Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазіргі заман мəдениетіндегі адамзаттың ортақ құндылықтары қандай?
2. Бүгінгі адамзат алдында тұрған ортақ мақсат қандай?
3. «Мыңжылдықтың алға қойған мақсаттары» жөнінде не айта аласың?
4. Аурелио Печчеи мен Рим клубы мүшелерінің ұсыныс-идеялары туралы
не айта аласың?
106
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай”
айқындала түскен қазіргі заман мəдениетінде нендей ерен үрдіс-
тер орын алып отыр, ондағы қағидалы құндылықтардың түп-
төркіні қайда жатыр, бірыңғайлана бастаған бұқаралық мəде-
ниет заманында бірегейлік тағдыры не болмақ, тұтынушы пси-
хологиясынан туындаған тобыр адамы неден тайынбайды жəне
тағы да басқа көптеген сұрақтар төңірегінде ой өрбіткен осы оқу
құралы студенттердің игілігіне жарар деген үміттеміз.
Өзің өмір сүріп отырған заманыңның, ондағы басым мəдени
құндылықтардың алғышарттары қандай болғандығын, адам
санасын жаулап алу технологияларының жүзеге асырылу жол-
дарын ой таразысынан өткізген жастар үшін бұралаң-бұлтарысы
көп, берілмеген жауабынан гөрі қойылмаған сұрақтары көп
қазіргі заман мəдениетінің ішкі қисынын түсінудің өзі де аса
маңызды мақсат.
Жаһанданған жалпыланған əлемде өзінің жұтылып кетпеу
қамы толғантқан ұлттық мəдениет “ұлы көштен” қалмастың да
қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мəдениет өзінің өміршең-
дігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мəдени
сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс. Мəдени сұхбат үрдісі
аясында ұлттық мəдениеттің жаңғыруы өзге мəдениеттер даяр-
лаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып
тіреледі.
107
Достарыңызбен бөлісу: |