Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Өнер мен техниканың өзара əрекетінің негізінде қазіргі заман
мəдениетінде өнердің қандай жаңа түрлері пайда болды?
2. Əдебиет, музыка, кино, театр, кескіндеме өнерлеріндегі кич мысал-
дарын келтіріңіз.
3. «Өнер үшін өнер» дегенді қалай түсіндірер едіңіздер.
4. Өнер тілі мен мəдениет тілінің арақатынасы.
5.3 Қазіргі заман мəдениетіндегі адам
тұлғасының көшпелі-маргиналды тезаурусы
Қазіргі заман мəдениетіне жалпылама түсініктер, жалпылама
сипаттамалар бере отырып, сол қазіргі заман мəдениетінің
жасаушысы да, тұтынушысы да – қазіргі заман адамын назардан
тыс қалдырмаған жөн. Қазіргі заман адамының көшпелі-
маргиналды тезаурусы деп аталынған осы тараушадағы тезаурус
дегеннің нені қамтитындығын анықтау үшін тезаурустық көзқа-
рас туралы біраз айта кеткен жөн. Əлеуметтік-гуманитарлық
ғылымда жеті сатылы "тезаурус пирамидасы" деген концепция
бар. Ондағы сатылар төменнен жоғарыға қарай бағышталған əрі
олар адамның өмір бойына шешіп отыратын маңызды-маңызды
деген мəселелерін көрнекілейтін сатылар. Ретімен келтіріп
кетейік:
1. Өзін-өзі сақтап қалу мəселесіне қатысты тезаурус
2. Түр ретінде таралу, ұрпақ қалдыру, отбасылық қарым-
қатынас, жыныстық лəззатқа қатысты тезаурус
3. Қоғамның иерархиялық құрылымының болуына байла-
нысты билік тезаурусы
4. Сезім деңгейіндегі қарым-қатынас мəселелеріне (махаббат,
достық, қызғаныш, көре алмаушылық, жек көрушілік жəне т.б.)
қатысты тезаурус
5. Диалог, хат, ойын жеткізе білуге қатысты тезаурус
94
6. Шындықты теориялық ой сараптамасынан өткізуге
қатысты тезаурус
7. Сенім, интуиция, санадан биік жатқан санаға қатысты
тезаурус.
Айта кететін бір нəрсе – осы пирамиданың төменгі сатысы-
нан неғұрлым жоғары көтерілу аса қиын, ол екінің бірінің қолы-
нан келе бермейді. Мысалы, бірінші-үшінші сатыларда тоғы-
шарлық мəдени деңгей анықталады. Ол сатылар үйде отырған
"сары қарын, салпы етек" əйелге де, жоғары материялар туралы
сөз етуші философ академикке де ортақ тезаурустар. Ал одан
неғұрлым жоғарылаған сайын адам саны азая түседі деуге
болады. Ал жалпы осы сатылардың барлығы қосыла келе,
əсіресе, үшінші сатысынан бастап мəдени тезаурус ұғымының
мазмұнын құрайтын болады.
Қазіргі заман адамының тезаурусын сөз еткеннен бұрын осы
тарауша мəтіні контекстінде тезаурус деп нені айтатындығы-
мызды жəне де оның алдыңғы "тезаурустар пирамидасындағы"
тезаурус түсінігінен ерекше екендігін сөз еткен жөн болар еді.
Лингвистикалық тұрғыдан алғанда, тезаурус (грек. "thesauros" –
қазына-байлық) тілдің барлық сөздері туралы толықтай мағлұ-
мат жинауға деген талпыныс. Ол талпыныс тілдің əрбір сөзінің
қай жағдайларда пайдаланылуын да, мағынасының талданылу-
ын да, тіпті, қайсыбір тілге қалайша аударылуын да қамтуға
тырысады. Əрине, бұл талаптардың кейбіреулерінің тірі тіл
үшін толықтай орындалуы мүмкін еместігі белгілі. Бұл тезаурус
терминінің бастапқы филологиялық мағынасы екен. Қазір
көбінде тезаурус деп синонимдер жинағын айтып жүрген
жағдай бар.
Егер тілге қатысты тезаурус дегеніміз оның өзінің қалыптасу
барысында жинақтаған сөздік қорын, тілдік қазынасын білдіре-
тін болса, мəдениетке қатысты да, адамға қатысты да тезаурус
деп оның өмір жолында жадысында жинақталған өмірлік маңыз-
ды ақпараттар жиынтығын айтуға да болады. Басқаша анықтар
болсақ, тезаурус – жүйелі жады, ал мəдени тезаурус дегеніміз
мəдени жады десе де болғандай. Сонымен, т езаурус деп адам
жадында сақталатын, сол адамның өмір жолында жинақтаған
95
тəжірибелік білімін айтады. Ол тəжірибелік білім қажетті
ақпаратты тиімді түрде қабыл алуға мүмкіндік береді.
Тезаурус – ортақ əлеммен байланыс барысында жинақтала-
тын адамның өзіндік жеке дүниелер қоры. Тезаурус туралы
ұғым қалыптастырғаннан соң осы тарауға атау беріп отырған
қазіргі заман мəдениетіндегі адамның да тезаурусының сипатта-
маларын беруге болады. Оны номадтық-маргиналды тезаурус
деп белгілегендіктен, соларды нақтылай түсіндіруіміз де керек.
Демек, келесі сұрақ "маргиналдық дегеніміз не?" деуге бастап
апарады.
Маргиналдылық мəселесі – таза коммуникативті мəселе.
Маргиналдылық парадокстылықты білдіреді, яғни жалпыға
белгілі доксаға (ел аузындағы сөзге) қайшы келу. Элитарлы сана
маргиналдылығы Платон академиясынан көрінеді. Олар Акад
мүрдесінен арғы жерде (Академияда) серуен құра отырып,
кемеңгерлік ойларға жаттыққан. “Бақылаушының ерен орны
“маргиналды” – болып жатқаннан сырттай тысқары тұрған-
дығы, бірақ оқиғаға терең енгендігі)”. Шекара – алдағы болмыс
пен тіршіліктің берілгендігінің көрсеткіші. Əрбір қалыптасу
белгілі бір шекарада қалыптасу болып күшіне енеді, бірақ əрбір
өсіп-өну мен өркендеу сол шекарадан асып шығу барысында
жүзеге аспақ.
Маргинал терминін пайдалану тəжірибесінде бірнеше пəндік:
əлеуметтанулық,
саясаттанулық,
психологиялық,
мəдениеттанулық
көзқарастар
қалыптасты.
Бұның
өзі
қарастырып отырған ұғымымыздың пəнаралық сипатқа ие
полисемантикалығын білдірсе керек. Маргинал ұғымын 1928
жылы өзінің "Адамзат миграциясы жəне маргиналды тұлға"
("Человеческая миграция и маргинальный человек") деген
эссесінде ғылыми қолданысқа салып жіберген американ
социологы Р. Парк екені кім кімге болса да белгілі нəрсе. Оның
түсінігіндегі маргиналды тұлға күн өскен сайын кеңейе түскен
мəдени байланыстар нəтижесінде қажетті түрде дүниеге келетін
тұлға көрінеді.
Р. Парктың идеясын Эверет Стоунквист дамытып толықтыр-
ды. Эверет Стоунквистің 1937 жылы "Маргинал адам" ("Марги-
96
нальный человек") атты монографиясы жарық көрді. Оның
есімімен ғылымда маргиналдылық концепциясын біржола
орнықтыру жəне легитимациялау, яғни ұғымды ғылыми қолда-
ныста заңды деп тану басталғанын еске сала кетуге болады.
Стоунквист маргинал адамды мəдениеттер қарым-қатынасын-
дағы басты кейіпкер, негізгі тұлға ("keу-personalіtу") ретінде
қарастырды.
Роберт Парк маргиналды бір-бірімен ешқашан үйлеспейтін
екі мəдениет жəне екі қоғам аралығында қалып қойған адам
ретінде қарастырған. Сондықтан ол ешқашан жаңа қоғамға
қабылданбайды деп түсінген. Ал Эверет Стоунквист маргинал-
дық мəселесін оң қырынан қарастыруда алғашқы маңызды
қадам жасаған ғалым. Ол екіаралық тұрақсыз көшпелі, аумалы-
төкпелі күйдің, яғни жаңа ортаға, жаңа мəдени шындыққа
бейімделу күйінің адамды жаңа қасиеттері бар тұлғалық деңгей-
ге шығаруы мүмкін деп біледі. Мəдени маргиналдықты "зерт-
теуге" бағыт берген Р. Парк жəне Э. Стоунквистің дəстүрлерін
А. Антоновски, Р. Гласс, М. Гордон, М. Вуд, Р. Херрик
жалғастырды.
Маргиналдық мəселесін талдауда маңызды теориялық қадам
жасаған Т. Шибутани сынды американдық психолог болған еді.
Оның концепциясы бойынша, адам үшін маргиналды мəртебе-
нің жағымды əсері – маргиналды тұлға бойында шығармашы-
лық белсенділіктің əдеттегіден гөрі артық болуы. Психология-
лық тұрғыдан алғанда, шығармашылық белсенділік маргинал-
дың сол қоғамда орныққан адамдар алдында өзін ешкімнен кем
санамай, тіпті, керек болса, солардан артықпын деп, өзін мойын-
датқысы келетіндігінен туындаған өр сезіммен байланысты. Т.
Шибутанидың айтуы бойынша, кез-келген мəдениеттердегі
көптеген жаңалықтар қарқынды əлеуметтік өзгерістер уақыты-
нда, мəдени алыс-берістің көбейген кезінде жасалатын көрінеді.
Жалпы, мəдени шығармашылықтағы үлестің көбісі маргинал
адамдарда екендігін де байқауға болады екен.
Орыс зерттеушісі В. Шапинскийдің концепциясы да бізді
маргиналдық ұғымын мəдениеттанулық тұрғыдан түсінуге деген
ықыласымен қызықтырады. Ол маргиналдықты мəдени феномен
97
деп тұжырымдайды. Мəдени маргиналдық феноменін сипаттай
отырып, автор маргинал субъектің (индивидтің, топ-тың,
қауымдастықтың) қоғамның əлеуметтік құрылымына, саяси
институттарға, экономикалық механизмдерге қосылған-дығына,
сонымен бірге, берілген социумның мəдени құндылық-тарына
қатысты шекаралық, босағалық жағдайда екендігіне назар
аударады.
Автор маргиналдықтың мəдениет саласындағы жаңалықтар-
дың маңызды алғышарты ретіндегі мəнін атап көрсетеді. Ол
маргинал топтардың мəдени жаңашылдықты ұйымдастыру-
шылар жəне белсенді ұстанушылар болатындығын айтады.
Маргинал тұлғаны басқалардан ерен ететін басты ұстаным – ол
үшін "оның" өзінің ғана мəдениетінің жоқтығы. Оған əрбір
басқа мəдениет – танып-білу, жасампаз шығармашылық көзі. Ол
əлемді түрлі қырларынан көру мүмкіндігіне ие адам болып
табылады. Қорыта айтқанда, маргиналдық – өтпелі, шекаралық
аймақтың нақты белгісі, ал маргинал – оның тұрғыны, мекен
етушісі. Маргинал болу өз-өзінен жақсы да емес, жаман да емес.
Бірақ маргиналдық – мəдени таңбаланған жəне əмбебап-талушы
феномен екендігі рас. Маргинал адамның табиғатын
анықтайтын басты нəрсе – əлеуметтік дихотомия, "екі"-лік.
Маргиналды қабаттардың жағдайының қарама-қайшылығы тіл-
аралық деңгейдегі олардың мəдени бейнесінің амбивалент-
тілігінен де байқалады.
Мəдениеттанулық тұрғыдан қарастырғанда, маргиналдылық
мəдениеттердің шекаралас тіршілік ету болмысы мəселесіне
қатысты. Ал енді мəдениеттің онтологиялық сипатының, өз
табиғатының "шекаралық күйден" тұратындығын есте ұстар
болсақ, онда мəдениеттанушылар үшін маргиналдылық қалып-
ты мəдени күй болып есептеледі. Тарата айтар болсақ, мəде-
ниеттің де, оны жасаушы адамның да табиғи ортадағы күйі –
таза маргиналдылық, өйткені табиғаттың өз аясынан шыға тұра,
сол мəдениетке пара-пар өзіндік жасанды жаңа əлем құрған
адамзат біржола не табиғи шындық емес, біржола не жасанды
құрылым да емес.
98
Маргиналдылық жағдай тұлғаға жоғары шығармашылық
белсенділік тарту етеді дедік. Себебі маргиналды тұлғаның өз
төлтума мəдениетіне сыртқары ерекше жағдайы, яғни шекара-
лық жағдайы оған "артықкөру" (М. Бахтиннің диалогизм кон-
цепциясының тілімен айтқанда) мүмкіншілігін береді. Қазақ-
тардың "сырт көз көреген" дегеніндей, маргиналдың өз мəдение-
тіне "сырт көзбен" қарауы, оны басқа мəдениет биігінен салыс-
тыра барлауы шығармашылыққа бастайтын баспалдақ.
Қазіргі заман мəдениетіндегі адамның маргиналды күйі
туралы жеткілікті сөз етілген болса, ендігі жерде оның номад-
тық, қазақшалағанда, көшпелі тұрпатына да назар аударған жөн.
Өзінің түп тарихында болсын, өзінің қызметінің ерекшелігіне
сай болсын, аудармашы уақытының көбінде жолда жүруі тиіс
кезбе, көшпелі – номад. Бұл жерде "жол" сөзін тек тура мағына-
сында ғана емес, ойымен ел кезген, ойымен бөтен мəдениетке
бойлаған деп түсінген қате болмас еді деймін.
Бүгінгі заман айдары – жаһанданудың адамзат алдына əкел-
ген парадокстарының бірі – отырықшы ретінде материалдық
мəдениеттің озық үлгілеріне жеткен адамзаттың көшпелі ретін-
де заманауи мəдениет – өркениеттілікке келгені. Жаһандану тұ-
сындағы жаңа адам типі – неономад, жаңа көшпелі. Қазіргі
неономадтар үшін жол жүргенде тасымалдауға ыңғайлы “көш-
пелі объектілер" – банктің магнит картасы, қол телефоны,
ноутбук, əлемдік ақпарат торы, ықшам дисклер мен флеш-
карталары жəне т.б. орталық мағынаға ие.
Қазіргі заман адамының субъективтілігін теориялық деңгейде
сипаттауда "номадтық", яғни көшпенділік деген анық-тауышты
пайдалану керек, өйткені ойлаудың жаңа формаларын
қалыптастыру тұрғысынан алғанда номадизмнің (көшпенді
субъективтіліктің) берері көп деп біледі Р. Брайдотти.
Көшпенді, оның түсінігінде, бəрінен бұрын, орнығу, табан тіреу
жөніндегі арман-тілек, мақсат-мұраттардан ада субъекті үлгісі-
нің бейнелі баламасы болып табылады. Сөйте тұра, көшпенді
субъект өзіндік бірегей даралығынан ажырап қалмайды, өйткені
оның жолы – мейлінше тұрақты да белгілі маршруттар бойынша
маусымдық қозғалыстар болып табылады. Көшпенді жолы –
99
қайталанатын құбылыстардың, циклдік қозғалыстардың, ырғақ-
ты алмасулардың тізбегі. Бұл тұрғыдан, Делез айтқандай,
көшпенділікті барар соңғы нүктесі белгісіз қозғалыс актілерінен
òүсінудің, шекарадан ытырыла шығудан бастау алатын интел-
лектуалды номадизм деп түсінудің жемісті екендігі байқалады.
Көшпенділердің грамматикалық уақыты – аяқталмаған
уақыт, белсенділік жəне ұзақтық; көшпенді траекториясы –
бақыланатын жылдамдық. Көшпенділік стиль – алдын-ала
анықталған орыны жоқ өткелдер мен ілгері жылжулар. Көшпен-
ділердің жерге деген қарым-қатынасы – ағымдық қуғын-сүргін,
өтпелі құштарлық. "Адамдарды үй арқылы емес, жол арқылы
сезіну мен үшін жаңа бір өлшем болып көрінді. Жолға деген
қадам тағдырға табыну болып көрінуі де мүмкін, ол шынды-
ғында солай шығар", – дейді Р. Брайдотти (Брайдотти Р. Путем
номадизма.// Введение в гендерные исследования. Харьков,
2001. 136 б.).
Көшпенді субъективтілік – сəйкестікті, ұқсастықты бұзуға
бағытталған бас айналдырар қозғалыс, “мен” түсінігін майда
түйіршіктерге ыдырату ырқы. Көшпенді болу, қозғалыста өмір
сүру қоғамдастықта əрекет етуге мүмкіндік беретін біргей-
ленудің тұрақты жəне дəйекті негізін жасағысы келмеу немесе
жасай алмау дегенді білдірмесе керек. Көшпенділік – қозғал-
малы шекаралардағы жүйелі сана. Ол – бөтен аймақтар мен
шекараларды қиылыстыру мақсатын қойған үздіксіз тілек.
Достарыңызбен бөлісу: |