Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет90/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Жақындарға уақыт бөлу
Өз уақытыңызды кіммен және қалай өткізетініңіз сіздің
бақытыңыз бен жетістігіңіздің 85%-ына әсер етеді. Әңгіме-
дүкен құруға арналған уақыт пен жұмысқа, шығармашылыққа
не білім алуға арналған кезеңдердің арасында айырмашылық
болары сөзсіз. Жетістікке жетуге және мансапта жоғарылауға
қажетті істер отбасы бақытына қауышу мен жақындармен
жақсы қарым-қатынаста болуға керекті әрекеттерден түбегейлі
өзгеше болады.
Отбасында болсын, достардың ортасында болсын ынтымақ
пен татулықтың орын алуы оған да арнайы уақыт бөлуді
қажет етеді. Жақындарыңызға уақытында оларға қажетті
уақытты бөліп үйреніңіз. Себебі бұл кейінге қалдырылатын
уақыт емес.
Құранда 
Алла 
Тағала 
«Ата-аналарыңа 
жақсылық
жасаңдар. Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге,
кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе,
(сапарлас 
немесе 
жақын) 
жолдастарыңа, 
(елінен
жырақта 
жүрген) 
мұқтаж 
жолаушыға 
және
қоластыларыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық
жасаңдар»
227
деп мұсылман баласының қоғам алдындағы
жауапкершілігін тізбектеп береді. Дін мұсылман баласы
мүмкіндігінше осы аталған жандарға уақыт бөліп, міндетін
орындауы тиіс.
Отбасына арналған уақыт
Үй ішіндегі сіздің бақытқа толы ғұмыр кеше білуіңіз сіздің
жақсы көретін әрі сізді жақсы көретін жандарға байланысты
болмақ. Сіздің өміріңіздің қаншалықты мәнді әрі бақытқа толы


болуы өмірлік жарыңызды, досыңызды не жолдасыңызды
дұрыс таңдауыңызға тікелей байланысты.
Адамдармен қарым-қатынасыңыздың сапасын арттырудың
бірден-бір жолы оларға көбірек уақыт бөлуге келіп тіреледі.
Адамдармен қарым-қатынастағы көзбе-көз тілдесуге бөлінген
уақыттың орнын еш нәрсе баса алмақ емес.
Дініміздің белгілеген ережелері бойынша отбасы мүшелерінің
әрқайсысының 
бір-бірінің 
алдында 
белгілі 
бір
жауапкершіліктері бар. Ең алдымен, өмір сыйлаған ата-ананың
алдындағы ешқашан өтелмес парызымыз бен қарызымыз бар.
Оны Алла Тағала Құранда да атап өткенін білеміз.
228
Соған
сай осы міндетімізді орындау үшін оларға уақыт арнап, көңіл
бөлу қажет болмақ. Аятта ата-анаға жақсылық жасаудан кейін
туған-туыстарға кезек береді. Сондықтан жақын туыстардың
алдындағы жауапкершілікті өтеуге де уақыт бөлу маңызды.
Алла 
Тағала 
жұп 
етіп 
жаратқан 
ерлі-зайыптылардың
арасындағы жауапкершіліктер мен міндеттердің жөні мүлдем
бөлек. Әйеліне «аманатым» деп қараған ері оның алдындағы
міндеттерін орындауға уақытын дұрыс бөле білуі тиіс. Ерін
«жаннатым» деп бағалаған әйелі де жарының алдындағы
жауапкершіліктеріне мұқият болып, оны разы етуге барша
мүмкіндіктерін пайдаланып, жеткілікті уақытын арнауы қажет.
«Адамның бір қызығы бала деген» демекші, балалы болуды
кімнің болса да қалайтыны ақиқат. Алайда оның өзіндік
жауапкершілігі де жоқ емес. Ол жауапкершілік – балаға
тәрбие беру. Ал бала тәрбиелеу бір күндік іс емес. Жалпы
адамды тәрбиелеу көп уақыт алатыны белгілі. Құран Кәрімде
Мұса пайғамбардың (а.с.) өз қауымын Алла Тағаланың әміріне
бағынбаған соң, Сина сахарасында ары-бері 40 жыл бойы
жүргізгені айтылады.
229
Бұл оқиға қазақтың «елу жылда ел
жаңа» деген тамаша сөзін еске түсіреді. Яғни, Алла Тағала


әлгі күнәһар қауымды тәрбиелеуді мақсат тұтты. Ақыры
шөлдің шыжғырған ыстығынан қайраттанған қауым тарихқа
Дәуіт пайғамбардай (а.с.) қайратты ұл сыйлады. Ол өз
қауымы жіберген қателікті жөндеді. Міне, бұл – тәрбиенің
жемісі. Сіз де балаңыздың тәрбиелі болғанын қаласаңыз, оның
тәрбиесіне көңіл бөліңіз. Кімде-кім өз уақытын баласының
тәрбиесі үшін жұмсаған болса, онда ол ертеңгі күні тәрбиесіз
баланың келтірер зардабынан аман болады.
Осылардың барлығына көңіл бөлу мен уақыт арнау
мәселесінде адам тепе-теңдікті сақтауға мұқият болуы керек.
Ешкімнің ақысын ешкімге жегізбеу керек. Барлығына қажетті
уақытын бөле білу керек.
Адам жұмысы үшін отбасына уақыт бөле алмай немесе
отбасы үшін жұмысына уақыт бөле алмай жүрген жоқ.
Уақытын дұрыс пайдаланбай, ысырап еткені үшін уақыт бөле
алмай жүр.
Шынайы бақытқа қол жеткізу үшін отбасы мен жұмысқа
арналған уақытта таразының басын тең ұстай білу өте
маңызды. Жұмыс барысында жұмсалған уақыттың сапасы
маңызды болса, барлық бақытты әрі есте қаларлық сәттерді
бастан 
кешіретін 
отбасы 
ошақ 
қасындағы 
жақын
жандарыңызға арнаған уақытыңыздың мөлшері маңыздырақ.
Сіздің 
түздегі 
жұмысыңыз 
ішкі 
жан 
дүниеңіздегі
құндылықтарыңызбен сәйкес болғанда ғана шынайы бақытты
бола алмақсыз.
Көптеген адамдар, әсіресе, ер кісілер, олар үшін отбасы ең
басты құндылық әрі барлығынан қымбат екендігін айтады.
Олар тек қана отбасына жайлы өмір сыйлау үшін тер төгіп
жүргенін қайталаумен болады. Алайда күн ұзаққа жұмыста
болып, кешке үйіне оралғанда теледидар көрумен, демалыс
күндері достарымен ойынға жиналумен уақыт өткізеді.
Жақында жасалған зерттеулердің нәтижесі бойынша, отағасы
әр баласымен орташа алғанда күніне сегіз минут уақыт
өткізеді екен.
Жұмыс пен отбасына бөлінген уақыттың арасындағы мұндай
теңсіздік адамды күйзеліске ұшыратады. Дөңгелектерінің бірінің


тепе-теңдігі бұзылғанда қатты теңселе бастайтын автокөлік
секілді өмірде осындай тепе-теңдікті сақтай алмау адамды
қуаныш пен үйлесімділіктен айырады.
Кез келген қарым-қатынаста әрбір істің өз уақытында
атқарылуы мен әрбір сөздің өз уақытында айтылуы аса
маңызды.
Айналаңыздағы жандармен қарым-қатынасыңызды реттеу –
жеке істеріңізге уақыт арнаудың ең жақсы жолдарының бірі.
Отбасымен 
және 
жақындармен 
қарым-қатынасыңызды
жақсартудың тиімді жолдарының бірі өзіңізге «Алты ай ғана
өмірім қалған болса не істер едім әрі уақытымды қалай
өткізер едім?» деген сұрақ қойып көру.
Бұл өте жақсы сұрақ. Өз әрекетіңізді қалай өзгертер едіңіз?
Нені қосып, нені алып тастар едіңіз? Өміріңіздің соңғы алты
айын қалай өткізер едіңіз? Мұндай жағдайда жауаптардың
барлығы дерлік жақын жандарыңызға қатысты болады.
Ренжіскен адамдармен татуласуға, өзіңізге қымбат жандармен
көбірек уақыт өткізуге тырысасыз.
Мұндағы маңызды ереже: сұраққа жауап іздегенде не
істеймін деп шешсеңіз соны орындауға бірден кірісіңіз. Уақыт
оздырмастан жақсылық жасап, ізгілікке бет бұруға тырысыңыз.
Барлығы да кеш болуы мүмкін уақытты күтпеңіз. Себебі
өміріңіз алты айдан да аз қалған болуы мүмкін. Біле
алмайсыз!
Бақытты өмірдің сыры отбасымен көбірек уақыт өткізуде
жатыр. 
Бұл 
қалай 
болмақ? 
Үйде 
болған 
кезіңізде
уақытыңыздың 100%-ын отбасыңызға арнаңыз. Теледидар мен
компьютерді 
өшіріңіз. 
Смартфоныңызды 
алыстау 
жерге
қойыңыз. Кітапты жауып, газетті бүктеп қойыңыз.
Сізді алаңдататын барлық артық нәрседен құтылыңыз.
Назарыңызды толықтай өз өміріңіздегі ең маңызды жандарға
аударыңыз. Олардың жанында отырып, жүрек қағысын


сезінуді ғана шынайы қарым-қатынас деп атауға болады.
Өзіңізді толықтай жақындарыңызға арнап, олармен сөйлесіңіз,
сөздерін мұқият тыңдаңыз, уайымдарын түсінуге тырысыңыз.
Сізбен сөйлескісі келген жанды тыңдағанда басқа істерді
доғарып, тек қана оның сөзіне құлақ салыңыз. Сол сәтте сіз
үшін әлемдегі ең маңызды жанның сол екенін көрсетіңіз.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға қажетті ең
негізгі сипат – адамдарда сенім мен құрметті оята білу.
Айналаңыздағы жандар сізге сеніп, құрметтей алса, олармен
қарым-қатынаста ешқандай мәселе туындамайды. Ал егер
сенім мен құрметтен айырылып қалсаңыз, қарым-қатынасыңыз
да құрдымға кетті дей беріңіз. Бұл бар болғаны уақыттың
еншісіндегі жайт.
Назар аударуымыз қажетті қағида: сіз адамды тыңдай
білсеңіз, сізге сенім артатын болады. Сұхбаттасыңызды тыңдай
білуіңіз бен араңызда жақын әрі сенімді қарым-қатынас
орнауының арасында тікелей байланыс бар.
Өзінің «Достардың көңілін жаулау және адамдарға әсер ете
білу» атты кітабында Дейл Карнеги былай жазады: «Адамның
табиғи қажеттіліктері мен қалауларының бірі – өзінің
маңыздылығын сезіну».
230
Әйеліне берген уәдесі...
Әлемге 
әйгілі 
Брайан 
Трейсидің 
семинарларының 
бірінде
қатысушылардың бірі өзінің қызықты оқиғасымен бөліскен. Үйленгенде
әйеліне күнделікті кешкі сағат 6-да үйге келетіндігіне және онымен бірге
кемінде екі сағат уақыт өткізетіндігіне уәде берген. Кейіннен балалары
болған кезде отбасына арналған уақыты үш сағатқа дейін артқан.
Демалыс күндері одан да көп уақытын бөлген. Табысты кәсіпкер қызмет
бабымен басқа жақтарға кетуге тура келгенде күнделікті уақытты санап,
сағат сандарын қосып, үйіне оралған кезінде сол уақытын отбасына арнап
отырған.
Қызмет баспалдағының бастапқа кезеңдерінде берілген бұл уәдесі оның
бүкіл өмірін өзгертеді. Сөзінде тұру үшін кәсіпкер барынша тиімді жұмыс
атқарып әрі ең маңызды істермен шұғылдануды үйренеді. Жұмыс орнына
біраз ертерек келіп, бар күш-жігерін салып жұмыс істеп, тірлігін


уақытында бітіріп, тура сағат 18:00-де үйінде болатын. Бұл кәсіпкер өз
саласының білікті маманы әрі табысты жетекшісіне айналады. Ерен
еңбегі үшін жалақысын арттырып, мансабын өсіре түседі. Уақыт өте келе
бай адамдардың қатарынан табылады. Осылайша оның әйеліне берген
уәдесі өміріндегі маңызды шешімдерінің біріне айналады.
231
Сіз де солай жетістікке жете отырып, жан жарыңызға да
тиісті уақыт бөле аласыз. Жұмыста өткізген сағат саны емес,
уақытында атқарылған істің көлемі маңызды екендігін естен
шығармаңыз. Ал өмірлік серігіңізге арнайтын уақыттың
мөлшері қымбатырақ.
Әйеліңізге көңіл бөліп, дұрыс уақыт арнай біліңіз. Сонда
әйеліңіз сіз оны үлде мен бүлдеге орамасаңыз да, сіздің
жаныңызда өзін бақытты сезініп, сіздің де разы болуыңыз
үшін аянбайтын болады.
Ана мен бала
Бір күні жолдасы жан жарын мейрамханаға кешкі асқа шақырады.
Бірақ әйелі ұсыныстан бас тартып:
– Мен сенің басқа бір әйелді шақырғаныңды қалаймын, – дейді. Түк
түсінбеген күйеуі:
– Сен менің жар дегенде жалғыз некелі жарымсың. Мен сені
мейрамханада бірге тамақтанайық деп шақырып жатырмын. Ал сен
басқа әйел шақыр дейсің. Мен ондай еркектерден емеспін. Қалай басқа
әйелді шақыр дейсің? Кімді айтып тұрсың сонда? – дейді. Сонда
әйелі:
– Мен сенің өз анаңды шақырғаныңды қалаймын. Сендер бірге
тамақтанбағалы, қыдырып, бірге уақыт өткізбегелі көп болды ғой, –
деп сүйікті жұбайымен бірге қыдыру үшін өзінен гөрі енесін жоғары
қойып, парасаттылық танытты. Мұны естігенде күйеуі қатты
таңырқады әрі әйеліне разы болды.
Бірден анасына қоңырау шалып, мейрамханаға кешкі асқа шақырды.
Анасы алғашқыда өз құлағына өзі сенбеді. Шақыруды қуана-қуана қабыл
алды.
Жұмыс аптасы аяқталғанда жұманың кешінде анасын алып кетуге үйіне
барды. Бойында біраз толқу бар. Анасы сыртта күтіп тұр екен. Оның да
толқып тұрғаны байқалады.


Екеуі әңгімелерін айтып, сыр бөлісіп ұзақ отырды. Ана мен бала болып
сөйлесуді екеуі де сағынып қалған екен. Әсіресе, ана көңілі жадырап, мәз-
мейрам. Ол үшін ең керемет күн болғандай. Тіпті мұндай үлкен
мейрамханада болмаса да, жерде отырып ұлымен бірге тамақтанғанның
өзі оған зор бақыт сыйлайтын еді.
Анасын үйіне апарып салып тұрып:
– Анашым, тағы да міндетті түрде осылай бірге тамаққа барамыз, –
деді.
– Тек бір шартым бар. Келесі жолы мен шақырамын, – деді шексіз
қуанышта тұрған ана.
Үйіне барғанда кездесулерінің қалай өткенін сұраған әйеліне «Тамаша!
Өзім ойлағаннан да керемет өтті» деп жауап қатты.
Көп ұзамай анасы жүрек талмасынан қайтыс болды. Мұның кенеттен
болғаны соншалық – анасы үшін еш нәрсе істей алмады. Ұлы қатты
қайғырды.
Арада біраз уақыт өткенде анасы екеуі барған мейрамханаға шақырту
алады. Тамақ толықтай төленіп қойған екен. Шақырудың жанында бір
хат бар еді: «Мұның ақысын алдын-ала төлеп қойғанмын. Алайда бара
алатыныма сенімді болмадым. Дегенмен екі адамға арнап төледім. Біреуі
– саған, екіншісі – әйеліңе. Сол кеш маған қаншалықты қуаныш
сыйлағанын саған айтып жеткізе алмаймын. Сені қатты жақсы көремін,
ұлым».
Теледидар болғым келеді
Бірде мұғалім мектеп оқушыларына мынадай тақырыпта шығарма
жазуды тапсырды: «Құдай тілектеріңді орындап жатса, кім болғыларың
келер еді? Неге айналар едіңдер?» Үйге келіп, кешкісін шығармаларды
қарауға кірісті.
Барлық шығармаларды алаңсыз қараумен болар ма еді, кенет қолына
көңіл-күйін бұзған бір шығарма іліне кетпегенде. Көңіл-күйі нілдей бұзылды
да, жылап отырып қалды.
Артынша күйеуі келіп кірді, әйелі ебіл-дебілі шығып жылауда екен.
– Не болды? – деп сұрады күйеуі.
– Оқышы, – деді ол, бір баланың шығармасына қол созып.
«Құдай Тағалам, мен Сенен бүгін ерекше тілекті өтініп көрмекпін:
теледидарға айналдыршы. Мен оның орнына барып тұрсам деймін. Біздің


үйдегі теледидардың ғұмырындай өмір сүргім келеді. Ерекше орынды
иемденіп, отбасымды айнала жинап алғым келеді. Мен сөйлеген тұста
сөзімді бөлместен және сұрақ қоймастан тыңдаулары үшін. Үнемі басты
назарда болу үшін. Ол (теледидар) бұзылғанда қалай жұмыс жасаса,
менімен де дәл солай жұмыс жасағанын қалаймын. Үйге кештетіп келген,
тіпті, шаршап келгеніне қарамастан, әкеммен бір ортада болғанды
тіледім. Менің шешем көңілін орнықтыру үшін алдыма келіп, мұңайған
сәтінде менімен оңаша қалсын. Ара-тұра ата-анам барлығын бір шетке
ысырып қойып, аз уақытқа болса да менімен бірге болсын дедім.
Құдайым, көп нәрсені сұрамай-ақ қойдым... Маған тек кез келген
теледидардың ғұмырындай өмір сыйлашы».
– Сұмдық-ай! Байғұс бала! – деп күйеуі қатты дауыстап жіберді. –
Қандай ғана ата-ана болды екен?!
Ал әйелі болса, әлі де жылау үстінде былай деді:
– Бұл шығарма біздің ұлдікі болатын...
Бір сағат уақытыңды сатып алсам...
Әкесі жұмыстан келгенде есік алдынан 5 жасар ұлы қарсы алды. Дереу:
– Әке, сағатына қанша ақша табасыз? – деп сұрайды. Өзі де шаршап
келген әкесі ұлының сұрағына ашуланып:
– Онда шаруаң болмасын! – деп жауап қайтарады. Ұлы берілмей:
– Айтыңызшы, білгім келеді, – деп қайта сұрағанда, әкесі ызаланып:
– Екі мың теңге! Ал не істейін деп едің!? – дейді. Сонда ұлы:
– Маған бір мың теңге қарыз ақша бере тұрасыз ба? – деп сұрайды.
Әкесі одан әрі ашуланып:
– Сенің онсыз да толып жатқан ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ.
Мазамды ала бермей, бөлмеңе бар, – дейді. Ұлы еш жауап қайтармай
көзі жасаурап бөлмесіне кетеді.
Әке ашуы басылар емес, «Бес-ақ жаста бола тұрып ақша сұрауға
қалайша дәті барады?!» деп қояды.
Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, ұлын босқа ренжіткенін, баланың
ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, «Мүмкін шынында
қажет болып тұрған шығар?» деп ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте
жатқан ұлына жақындап:
– Ұйықтап жатырсың ба? – деп сұрайды. Баланың:
– Жоқ, – дегенін естіп:


– Сұраған мың теңгеңді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін
ренжіме. Жұмыстан шаршап келген едім, – дейді. Ұлы төсегінен ұшып
тұрып:
– Әке, рахмет! – деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың
астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Әкесіне жәутеңдеп қарап
қойып, ақшаларды санай бастайды. Мұны көрген әкесі қайта ашуланады:
– Ақшаң бола тұрып неге менен сұрадың? Сенің балалық ойындарыңа
уақытым жоқ! – деп ұрыса бастайды. Сонда баласы:
– Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді,
– дейді де, ақшалардың бәрін уыстап жинап әкесіне созады, – Міне, екі
мың теңге... Әке, менімен әңгімелесуге бір сағат уақытыңызды сатып
алсам бола ма?..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет