80
айналды. Міне,
философия, мəдениеттану сынды “абстрактілі”
ғылыми пəндердің қажеттілігі қайда жатыр …
Қара жер бетінде үлкенді-кішілі өзендер бар да, солардың
барлығы дерлік суын құятын алып теңіздер,
мұхиттар да бар
емес пе?! Сол сияқты, мүмкін, ғаламдану мұхит бейнесін
танытса, оны мүмкін етіп отырған өзендер ұлттық мəдениеттер
шығар?
Қалай дегенмен де, дəл қазір, біз жаһандану
процессін,
глобализм принципін біржақты дəріптеп, даурыға мақтауға да,
немесе кінəлап, даттауға да болмайтын өте күрделі күйдеміз. Бір
білетініміз – жаһанданудың алғышарттарының бүгінгі таңда
пісіп-жетіліп қалғандығы. Ал біз жəне басқалар осы бір ұлы
сынға дайынбыз ба, дайын емеспіз бе – ол
көп те жан-жақты
ізденістерді қажет ететін үлкен сұрақ белгісі. Алдыңғы тарауша-
да кеңінен талқыланған өркениет мəселесін жаһандану үрдіс-
терімен байланыстыра қараудың өз қисыны бар деп ойлаймын.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өркениетті алғашқы кезекте
алғашқы қауымдық құрылыс кезеңімен теңдестірілген тағылық
дəуіріне қарама-қарсы қойып қарастыру сарыны басым болды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы капиталистік
экономиканың қарқынды дамуы нəтижесінде
пайда болған
индустриалдық қоғамның негізгі сипаттамасына ("тұтынушы-
лық ғасыры") сай өркениетті адамның мəдени болмысының
техника-технологиялық өрбу кезеңі деп анықтаудан туған
"мəдениет" жəне "өркениетті" антиподты дихотомия ретінде
тұжырымдаудың (О.
Шпенглер, неміс мəдениет философия-
сының өкілдері, орыс мəдени-философиялық мектеп өкілдерінің
кейбіреулері…) да уақыты өткен сияқты. Ендігі жерде
"ақпараттық революция" екпінінен жаратылған постиндустриал-
дық қоғамға сай "телекоммуникациялық өркениет" концептуал-
ды тұрғыдан мүлдем басқа негізде, яғни ақпарат құралдарының
күрделенуі нəтижесі ретінде қарастырылуы керек.
Бірте-бірте мəдениет жайлы өркениеттің рухани мазмұны,
өркениеттің
рухы деген ой қалыптасуда, мəдениет пен өрке-
ниеттің бір-біріне келіспейтіндігі айқындалуда. Бүгінгі таңда,
81
мəдениет əлемі – тарихи дамудың түп негізі, өркениеттің негізі
екендігі баршаға мəлім.
Достарыңызбен бөлісу: