Тайм-менеджмент


Оқи отырып демалу, жұмыс істей отырып тынығу



Pdf көрінісі
бет93/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Оқи отырып демалу, жұмыс істей отырып тынығу
Исламда бос уақыт және ештеңе істемей өткізетін демалыс
деген түсінік жоқ. Сондықтан дініміз адам жанының да
шаршайтындығын қабылдаған соң тынығу мен демалудың
ерекше бір түрін ортаға қойған. Ол – жұмысты ауыстыру
арқылы тынығу. Жұмыс істеп шаршаған адамның өзі басқа
іспен шұғылдана отырып демалуы керек. Бұл мәселедегі басты
қағида «Бір істі бітіріп босаған соң, бірден басқа іске
кіріс»
235
аятына негізделгендігін жоғарыда атап өттік. Олай
болса, қазіргі кезеңде мұсылмандарға осы жайтқа мән беріп,
міндеттідей көргені абзал болмақ. Құран Кәрім рухынан,
мұсылмандар тарихынан үлгі ала отырып, «оқи отырып дем


алу», «жұмыс істей отырып тынығу» қағидасы шеңберінде
уақытын жоспарлауды үйрену аса маңызды. Құдды бір
батыстықтардың «көңіл көтере отырып үйрену» жолын жаппай
қағидаға айналдыруға тырысуын да үлгі етуімізге болады.
Соңғы кездерде жасалған ғылыми зерттеулерге қарағанда, мида әртүрлі
істер үшін әртүрлі бөлімдер жұмыс істеп шаршайды және басқа бір іс
мидың басқа бір бөлігінің қызметіне байланысты. Сонда басқа бір іске
ауысқан уақытта мидың алдыңғы бөлімі тынығатын болады. Осылайша
Алланың Кітабы мен Оның Елшісінің келуінен он бес ғасырдай уақыт
өткеннен соң тағы бір мұғжизаға көз жеткізіліп отыр.
Аталған жайт бүгінгі күні қалыптасып үлгерген демалу мен
тынығу әдетіне қарама-қайшы әрі өзгеше көрінуі орынды.
Алайда мәселені дұрыс түсініп, қабылдай алуымыз үшін
тарихта тек Ислам ғұламаларының ғана емес, Батыстық
ғалымдардың да осы қағиданы ұстанғандығын айта кеткен
жөн. Ислам ғалымдарының хадистерден сабақ ала отырып,
істі ауыстыру арқылы тынығуды қағида еткендігіндей, ғылыми
жаңалықтарымен танылған Ньютонның жұмыс істеу әдеті
шығыстық әріптестерін еске түсіреді. Оның бір мысалына көз
жүгіртейік: «Басқа танымал ғалымдар секілді Ньютон да қол
жеткізген 
атағына 
еңбекқорлығы 
мен 
табандылығының
арқасында 
жеткен. 
Оның 
еңбекқорлығы 
соншалық 

шаршағанда демалу үшін бір істен басқа іске ауысатын
болған».
236
Тынығу барысында осы қағиданы ұстанғандар көп
болған. Американың атақты заңгері Хейл жайлы төмендегідей
мәлімет бар: «Бірнеше жыл күніне он алты сағаттан жұмыс
істеген. 
Заң 
тақырыбынан 
шаршағанда 
пәлсапа 
мен
математикамен айналысып өзін тынықтыратын».
237
Бір сарындағы жұмыспен үзіліссіз ұзақ уақыт айналысудың
зиянды жақтары да болуы мүмкін. Бұлай жұмыс істеу әдетке
айналар болса, мидың шаршауынан туындайтын ауруларға


әкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан жұмыс түрлерін ауыстыру
арқылы тынығуды елеусіз қалдырмаған жөн. Мұнда жұмысты
ауыстыру дегенде толықтай басқа іспен шұғылдануға ауысу
емес, уақытша миды демалдыру үшін күнделікті айналысатын
істерде кезек-кезек түрлі жұмыстарды жасап отыру меңзеледі.


Өткеннен – өнеге, ұлыдан
– ұлағат

ПАЙҒАМБАР ӨМІРІНДЕ УАҚЫТ
«Мұсылманмын, Мұхаммедтің үмбетімін» деген әрбір жанға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет