Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


«Көрінетіннің мəйегі», Виннердің айтуы бойынша, қазіргі



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

«Көрінетіннің мəйегі», Виннердің айтуы бойынша, қазіргі 
таңда барлығы мойындаған ақпарат теориясы болып 
табылады. «Ақпараттылықтың» əлі күнге дейін өркениеттілік 
сапа ретіндегі барлығы бірдей қабылдаған түсіндірмесі жоқ 
екендігі жайында айтылған болатын. Өйткені ақпараттың 
əмбебап анықтамасы жоқ. Ол да бір сусып тұрған шындық. П. 
Буастың көрсеткен парадоксы осында өте орынды: «Ғылымдар 
шегі көкжиек секілді: неғұрлым оған жақындай түссең, соғұр-
лым ол сенен алыстай бастайды».
Осыған орай, ақпараттың қандай да болсын анықтамасынан 
бас тарту дұрыс сынды. Себебі ол да Құдай, материя, энергия 
тəрізді іргелі өлшем болып саналады.  Жалпы ақпараттық кон-
текстіні мағыналылықпен толықтыру «қараңғы бөлмеде қара 
мысықты» іздеуді еске салады. Ақпараттық сөзжұмбақтың
ерекшелігі сонда ол «мысықтың» бөлмеде барлығы қаншалықты 
күмəнсіз болса, оның көптеген фантомдарының барлығы да 
соншалықты анық. 
Жаһандық нарық пен өндірістің жаһандық шеңберлік айна-
лымы нəтижесінде жаһандық тəртіп орын алатын болғандықтан, 
ал ол тəртіп ақпараттық логика мен басқару құрылымын ұста-


55 
натын болғандықтан, саяси жəне экономикалық жүйелер 
субъективті түсіндірудің бұрмалауы мен шектеулерінен боса-
тылады. Демек икемді де иліккіш əрі түр-түссіз таза ақпарат-
тылық болады. Соған сəйкес адамзаттың үйреніп қалған əлем 
бейнесімен амалсыз қоштасуына тура келеді. Нақты (шынайы) 
мемлекеттік шекаралар ауаға сіңіп жоқ болады, оның 
орнына жаһандық «көлеңкелі» виртуал қауымдастық жасап 
шығу келді. Алдыңғы қатарлы «жүйе əкімшілері» ақпарат-
тық пайғамбарларға айналып, «юзерлер», «шəйнектермен» 
біріге отырып, жаңа «ақпараттық əлеуметті» құрып барып, 
араласып кетеді.
Осы контекстіде индивидуалды жəне коллективті сананың 
өзіндік виртуалды жəне психологиялық өзгерісі де жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет