Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет42/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Бір минут деп өте шықпа!
Бір минут ішінде:

 «Фатиха» сүресін 5 мәрте қайталап оқи аласың, әрі осы
үшін саған 7000 жақсылық жазылады.

«Ықылас» сүресін 15 мәрте оқи аласың, онымен Құранды
бес рет оқып шыққандай сауап аласың.

 «Субханаллаһи уә бихамдиһи» зікірін 100 мәрте айта
аласың, әрі күнделікті күнәларың кешіріледі.

 «Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ» зікірін 40-тан аса
қайталай аласың, ал бұл жаннаттың байлықтарының бірі.

 «Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың. Яғни,
Алладан күнәларыңның кешірілуін сұрайсың. Истиғфар айту
– күнәлардың кешірілуіне, дұғаның қабыл болуына,
жаннатқа кіруге, қуатты болуға, бәленің алдын алуға,
өміріңнің жақсаруына себепкер болады.

Алла Елшісіне (с.а.с.) 20 мәрте салауат айтуға болады. Бір
салауат айтқанға он жақсылық беріліп, он күнәсі кешіріліп,
дәрежесі онға көтеріледі.

 «Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил-азим» зікірін
50 мәрте айтуға болады. Бұл екі сөз тілге жеңіл, Аллаға
ұнамды, ақыретте таразыда ауыр тартады.

«Лә иләһә иллаллаһ» деп 100 мәрте айтуға болады. Ал бұл
– сөздердің ең ұлысы.

 «Субханаллаһи уәлхамду лилләһи уә лә иләһә иллаллаһу
уаллаһу әкбәр» деп 25 мәрте айтуға болады. Бұлар –
Алланың алдындағы ең ұлық болған төрт зікір.

Бір минут ішінде екі алақаныңды жайып, Алладан керегіңді
сұрап, дұға ете аласың.


Ислам және уақыт

ИСЛАМ ЖӘНЕ УАҚЫТ
Бүгінгі мұсылмандар көбіне уақыт мәселесіне салғырт
қарайтындығын көруге болады. Алайда алғашқы мұсылмандар
дініміздің 
негізгі 
қайнар 
көздерінде 
келген 
уақыттың
маңыздылығын 
көрсететін 
мәліметтерді 
толықтай
ұғынғандықтан, уақыт мәселесіне асқан жауапкершілікпен
қараған. Ислам әлемінің алғашқы тарихшыларының бірі
Табаридің «Тарихул умәм уәл-мулук» атты танымал кітабында
«Әл-Қаулу физ-заман мә һууә» (Уақыттың не екендігіне
түсініктеме) тақырыбында сексен беттік бір бөлім арналып,
уақытқа қатысты зерттеулер жүргізілгені назар аудартатын
жайт.
82
Құран Кәрімде уақыт мәселесіне назарымызды аудару үшін
уақытты түсіндіретін әрі еске салатын жайттар алғашқы
беттерінен соңғы беттеріне дейін жиі кездеседі, арасында
әртүрлі уақытқа серт етілген аяттарды да көруге болады. Осы


тақырыптағы аяттар мен хадистерді қатар қарастырғанда
мына мәселеге көз жеткізе аламыз:
Дініміздің негізгі екі қайнар көзі жылдық, айлық, апталық,
тіпті күндік өмірімізді жоспарлауға байланысты көптеген
егжей-тегжейлі жайттарды шебер баяндауда. Күніне оқылуы
бұйырылған 
бес 
уақыт 
намаздың 
өзі 
уақытымызды
жоспарлауды мақсат тұтуда. Олай болса, діннің әмірлерінің
көбі адам баласына уақытын барынша тиімді пайдалануды
үйретуде, тіпті негізгі мақсаты да сол деуге болатындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет