Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет79/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

күні оның атынан ақиқа құрбаны шалынып, шашы алынады және
аты қойылады»
186
деген мына бір хадисіне орай шаралар
жасалады. Баланың атын қойғанда нәрестеге ат қоятын адам
баланың оң құлағына – азан, сол құлағына – қамат айтады,
содан соң есімін үш рет қайталайды. Жаңа туылған сәбидің
үлпілдек шашының атымен «ақиқа» деп аталған құрбанды
перзент сыйлағаны үшін Аллаға шүкір ретінде шалады.
Сәбидің шашын алып, алынған шаштың салмағына тең
мөлшерде алтын не күміс садақа етіледі. Алла Елшісінің
Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні немерелерін
сүндетке отырғызғанын ескеріп, баланы сүндетке отырғызудың
да ең абзал уақыты туылғанына жеті күн болған кезең


екендігін көре аламыз. Абдуллаһ ибн Аббастың риуаяты
бойынша, жетінші күні қыз баланың құлағын тесудің де
сүннет екенін білуге болады.
187
Орайы келгенде жетінші күні баланың шашын алуға
байланысты бірнеше жыл бұрын Германияда болған оқиғаны
айта кетейік.
Бір мұсылман отбасында кішкентай сәби дүниеге келеді. Ата-анасы
шамасы келгенше мұсылманша жөн-жоралғысын жасайды. Жеті күннен
кейін баланың шашын алып, соның көлеміндей етіп садақа таратады.
Содан бірнеше күн өткеннен кейін анасы баланың денсаулығын дәрігерге
тексертуге алып барады. Баланы қарап жатқан дәрігер: «Баланың
шашын өздеріңіз алдыңыздар ма? Әлде осылай туылды ма?» деп сұрайды
таңқала. Сонда анасы: «Өзіміз алдық» деп жауап береді. Дәрігер өзінің
таңқалуының себебін былай деп түсіндіреді: «Жақында дәрігерлер жаңадан
туылған баланың шашын 40 күннің ішінде алатын болса, онда көру
қабілеті жақсарып, шашы қатайып, ой-санасы кеңейетіндігін және басқа
да пайдаларын анықтады. Ал шаш алуды жеті күн толғанда жасаса,
онда әлгінде айтқан көрсеткіштер ең жоғары нәтижелерін береді. Бірақ
бұл жаңалықтың ашылғанына 50 күндей болды. Әрі ешкімнің әлі хабары
жоқ. Сіздер қайдан білесіздер?» деп сұрайды тағы да таңқалған күйде.
Баланың анасы: «Бұны бізге Пайғамбарымыз Мұхаммед бұйырып кеткен.
Мұсылмандарда бұл бала туылғанда жасалатын кәдімгі дәстүрлі
әдеттердің бірі» дейді. Дәрігер әлі таңқалған түрін өзгертпей: «Ал
сіздердің пайғамбарларыңыз қайдан білген?!» деп қайта сұрақ қояды.
«Пайғамбарымыз осыдан 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Сол кезде айтқан
сөзі бізге жетіп, біз оны күнделікті өмірімізде салт-дәстүр ретінде
қалыптастырып, орындап жүреміз» дейді сәбидің анасы. Сонда дәрігер
басын шайқап, аң-таң қалған екен.
Міне, бұл оқиғадан осы секілді сүннет бойынша келген
жоралғыларды 
дәл 
сүннетте 
айтылғандай 
түрде 
және
уақытылы орындаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға
болады. Әрбір іс-шараның ең абзал уақытын білдіріп
кеткеніне қарап, адамның туылған сәтінен бастап уақытты
жоспарлы қолданудың маңыздылығына көз жеткізе түсеміз.


Баланың сәби кезінде атқарылатын істерді сүннет бойынша
атап өттік. Анасы баланың сәби кезеңінің соңына дейін толық
емізуге тырысуы керек. Осы кезінен бастап балаға
байланысты күн тәртібін белгілеп үйренген жөн. Баланың
ұйқысын 
қадағалауға, 
тұрақты 
түрде 
бірдей 
уақытта
ұйықтатуға және емізуге тырысқан жақсы.
Бала сәби кезеңінің соңына дейін жүруді үйренеді, жайлап
сөйлей бастайды. Осылардың уақытына сай баланың өз
еркімен 
отыруын, 
еңбектеуін, 
тәй-тәй 
басып 
жүруін
қадағалауға тырысу керек. Және алғашқы сөздерін қадағалап,
ең бірінші сөзі дініміз бойынша құпталғандай «Лә иләһә
иллаллаһ» болуына көңіл бөлген жөн.
Екі жастан асып бүлдіршін кезеңге аяқ басқанда да сол
кезеңнің ерекшеліктеріне сай ата-ана баланың тәртібі мен
уақытына көңіл бөлуі қажет. Айналасын танып білуге
құмартқан баланың сұрақтарына байыппен сабырлы түрде
жауап беріп, ненің не екенін үйреткен абзал. Сөздерді дұрыс
қолданып, сөйлемдер құрап, өз ойын айтып үйренген
шағында қысқа сүрелер мен дұғаларды жаттата бастаған жөн.
Одан біраз есейгенде діни түсініктер мен терминдерді
үйретіп, баланың санасына сіңіре беруге болады. Бұл кезеңде
баланың санасы мен есте сақтау қабілеті ақ парақтай таза
болғандықтан, Құран, хадис жаттататын болса, бірден
қабылдап, тез арада есіне сақтап ала алады. Қарап отырсақ,
Ислам әлеміне танымал көптеген ғұламалардың балалық
шақтағы уақыттарын бос өткізбей, кішкене жасынан бастап
діни білімге ден қойғандарына, Құран жаттағандарына куә
боламыз. Оқу, есеп, грамматика, логика секілді ойлануды
қажет ететін ілімдерді сәл есейгенде қолға алу керек. Бұл
тұрғыда баланың уақытын жоспарлауға әлі де ата-анасы
көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс. Баланың уақытын
босқа пайдасыз дүниелермен өткізуіне жол бермей, рухани
жан дүниесін әрі ақыл-ой, зеректігін дамытатын істермен
шұғылдандырып, қажет кезінде сергіп ойнауына да жағдай
жасап күнін жоспарлап бергені жөн.


Оңы мен солын ажырата бастаған тәмииз жасына келген
бала көп нәрсені үйреніп, түсініп, қабылдай алатын болады.
Соны ескерген Алла Елшісі (с.а.с.) «Жеті жасына келгенде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет