Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге



Pdf көрінісі
бет36/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

 
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. БАҚ дегеніміз нені білдіретін аббревиатура? 
2. «Бар мəселе БАҚ- та!» деген М. Маклюэннің сөзін, «төртінші билік» 
дегенді қалай түсінесің?
3. Қазіргі жағдайдағы БАҚ-тың жауапкершілік мəселесі. 
4. Бұқаралық мəдениет ұғымын қалай түсінесің? 
5. А. Хаузердің бұқара адамы туралы сипаттамаларын келтіріп кет. 
6. Хосе Ортега-и-Гассеттің «Тобыр көтерілісі» деген еңбегін 
талдап беріңіз. 
5.2 Тобыр адамының сипаттамалары
жəне тобырлық өнер үлгілері 
Алдыңғы тараушадан белгілі болғандай, БАҚ-тың туындат-
қан бұқаралық қоғамы мен оның бұқаралық мəдениетін тұтыну-
шы адамның өзін біз тобырға жатқызамыз. Тобырдың басты 
сипатына оның өзіндік бірегей «Менін» жоғалтып, еркіндік пен 
ырықтылықтан айырылуы жатады. Тобырда мəдени жəне өрке-
ниеттік кері кету анық байқалады. Саналы таңдаудың орнын 
еліктеу, соқыр сенім, психикалық қозу алады. Тіпті, көзі ашық 
сауатты адамның өзі де тобырда “варварға” айналып кетеді.
Тобыр бейсаналы түрде қалыптасса, белгілі бір адамдар 
ұжымы (айталық, əскери немесе діни ұжымдар) арнаулы мақсат 
үшін ұйымдастырылады. Ұжымға тəн белгілер төмендегідей: 
1. Мүшелерінің тұрақтылығы; 
2. Көпшілік мүддесін аңғару; 
3. Арнайы дəстүрдің барлығы;
4. Құрылымның (субмəдениеттердің) орнықтылығы. 


90 
Адам санасын өз көздеген мақсатына қарай ыңғайлау – ХІХ 
ғасырдың аяғынан бастап мəдениеттануда, философияда, психо-
логияда басты проблемалардың біріне айналып келеді. Бұқара-
ның уақытша жəне тұрақсыз формасы – тобыр. 
Ле Бон «Тобыр психологиясы» деген еңбегінде адамдар 
ұжымының ерекшеліктерін былайша қысқашалап көрсетеді. 
«Тобыр жаны» деген бөлімінде ол тобыр ішінде саналы тұлға 
жоғалады, өйткені онда біртұтастықты құрайтын жеке тұлғалар-
дың идеялары мен сезімдері бір бағытта болады дегенді айтады. 
Индивид тобырдың арасында бірнеше уақыт болғанда тобырдан 
шығатын əлдебір қуаттың əсерінен бе, немесе басқа себептердің 
əсерінен бе белгісіз, гипноздағы субъект жағдайын еске түсіре-
тін жағдайға – сананың өзгерген күйіне түседі. Тобыр – сапалы 
жаңа жүйе. Онда қосынды да, оның құрамына енетін орташа 
элементтер де жоқ, бірақ осы элементтердің комбинациясы жəне 
содан туындайтын жаңа қасиеттері бар.
Индивид тобырда жеңілмейтін күш сапасын табады. Сол 
сапада адам жалғыз болғанда еркін бермеген инстинктер жете-
гінде кетеді. Тобыр арасында ол бұл инстинкттерді ауыздықтай 
алмайды, себебі тобыр анонимді жəне жеке бас жауапкершілігін 
арқаламайды. Жеке индивидтерді ұстап тұратын жауапкершілік 
сезімі тобырда мүлдем жоғалады. Адам тобырда əбден илан-
ғыш, сенгіш келеді. Тобырда барлық сезімдер, барлық іс-əрекет-
тер жұқпалы ауру іспеттес біреуден біреуге лезде беріледі əрі 
индивид өзінің жеке бас мүддесін көпшіліктің мүддесіне оп-
оңай құрбандыққа шалатын деңгейде болады. Бірақ аталған 
мінез-құлық адам табиғатына қарама-қарсы, сондықтан адам 
оған тек тобыр ішінде ғана қабілетті. Ол барлық тəуелсіздікті 
жоғалтпас бұрын оның идеясында жəне сезімінде өзгеріс жүру 
керек. Өзгеріс болғанда терең өзгеріс орын алады: сараңды – 
ысырапшылға, скептикті – сенгішке, қорқақты – батырға айнал-
дыратындай өзгерістер орын алады. 
Тобырдың сезімдері қандай болсын – мейлі жақсы, мейлі 
жаман, олардың сипатты белгілері біржақтылық жəне əсірелеу-
шілік болып табылады. Сезім күші тобырда жауапкершіліктің 
жоқтығынан күшейе түседі. Тобыр ешқашан шындыққа ұмтыл-


91 
майды. Ол өзіне ұнамайтын айқын анықтылықтан теріс айна-
лады. Адасуға жол беруді сөкеттік санамайды. Кім тобырды 
адасуға бастаса, сол оп-оңай əлгі тобырдың басшысы болады, 
кім оны жөнге салып, ақылға келтірсе, сол əрқашан оның құр-
баны болады. Ле Бон тобырдың сынаптай сусып тұрған өзгер-
мелік қабілетіне көп көңіл бөледі. Бұл дегеніміз адам тобырда 
шынымен жаңа сапалық күйде болады деген сөз. 
Бұл тақырыпты «Көпшілік көтерілісі» еңбегінде Ортега-и-
Гассет те қозғайды. Бұқараның адамы болуға бейім жəне тобыр-
ға қосылуға бейім индивид – бұл белгілі бір мектеп түрінде 
білім алған, белгілі бір ойлау жүйесі бар жəне бұқаралық мəде-
ниеттің атомдалған азаматтық қоғамында тұратын адам. Бұл 
жауапкершілік сезімін оңай құрбан ете алатын адам. Оған 
«тобырқұруды» мінез-құлықтың технологиясы сияқты қолдану-
шылар – саясаткерлер де көмектеседі.
Өнер де бұқаралық мəдениет заманында өзінің бұрынғы 
формаларын жоғалтады. ХХ ғасырдың алғашқы он жылдық-
тарында өнер бұрынғыдай таңдаулы нəзіктігінен айырылып, 
күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттармен: өртенген 
кенептер, сыраның, пепси-коланың банкілері, көптеген шегелер 
тізбегі қағылған орындықтар мен музыкалық аспаптар, адам 
муляждары жəне тағы басқалармен толықтырылатын болды. 
Суретшіге кей жағдайда кəсіби машықтылығын жетілдірудің өзі 
қажет болмай қалғандай сыңай танытты. Себебі өнер тым тұлға-
лық сипатқа ие болып, кəсіби машықтылықтың орнын, кей 
жағдайда, интеллектуализм басты. 
Иррационалдықты пір тұту, түсінікті формалардан ауытқу 
өнер туындысын көпшілік үшін түсініксіз етті. Өнер бұл 
жағдайда өзін түсінетін аз ғана зиялы топқа қызмет көрсетуші 
болып шыққандай. Көпшілік жұртшылық жаңа өнерді түсінуден 
бас тартты. Шындығында да жаңа өнер олар үшін абсурдты, 
түсініксіз болды. Ол шындықтан ауытқып, өнерден алшақ кетті. 
Бұл аз топқа арналған, негізінен суретшілердің өзіне ғана 
бағытталған «таза өнер» еді. Сөйтіп, «өнер үшін өнер» деген 
ұрандау да басталды.


92 
Қазіргі заманның тағы да бір ойшылы Г.Г. Гадамер бұқара-
лық мəдениеттің ең төменгі деңгейінде тұрған кич, “өнердегі 
талғампазсыздықтың” пайда болуы туралы айтады. “Кич” сөзі-
нің этимологиясы «for the kitсhen» – «ас үй үшін» деген ағыл-
шын сөзі мен немістің ХХ ғасыр басында пайда болған музыка-
лық жаргоны – «Кітсh» - «халтура» сөзінен шыққан. Əдебиет 
болсын, музыка немесе кино болсын “кич” өнерінің заңдылығы 
бір: қайталану, сыртқы əсерлерге ұмтылу мен мазмұны жағынан 
тұрпайы болу. 
ХХ ғ. техника мен интеграция ғасыры деп аталды. Осыған 
байланысты техникаға тікелей байланысты өнер өзекті мəселеге 
айналды. Бүгінгі күндері көркемдік фотографиялар, кино, теле-
дидар, эстрада, светомузыка кең етек алды. Техниканың арқа-
сында өнерді аудиторияға жеткізудің тілдік мүмкіндіктері 
кеңейіп, өнердің көпшілікке таралу аясы кеңеюде. Театр – тек 
актерлер мен режиссердің шеберлігі ғана емес, сонымен бірге 
көріністің түрлі түстермен жəне музыкамен безендірілуі арқа-
сында мағыналық жеткізілу əсерлері тұрғысынан байыды. Кейде 
театрлық қойылымдарда лазер, слайд, кино, голография пайда-
ланылады. Музыка саласында дыбыс шығарудың түрлі элек-
трондық жаңа əдістері пайда бола бастады.
Есеп техникасы мен технологиясының тез қарқынмен дамуы, 
сонымен қатар, компьютерді пайдалану электрондық синтезатор 
арқылы ерекше дыбыстарды алу мүмкіндігін туғызады. Өнердің 
тағы да бір “синтезделген” түрі – мультимедиялық өнер өнімі, 
бұл əдіс диапозитивтерді, фильмдерді музыка орындалған кезде 
пайдалануды жобалайды. Басқаша айтсақ, видеоклиптер 1958 
жылы Брюссельдегі халықаралық көрмеде “Филипс” фирмасы-
ның павилионында ең алғаш рет қолданылды. 
Сонымен, бір жағынан алғанда қазіргі заман мəдениетінде 
жаңа өнер түрлерінің пайда болуы мен кез келген адамның өз 
əлі келгенше шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік бар. 
Ал басқа жағынан алғанда адамның өнерде техникалық құрыл-
ғыларды кеңінен қолдану арқасында одан бір табан алыстап та 
бара жатыр.


93 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет