Бостандықты нығайту жəне одан туындайтын жауапкер- шілікті мойындау. Бірақ, ол тек өркениетті қоғамда, яғни, күш
қолданбау идеясын толықтай мойындайтын қоғамда ғана болуы
мүмкін. Өркениетті қоғамның айырықша белгісі оның алда
тұрған мəселелерді шешудің бейбіт, күш қолданбайтын жолда-
рын іздеумен тұрақты түрде айналысуы болып табылады.
Барлық жерде бейбітшілік орнату. Олай болмаған жағдай-
да, өркениетіміз құриды, онымен қоса адамзат та жер бетінен
жойылады.
Кедейшілікпен күрес. Техниканың дамуы арқасында, əлем
кедейлікті жоюға, сондай-ақ жұмыссыздықты болдырмауға
тырысады.
Зорлық жасамауға үйрету. Соғыс мəдениетінің орнына
бейбітшілік мəдениетін уағыздау қажет.
Өзіндік ерекшелікті сақтау – тұрақтылықтың негізі.
Адамзат бірлігі идеясы жүзеге асыратын мынадай фактор-
ларды атап өтуге болады:
1. Адамзат табиғатының бірлігі. Адамзат əлдебір қабілетті-
ліктер тұтастығы болып табылады, белгілі бір жағдайда оның
күштері, қуаттары, дарындары т.б. жүзеге асады, басқа жағдай-
ларда олар потенцияда мүлгіп жатады.
2. Адамдық сапалардың əмбебаптылығы.
3. Адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі бірлігі.
4. Адамзат қоятын мақсаттардың бірлігі. Оларға жататын-
дары:
- Адамның өркендеуі;
- Еркіндік пен еріктілік;
- Адамның құдіреттілігі, мəдени шығармашылығы;
- Адамда болмыстың ашылуы жəне сол арқылы құдайдың
ашылуы.
Бірақ жалпылықты адамдар өмірінің түбегейлі қырларын-
дағы ұқсастық, сəйкестік, əрбір жеке мəдениетте өмір сүретін
жəне көрініс табатын ортақтық деп түсінсек, онда қойылған
сұраққа оң жауап əбден заңды болады. Тағы да атап көрсетейік:
сөз бірегей жалпыадамдық мəдениет туралы емес, ал мəдениет
көптүрлілігіндегі ортақ тенденциялардың барлығы туралы
105
болып отырады. Ғылыми тұжырымдамада бұл мəселе мəдениет
көптүрлілігінің бірлігі мəселесі ретінде көрінеді.