылмыскерлерді айтпағанда, маған 
ешкім соқтықпайтын. Есі ауысқан қылмыскерлердің арасында Акалиас және «Алькапони» 

79 
 
деген екеуі нағыз басбұзарлардың өзі еді. Түрі адам жегіштерге ұқсайтын алып Алькапони 
тұтқындарға соқтығып, оларды зорлайтын және жай ғана көңіл көтеру үшін оларды ұрып-
соғып, неше түрлі жарақаттар салатын. Алькапониге қарағанда сәл тыныштау екеніне 
қарамастан, Акалиас та жын атып кеткеннің бірі болатын. Ол қылмыс жасамаса тұра 
алмайтын секілді болып көрінетін. Акалиас айлакер және тым бақай есепшіл адам 
болатын. Ол өзінің бас пайдасы үшін кімді болса да алдап түсіретін еді. Ол күзетшілерге 
жағына білетін және соның арқасында ойлағанына қашан да қол жеткізетін. Оған еш 
сенуге болмайтынын блоктағылардың бәрі жақсы білетін. Ол зұлым, күншіл адам еді. 
 

 
Ол туралы не білесің? – деп сұрадым бірде Эндиден.
 

 
Ол әйелін ашынасымен ұстап алыпты, – деп жауап берді ол.
 

 
Кейде мұндай жағдайлар болып тұрады.
 

 
Иә, бірақ олардың екеуін де өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастау бәрінің бірдей 
қолдарынан келе бермейді. Ол бөлшектенген дене мүшелерін ұзақ уақыт бойы 
мұздатқышында сақтап келіпті деседі. 
 

 
Неткен сұмдық!
 

 
Тек оның жолына көлденең тұра көрме, достым.
 
Алькапониден бір айырмашылығы, Акалиас кейде дені дұрыс адамға ұқсап 
қалатын. Мысалы, ол шахмат ойнағанды жақсы көретін. Акалиас өзге тұтқындарды өзімен 
шахмат ойнауға мәжбүрлеп, оларды жеңгенінен үлкен ләззат алатын. Оны жеңуге 
ешкімнің батылы бармайтын еді. Кезінде атам маған шахмат ойнауды үйреткен болатын 
және жас кезімде осы ойынның нағыз білгірі болып табылатын әкеммен жиі шахмат 
ойнайтынмын. Акалиас жақсы ойыншы еді, сондықтан мен оның ұсынысын қуана 
қабылдайтынмын. Кейде, ойын барысында Акалиастың міндетті түрде жеңілетінін 
байқаған кезімде оның көңіл-күйін жақсылап байқап алып, тек содан кейін ғана онымен 
ақшаға ойнауға келісетінмін. Оның өзін әлдебір қылығы үшін соққыға жыққан 
американдықтың бетіне ыстық май шашып жібергені туралы естіген болатынмын. 
 
Біраз уақыт өткеннен кейін маған дөңгелекті темір арбамен түрме ішінде тамақ 
таратуды тапсырды. Мен медициналық блок пен бір адамдық камералар блоктарын 
тамақтандыра бастадым. Осылайша мен шылымыма ақша тауып жүрдім және аз уақытқа 
болса да камерамнан шығып тұруға мүмкіндік алдым. Бірде арбаммен жеке тұтқындар 
камерасына жақындап келген мен біреулердің күлген дауыстарын естідім. Күзетшілер 
камералар жақты нұсқап, өте бер деген белгі берді. Бірінші камераға жақындаған мен екі 
палестиналық пен бір жирен шашты жігітті көрдім. 
 

 
Түскі ас, – дедім мен.
 
Орнынан атып тұрған жирен шашты:
 

 
Ей, сен ағылшынсың ба? – деп сұрады.  
 

 
Иә, – дедім мен күлімсіреп.
 

 
Иэв Дэвидсон, – деді ол темір тордың арасынан қолын созып.
 

 
Тони, – деп жауап бердім мен. 
 
Оның қолдары қарулы екен. Иэн Дэвидсон? Оның есімі маған таныс секілді болып 
көрінді. Мұны байқаған Иэн:
 

 
Иә, мен сол Дэвидсонның дәл өзімін. Көптеген жылдар бойы менің есімім газет 
беттерінен түскен емес. 
 

 
ПАҰ? (Палестинаны азат ету ұйымы)
 

80 
 

 
Иә, дұрыс айтасың, достым. Ал мыналар менің қарулас достарым Илайес пен 
Махмуд. 
 
Палестиналықтар бастарын изеді.
 

 
Сендер әлдебір еврейлерді атып тастадыңдар ғой, солай ма?
 

 
Иә, – деді Иэн күлімсіреп. – Бірақ өсекшіл газеттердің жазғандарының бәріне 
сене берме. Олар әлгі құрбан болғандарды жай ғана саяхатшылар ретінде 
көрсетті, ал біз көп жылдар бойы олардың іздеріне түсіп келдік. Олардың бәрі 
Моссадтың (Израильдің құпия барлау қызметі) тыңшылары болатын. Ал әйел 
көліктерді жарып жіберудің маманы еді.
 
Атышулы оқиға есіме енді түсті. Иэн Саут-Шилдсте дүниеге келген. Еврейлермен 
күресу үшін Палестинаны азат ету ұйымына қосылған Дэвидсонды мұздай қаруланған 
есалаң ретінде алғаш бейнелеп жазған британ газеттері үлкен табысқа ие болды. Иэн мен 
оның достарын 1985 жылы, соңы маңызды жағдайларға ұласқан бір оқиғадан кейін 
тұтқындады. Дэвидсонның тобын Ларнак айлағында тұрған яхтадағы екі еврей мен бір 
әйелді өлтіруге жібереді. Операция кезінде олар Кипр полициясының қоршауына түсіп 
қалады. Иэн мен оның жолдастары өздерінің қашып құтыла алмайтындарын түсінеді. Ал 
егер олар израильдіктердің көздерін жоятын болса, түрмеге түсетіндеріне қарамастан 
қаһармандарға айналады. Олар солай істейді де, өмір бойына түрмеге жабылады. 
 
Өмірлерінің қауіпсіздігін ойлап, оларды бір адамдық камераларға қамапты. 
Күзетшілер де оларға оң қабақпен қарайтын. Олардың бір-бірлерімен араласуларына, 
түрлі ойындар ойнауларына, кітаптар оқуларына және басқа да түрлі жеңілдіктерді 
пайдалануларына ерік берілетін. Тіпті, 
тұтқындар
 оларды дақылдардың тұқымдарымен де 
қамтамасыз етіп қойыпты. Сондықтан Дэвидсон мен оның жолдастары блоктың 
сыртындағы қоршалған аулаға бақша егіп, түрлі өсімдіктер өсірумен айналысатын. Кипр 
түрмесі секілді тозақпен тең жерде мұндай жағдай өте сирек кездесетін нәрсе еді. 
 
Иэннің ақылсыз адам емес екені сөзсіз еді. Палестиндік қозғалыспен ол өткен 
ғасырдың 70-жылдары Америкаға жасаған саяхаты кезінде байланысқа түседі. Мен Иэнге 
және оның жолдастарына қайран қалатын едім. Олар өз істеріне адал берілген, ол үшін өз 
өмірлерін қиюға даяр ақылды, парасатты адамдар болатын. Оның үстіне Иэн өте 
қалжыңбас адам еді. Күн сайын мен тамақ апарған кезде олармен бірге өткізетін жиырма 
минөтті асыға күтетінмін. Олардың жандарында көбірек отырып қалған кездерімде 
күзетшілер бұған көз жұма қарайтын. 
 

 
Жақын күндері бізді жалпылама камераларға ауыстырады деп естідім, – деді 
Иэн. – Сірә, басшылық саяси жағдай біршама саябырсыды, сондықтан да бізді 
басты блоққа ауыстыруға болады деп шешсе керек. 
 

 
Қалай ойлайсың, бұл қауіпті емес пе? Қолайсыздықтар туындауы мүмкін ғой...
 

 
Мұндай қолайсыздықтардың талайын көргенмін, бірақ, шынымды айтсам, бұл 
жерде не ойларымды да білмеймін. Бұл жерде Моссадтың біздің көзімізді 
құртуға қабілетті тыңшыларының болуы мүмкін екендігін естен шығаруға 
болмайды. 
 

 
Олардың есі ауысқандардың арасында болулары да мүмкін, – деп күлдім мен. 
 

 
Иә, ол да мүмкін, бірақ мұнда біздің де бірнеше бауырларымыз бар. Ненің қалай 
екенін, сірә, солар жақсы білетін болар. 
 
Арада біраз уақыт өткенде Иэнді Б блогына ауыстырғанын естіп, қуанып қалдым. 
Бірнеше айдан кейін біз жақын достасып кеттік. Оның тұрған жерінің бәрінен құпия 

81 
 
сақталғанына қарамастан, Иэн бостандыққа шыққаннан кейін де мен онымен хабарласып 
тұрдым. Бірақ ол кезде Иэнмен және өзге де лаңкестермен достығым өзіме үлкен кесір 
болып жабысады деп мүлде ойламаған едім. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет