бара жатқан əлемде «адам сияқтыланбай», адам болып
қалудың өзі қиынға түсетіндей көрінеді.
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ғаламтор қашан пайда болды жəне оның адамзатқа берген мүмкіндіктері
қандай?
2. Ғаламтор жəне адамзаттың əмбебап құндылықтарын қалыптастыру
үрдістері.
3. Ақпараттық мəдениеттің қалыптасуы мен өміршеңдігі жолындағы
ғаламтордың ықпалы
4. Ғаламтор жəне адамның бос уақытын өткізу мəселесі.
70
5. Ғаламтор жəне интермəтінділік.
4.3 Мəдениет пен өркениет арақатынасы.
Мəдениеттер сұхбаты əлде өркениеттер
қақтығысы?
Қазіргі заман мəдениетінде өзектілік танытып отырған
мəдениет пен өркениет арақатынасы. Сонау романтизм дəуірін-
де алға көлденең тартылған осы бір мəселе бірнеше жүзжыл-
дықты артқа тастап тағы да қайта көтерілгені заңды. Өйткені
адамзат қазір технологиялық төңкеріліс куəгері болып отыр.
Батыс-христиан мəдени аймағындағы өркениет ұғымын
білдіретін "цивилизация" сөзі "civil" – "азаматтық" деген түбір-
ден шыққан. Ал оның түп этимологиясы "сыпайы", бойына
"тəрбиелі мінез баулынған адам" дегенге апарады. Ал,
шығыстық, нақтырақ алар болсақ, араб-мұсылмандық мəдени
аймақта басым көзқарастар бойынша, арабтың «тамаддун» деген
сөзі өркениет деген мағынаны білдірген. Ал сол сөздің
этимологиялық тамыры «мадина» – қала деген сөзден шығып
жатыр. Сол дериват түбірден құралған тамаддун – «қалалық
болу, қалада жиналу» деген мағынаны беретін болған. Қарап
отырсақ, араб-мұсылман дискурсивтілігінде мəдениет (мада-
ният) пен өркениет (немесе "тамаддунның") бір түбір сөзден
таралып, бір негізгі құндылықты – қалалық өмір құндылығын
паш етеді екен. Сондықтан болар, кейбір ғалымдар бұл сөздің
лексикалық мағынасына мəн беріп, өркениетті материалдық
даму аясындағы мəн-мағына тұрғысында түсіндіреді. Демек,
өркениеттің негізгі белгілеріне олар көбінде материалдық жетіс-
тіктерді – қалалар, қатынас жолдарын, керемет зəулім сарайлар
мен ғимараттардың салынуын жатқызады.
Өркениет ұғымы алғашқы қауымдық қоғамның орнына
келген тарихи кезеңге қатысты қолданылатындығы да белгілі. Л.
Морган мен Ф. Энгельстің (ХІХ ғ.) өркениетті тағылық пен
71
варварлықтан соң келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен
сипатталатын, сондықтан да «жоғары» сапалы қоғамның даму
сатысы деп қарастыруы кездейсоқ емес. Мəдениет пен
өркениет арақатынасы (бұл арақатынастың рефлексиясы емес,
арақатынастың өзі) алғаш рет мəдениетті – адамның индиви-
дуалдық-тұлғалық шығармашылық потенциалымен, ал өрке-
ниетті – азаматтық қоғамның тарихи процессімен байланыстыра
бастаған Қайта Өрлеу кезеңінен көрініс тапты.
Ағартушылық кезеңде мəдениет өмірдің индивидуалды-
тұлғалық жəне азаматтық-қоғамдық құрылымы деп қаралып,
осыдан мəдениет пен өркениеттік даму процессі бір-бірімен
сəйкес ендірілді. «Өркениет» терминін еркіндік, əділдік, құқық-
тық тəртіп орнаған азаматтық қоғамды, яғни, қоғамның белгілі
бір сапалық көрсеткіштерін, оның дамуының дəрежесін белгі-
леу үшін француз ағартушылары енгізді.
Шындап келгенде, "өркениет" ұғымы адамзат мəдениетіндегі
"қалалық революция" (Л. Уайт) нəтижесінде орнықты. Қала –
кейінірек "өркениет" деп аталған мəдениет түрінің орталығына
айналды. Сол қалалар бастапқыда қолөнершілердің жинақталып
тұрып жатқан мекені ретінде пайда болған еді. Қолөнершілер –
бір кəсіпке арнайы маманданған адамдар шоғыры – қаланың
алғашқы тұрғызушысы да, қаланың алғашқы тұрғыны да.
Жалпы, қолөнер мал шаруашылығы мен жер өңдеумен
салыстыра алғанда сол дəуірдің инновациялық, жаңашыл əрекет
түрі, жаңашыл экономика түрі болған еді дей аламыз. Өйткені,
мал шаруашылығын былай қойғанның өзінде, тіпті, жермен
айналысқан шаруашылық түрінің өзі де адамның көне əрі
дағдылы, табиғи қажеттілік негізінде дүниеге келген, табиғаттан
барды – жан-жануар мен жерді игеру негізінде пайда болған
əрекет түрі. Ал қолөнер болса, шындығында, мəн-мағынасы
жағынан нағыз шығармашылық, жасампаздық танытатын əрекет
түрі. Себебі ол табиғаттағы даяр дүниені алып, соны пайдалану
немесе өңдеуді місе тұтпай, сол табиғатта бұрын-соңды
болмағанды туындататын болған əрі қолөнер бұйымдары
көбінде тікелей өмірлік қажеттіліктерді өтей де қоймаған нағыз
мəдени бұйымтай болған. Соның нəтижесінде адамның өзіндік
72
санасының өсуі орын алды, оның жаңа типі қалыптасты.
Табиғаттан басыбайлы тəуелділік жібін үзгенін сезінген жаңа
сана формуласын Протагор былай деп берген екен: "Адам
барлық заттардың – бардың да, жоқтың да – өлшемі".
Сонымен, нағыз қолөнершілер гильдиясы қалыптасқанда,
яғни қолөнер əскери жорықтар мен жер өңдеу өнімдеріне керек-
жарақтыны берумен ғана шектелмей, өз алдына кəсіби маман-
данған əрекет түріне айналғанда, көпшілік тұтынатын тауарды
жасау ісін жолға қойғанда, сауда-саттық алмасу-айырбас
мүмкіндігін беретін ақшалай делдалдыққа əкелгенде ғана қала
қалыптасып, оның төңірегінде өркениеттілік үрдістер баста-
лады. Ауыс-түйісті есептесу үшін ғылымдар ішіндегі ең дерексіз
ғылым – математика дүниеге келеді. Жинақталған білім-ақпарат
қорын келесі ұрпаққа мирас етудің жаңа тəсілі – хат, жазу-сызу
пайда болады. Одан соң сол хатты таныту қажеттілігінен
туындаған білім берудің əлеуметтік институты дамиды. Дінге
қызмет етуден біржола кете қоймағанымен, ғылым, өнер бірте-
бірте өз дербестігін сезіне бастайды. Сөйтіп, қолөнер дамыған
жерде сауда-саттық қарым-қатынасы, есеп-қисап, жазу-сызу
өрбиді, қалалар салынады, онда кəсіби мамандану процесі жүре-
ді, білім беру ісі жолға қойылады, мемлекеттік қызмет түрлері
көрініс табады. Бұдан біз термин этимологиясының бекерден
бекер қала ұғымымен байланыстырылмағандығын мойын-
даймыз.
Өркениет ұғымының анықтамаларының көптігі, оны түсін-
діру барысында қалыптасқан көзқарастар мен сол көзқарас
иелерінің негізін қалаған мəдениеттанулық мектептерінің де
көптігі қарастырылып отырған феноменнің күрделі екендігін
танытады. Бастапқыда өркениетті "алғашқы қауымдық құрылыс
кезеңі" деп жалпылай атап қоятын адамзат тарихының,
мəдениетінің ең ұзақ та ең дерек-мағлұматы мардымсыз даму
сатысына қарсы қою арқылы анықтап жүрді. Өркениетті, Г.
Чайлд пікіріне сүйенсек, алғашқы қауымдық ұжымнан түбегейлі
түрде ажырататын он негізгі өлшем бар көрінеді. Олар
төмендегідей:
73
- адамдардың отырықшы ірі қонысының – қаланың болуы;
- өндіріс құралдарының жетілдірілуі;
- салық жүйесінің қалыптасуы;
- сауда-саттық, тауар айналымын қосқандағы экономика
дамуының өрбуі;
- кəсіби маманданудың жүзеге асуы;
- жазу-сызудың пайда болуы;
- бірнеше ғылым түрлерінің дамуы (арифметика, геометрия,
астрономия, философия);
- дамыған өнер түрлерінің кезігуі;
- əлеуметтік жіктердің пайда болуы;
- мемлекет институтының қалыптасуы.
Біздің пікірімізше, бұл өлшем-критерийлердің заманы əлде-
қашан өтті, оны қазіргі қоғамдағы мəдениеттерге экстраполя-
циялаудың еш жөні жоқ. Өйткен себебі, біріншіден, жоғарыда
баса айтқанымыздай, Г. Чайлд өркениеттіліктің бұл өлшемдерін
архаикалық қоғаммен салыстыру үшін қолданған. Екіншіден,
бүгінгі таңда осы аталған шамаларды өз дамуы барысында
басынан өткізбеген бірде-бір мемлекет жоқ.
Айта кететін бір жай, өркениет өлшемін берген осы бір
теория болсын, осы іспеттес, басқалары болсын өркениетке
дейінгі қоғамды дəл суреттеп бере алмайды. Өйткені ол дəуір
өркениетті дəуірден жүз есеге жуық ұзақ уақытты қамтиды.
Антропогенезбен пара-пар келетін культурогенез, соңғы архео-
логиялық мəліметтерге сүйенсек, 4 миллион жыл шамасын алып
жатыр. Ондай ірі уақыт масштабын игеру мүмкін емес əрі ол
туралы заттай-материалды айғақтар, жазба мағлұматтар жоқ
деуге болады. Соның нəтижесінде ол дəуірді зерттеуге ғалым-
дар аса қатты ынтықтық танытып та отырған жоқ. Зерттеген
күннің өзінде ол туралы тек болжам айту ғана мүмкін.
Қазақ тіліндегі "өркениет" сөзінің "өркендеу", "өсу" деген
мағыналық коннотациясы да өркениеттің мəдени дамудың
белгілі бір алдыңғысынан гөрі кеңірек аймақты қамтып, көбірек
байланыстар орнатып, жан-жағына таралуын білдіретіндігінен
де біз тегі мəдениеттен өрбіген жаңа қоғамдық сатыны өркениет
ұғымына сыйдырамыз. Өркениеттің де өзіндік кезеңдік ерек-
74
шеліктері бар. Мысалы, Г. Чайлдтың келтірілген өлшемдерін
қазіргі өркениетті даму сатысына – ақпараттық өркениет саты-
сына сай дей алмаспыз. Қазіргі өркениеттілік өлшемдерін тал-
даушыларға, бұрынғыдай біржақтылық емес, мəдени реляти-
визм тəн.
Американдық мəдениеттанушылар О. Тофллер мен Д.
Беллдің адамзат тарихын индустрияға дейінгі, индустриалдық
жəне постиндустриалдық дəуір деп үш сатыға бөлуі мəдени-
экономикалық өзгерістер негізінде қоғамның өндіріс күштерінің
өзгерісін көрсетеді.
Мəдениет философиясы аясында болсын, мəдениеттанулық
теориялардың қайсыбірінде болсын мəдениет пен өркениетті
антипод ретінде көрсету ыңғайы кездесіп отыратындығына
қарамастан, мəдениет өркениет негізін құрайтындығын ешкім
жоққа шығара алмайды. Өркениетті мəдениеттің сыртқы
жамылғысы, бүркеніші деп қарайтын да ұстанымдар жеткілікті.
Егер біз Шпенглерше мəдениетті рух ұғымы төңірегінде
түсіндірер болсақ, онда өркениетті сол рухтың объективті
заттық əлемде танылуы үшін керекті өзіндік бір тірі ағза деп
аламыз. Рух түсінігіне сай, оның салыстырмалы тұрақтылығы
туралы айта аламыз, ендеше, мəдениет туралы да мəңгілік кате-
гориясы тұрғысынан сөз ете аламыз. Ал сол рухтың материал-
дық қабығын құрастырып отырған өркениет үнемі өзгерістегі
шындық. Себебі онсыз өркениеттің өзгермелі ортаға бейімделу
мүмкіндігі азаяр еді.
Өркениет – ашық жүйе. Ал ашық жүйе əрқашан жаңа
ақпаратқа ие, ал ақпаратты өңдеу үзіліссіз үрдісті талап етеді.
Өркениеттің негізгі қызметтерінің бірі – қарым-қатынас, комму-
никация қызметі. Өркениет өзінен басқа келесі бір өркениет-
термен əрдайым түрлі деңгейлерде қарым-қатынаста болып
отырады. Қарым-қатынас – өркениет болмысының міндетті
шарты, тіршілік ету көзі. Өркениет теориясының іргесін қалау-
шылардың бірі А. Тойнбидің пікірінше, өркениетті қиыншы-
лығы мол жол күтіп тұр. Адам жаңа нəрселерді жаратудан еш
жалыққан емес, себебі бұл оның тумысынан берілген қасиеті.
75
Сол жасампаз адамның шеберлігінің көрінісі болып табылатын
өркениет үшін де жаңашылдық өркениеттілік өзегі.
Өркениет генезисі адамның өзіндік табиғат шектеулерін
жеңуіне байланысты екі аспектіде көрінеді. Бір жағынан адам
өзіне ішкі табиғатты бағындырып, қоғамдық болмыс дамуының
ықпалынан босатылады, ал екінші жағынан, қоғамдық мəннің
пайда болуы, адамнан өзінің жеке, ішкі табиғатына қожалық
етуді талап етеді. Осы аспектілердің тұтастығы өркениет
шартындағы қоғам мен адам дамуынан тұрады, олар біріге
отырып қоғамдық байлықтың өндіріс үрдісін құрайды. Өрке-
ниет – бұл заңды нəтиже жəне адамдардың жасампаз іс-əрекет-
терінің жемісі. Тек қоғамдық байлықтың жиналуы ғана адам
өмірінен өркениеттік сапаның нышанын сездіреді. Өркениет
құндылықтары – əлемдік байланыстардың дамуын қамтамасыз
ететін əмбебап құндылықтар.
Сонымен, қорытындылай келе өркениет дегеніміз не, өрке-
ниет пен мəдениет арасында айырмашылық бар ма деген сынды
ашық та даулы сұрақтар төңірегінде жалпы мəдениет филосо-
фиясы, одан өрбіген мəдениеттану өз бастауын тапқан десек
жалған айтпаған болар едік. Өркениет – тірнек ретінде мəде-
ниеттің ұзақ мерзімді тариxи дамуының нəтижесі. Ең бастысы
мынау – "цивилизация" ("өркениет") терминін тайпалық сана-
дан (трайбализмнен) босанып шыққан адамға қатысты айтуға
болатындығы (М. Маклюэн).
Бір жағынан, мəдениеттің ішкі мəндерін ұғыну, мəдени
көптүрліліктің кең көкжиегін игеру, қандай да болмасын мəде-
ниеттің ішкі құрылымымен танысу, қоғамның тарихи болмысы-
ның ритмдерін жəне болашақтағы перспективаларды түсіну,
мəдениет пен өркениет арақатынасын əлеуметтік-ғылыми жəне
гуманитарлық танымның өзекті мəселелерінің бірі етті.
Қандай да бір идея өзінің заманына сай, ондағы сұраныс-
талапқа сай туары сөзсіз. Гарвард университетінің профессоры
С. Хантингтонның өркениеттер қақтығысы туралы мəдениет-
танымдық болжал-гипотезасымен келісуге де, келіспеуге де
болады. Бірақ оның айтқандарының "жаны барлығы" даусыз.
С. Хантингтонның айтуы бойынша, ХІХ ғасырдағы қақтығыс-
76
тар, негізінен, əскерін ұлғайтпақшы болған, экономикалық күш-
қуатын нығайтқысы келген, ең бастысы, өз иелігіне жаңа жер-
лер қамтығысы келген императорлар, монархтар арасында
батыс аймақта жүріп отырыпты. Ал ХХ ғасыр екі идеологиялық
жүйе арасындағы текетірестік орбитасына əлемнің көптеген
мемлекеттерін тартып, жұмыр жерді қаққа бөле жаздапты.
Сараптап қарасақ, ел билеушілер, ұлттар, мемлекеттер, идеоло-
гиялар арасындағы бүкіл əлемді отымен шарпып өткен
қақтығыстар, көбінде, батыс өркениетінің еншісінде болған
екен.
ХХІ ғасыр, Хантингтонның сəуегейлігіне сүйенер болсақ,
авансценаға батыстық емес өркениеттердің белсенді түрде
шығуына байланысты туындайтын өркениетаралық жанжал
дауына душар болмақ. Ол, əсіресе, "қарт" Еуропа мен балаң
Еуропалық емес өркениеттер арасындағы айқас болмақ.
Хантингтонның айтуынша, бүгінгі əлем өркениеттік өзіндік
сананың өсуі, өркениеттік бірегейлену (идентификация) үрдісін-
де жүрсе керек. Ал оның ақыр аяғы дау-дамайсыз бітпейді деген
үрейлі болжам тағы бар. Сонда бірегейлігін сезінген өрке-
ниеттер қақтығыспай тұра алмайды ма екен?! Жаһандық
келеңсіз оқиғалардың алдын алу мүмкін бе екен?! Жаһандық
маңызы бар өмірлік мəселе дəл сол бір превентивті шаралар
(жанжалдың алдын алу шаралары) туралы болмақ.
Жанжал, соғыс теорияларын уағыздау арқылы көп бүлік
жасауға болады, бірақ адамдарды ымыраластыруға оның күші
келмесі анық, тіпті, мүлдем келмейді десек болады. Сондықтан
гарвардтық ғалымның концепциясы екінің бірінің аузында
жүрген бүгінгі шақта одан сəл ертерек дүниеге келген М.
Бахтиннің диалогизм идеясын ұмыт етпесе де, сырт қалдырып
қоюдың еш жөні жоқ. Ырду-дырдудан көз ашпаған алмағайып
əлемде бейбітшіліктің мамыражай күйін орнатар жалғыз
мүмкіндік – мəдениетаралық диалог.
Мəдениет қашанда мəдениеттер шекараcында, олардың бір-
уақыттылығында, олардың диалогының арқасында өмір сүреді
əрі дамиды. Əрбір мəдениет басқа бір мəдениеттің сұранысы-
ның жауабы ретінде, сол бір басқа мəдениеттің қажеттілігі
77
ретінде туындайды. Мəдениеттің "пешенесіне" өзінің болмысы-
нан тыс басқа əлемде өмір сүру жазылған, диалог – мəдениеттің
тағдыры.
М. Бахтин мəдениет концепциясын өзінің диалогизм
принципіне сүйене отырып тұжырымдайды. Ол үшін мəдениет –
сұхбаттық мүмкіншілігі ұлан-асыр ашық құндылықтар жүйесі.
Мəдениеттің болмыстық сұхбаттылығының негізінде мүмкін
болған мəдениеттер сұхбатын адамдар арасындағы диалог
іспеттес қарастыруға болады ма? Иə, өйткені мəдениет адамның
белсенді іс-əрекетінің, еркін шығармашылығының, оның өзіндік
ішкі мəндік қасиетінің көрінісі. Мəдениет – адамның шығарма-
шылығының нəтижесі болғандықтан да тікелей адам іс-əрекеті-
мен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасы-
ның жемісі болып табылатын барлық нəрселер сияқты, мəдениет
те өз бойына тұлғалық бастаманы толығымен сыйғызады.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген
мемлекеттеріне біріккен неше миллиардтаған саны бар
жұртшылық. Олардың бəріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың
бəрін ортақтастыратын нəрсе – мəдени сұхбат, мəдениетаралық
коммуникация. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
мəдени-əлеуметтік өмірде өзінің нақты орнын таба білген мəде-
ниеттер сұхбаты идеясы – қазіргі заманның көкейтесті тақыры-
бына айналып отыр. Ондай биік мақсатты идеяға адамзат бірден
келе қоймағаны мəлім. Адам болмысы – қарым-қатынас тұң-
ғиығы. Мəдениеттер сұхбаты – өркениеттілік еншісі. Өйткені,
өркениет – өркендеген мəдениет, коммуникация құралдары
қалыптасқан, алыс-беріске түскен мəдениет.
Мəдениеттің өркендеуі, яғни өркениеттілік сатысы адам
сезімдерінен алынған əсерлердің көшірілу, қосарлану, яғни
бекітілу түрлерінің көбеюінен, коммуникация, байланыс жолда-
рының дамуынан да айқын көрінеді. Ендеше, түрлі тілдердің
бөтендігін (бірін-бірі жатсынуын), алуан мəдениеттердің алшақ-
тығын аттап өтудің құралы ретіндегі аударма ісі де – өрке-
ниеттің өнімі. Яғни, аударма – мəдени байланыстың, мəдени
ортақтасудың, мəдени сұхбаттың негізгі əрі пəрменді құралы.
Аударма – өркениеттілік талабы, себебі, тек өркендеген, қанат
78
жайып, қиыр шарлар кезі келген, өрісін кеңейткен, "оңы мен
солын", яғни "өзінікі" мен "өзгенікін" танып қалған мəдениетте
ғана аудару ісі қолға алынады.
Əрбір мəдениет басқа мəдениет тəжірибесін өзіне пара-пар,
лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысын кеңейту,
ұлғайту мүмкіншілігі деп те қарастырғаны жөн. Мəдениеттер
сұхбаты мəдениеттерді байытады, өйткені “Басқа” – менің шегім
емес, менің басқа мүмкіншілігім. Мұндай презумпция қандай да
болмасын мəдени-əлеуметтік эгоцентризмге жол бермейді. Олай
болатын болса, бүгінгі таңда өркениетаралық, халықаралық,
ұлтаралық жəне т.б. шиеленістерді тежеудің бірден бір тиімді
əдісі мəдениеттер сұхбаты болып отыр.
Мəдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар болған жерде
мəдениет те бар. Ал адамның санасының түбегейлі қасиеті –
оның интенционалдығы. Бұл термин адамның о баста өз өзімен
ғана шектеле алмайтындығын, қашанда өзінің нақты болмысы-
нан тысқарыға ұмтылатындығын білдіреді. Ал мəдениеттің мəні
оның болмыстық сұхбаттылығында, əмбебаптылығында. Басқа-
үшін-болу – адамның да, мəдениеттің де мағыналық анықтама-
сы. Жалпы, болу дегеніміз – қарым-қатынаста болу деген сөз.
Сонымен, өркениет – өркен жайған, өскен мəдениет, яғни
мəдениеттің жаңа бір даму сатысы, жаңа бір сапалық түрөзге-
рісі. Тіпті, керек десеңіздер, егер мəдениет жаратылыстық
қажеттілік түріндегі оқшаулану, бөлектену, яғни өзіндік иденти-
фикация (бірегейлену) талабынан туса, өркениет сол "жекешіл",
"өзімшіл" мəдениеттің Басқаларды танып, мойындап, Басқалар-
ға "ашылуы", диалогқа ықылас таныту кезеңі. Өйткені өсу-өну-
өркендеу дарашылдықтың жеке өзінің қатысуымен болатын
үдеріс емес, ол қайткен күнде Басқаның болуын, оның қатына-
сын талап етеді.
Ендеше, өркениеттілік сана жатқа деген толеранттылықты
қалыптастырудан басталса керек. Аталған толеранттылық, яғни
Басқаның "басқалығына" деген төзімділік, басқаны "жат" бол-
ғаны үшін ғана кемсітуге жол бермеу – толысқан мəдениеттің,
демек, өркениеттің шығар биігі. Өзге мəдениетті қабылдауға
деген даярлық толерантты сананың болуынан басталады. Ол
79
толеранттылық мəдениетте бірден, туа біте қалыптаспайды. Оны
мəдениет бойына егу, баулу қажет.
Жас нəрестенің өз жақындарынан, туыстарынан басқа жат
адамды жатырқап, бөтенсінетіндігі сияқты, "буыны қатпаған"
мəдениеттерде ксенофобияның болуы дұрыс болмаса да
орынды. Сəбидің өсе келе көп адамдар арасына түсуінен бастап,
қауымдасуынан (социализациялануынан) бастап Басқа алдын-
дағы қорқыныш орнын Басқаға деген қызығушылық, Басқалар-
мен қоса əрекеттену тиімділігін түсіну басатындығы сияқты,
мəдениет те өркениеттілік сатысында мəдени қауымдастық
өміріне, оның өзіндік талаптарына ден қояды. Нəтижесінде,
меніңше, аралас-қораласы көп мəдениетте өркениеттік толе-
ранттылық, сұхбатқа ынталы сана қалыптасады. Сол сияқты,
Достарыңызбен бөлісу: |