Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тезаурус дегеніміз не?
2. Маргинал дегеніміз нені білдіреді?
3. Неономадология дегенді қалай түсінесің?
4. Қазіргі заман мəдениетіндегі адамның көшпелі-маргиналды сипаттама-
ларына нелер жатады?
5. Қазіргі заман мəдениетіндегі космополитизм туралы не айта аласың?
100
5.4 Қазіргі мəдениеттегі əмбебап құндылықтар
мен ортақ мақсаттар
Қазіргі заман мəдениетінде əмбебапталу үрдісі басым болып
келе жатқандығы айдай анық. Мəдени əмбебапталу қазіргі заман
адамының мəдени универсумын, яғни көптеген мəдени
əлемдердің ықпалын сезінген жалпы адамзаттық мəдениеттің
қалыптаса бастауын білдіреді. Ол үрдістердің көптүрлі екен-
дігін, бірезу сыңаржақ еместігін де айта кеткен жөн. Универ-
сализмді дүниетанымдық ұстаным ретінде жақтаушылар
мəдениеттердің сұхбаттық негізде тоғысқанын, сол тоғысудың
қақтығыс əкелмей, үйлесім тапқан қосылыс болуын қалайды.
Бірақ əмбебапталу үрдісіне қарсы тұрған ештеңе жоқ десек те
ақиқаттан алшақ кеткен болар едік. Сондықтан да партикуля-
ризмнің барлығын, яғни оқшаулану, бөлектену сынды үрдістер-
дің барлығын да көрсеткеніміз дұрыс болады. Партикуляризм-
нің дүниетанымдық негізіне мəдениеттердің тəуелсіз түрде өз
алдына жеке өсіп-өнуі туралы көзқарас енеді.
«Əмбебап өркениет, жалпы адамзатқа ортақ өркениет» идея-
сы қазіргі заман мəдениетінде көбінде батыстық басымдықты
танытады. Кей кезде партикуляризм орынсыздан орынсыз əмбе-
баптылықты тықпаштаудан туып жатуы да мүмкін. Қалай
дегенмен де, универсализм болсын, партикуляризм болсын –
екеуі де өзара байланстылық танытатындығын атап өткен жөн.
Осы мəселе ғылыми таным елегінен өтпей тұрып-ақ адамзаттың
əпсана-аңыздарында, көнеден жеткен көне əңгімелерінде
кездеседі.
Мысалы, көне Вавилондағы Бабыл мұнарасы туралы
Інжілдік қағидалы мəтінде əлемнің əуелгі бірлігі жəне оны қайта
қалпына келтіру жайында толғаныс сарыны басым:
"Бүкіл адамдар жер бетінде бір тілді, бірдей сөздерді
қолданды. Адамдар шығысқа қарай көшіп, Шинар өлкесінде бір
жазық жерді тауып, соған орналасты.
101
Сонан соң олар бір-біріне: "Келіңдер, кірпіш құйып, оны отқа
күйдірейік", - деді. Сөйтіп олар тас орнына күйген кірпіш, əк
орнына қарамай алып, бір-біріне: "Біз өзімізге қала жəне төбесі
көкке жететін мұнара тұрғызайық. Осылайша біз өз атымыз-
ды шығарайық, сонда біз жердің түкпір-түкпіріне бытырап
кетпейміз", - десті.
Сонда Тəңір адамдар тұрғызып жатқан қала мен мұнараны
көру үшін жерге түсті де: "Мынаны қара, олар бір халық
болып, бір тілде сөйлейді. Мынау олардың жұмыстарының
басы ғана. Бұдан былай олардың ойындағыларын жүзеге асыру-
ға еш нəрсе де кедергі болмайды, - деді. – Олай болса, біз жерге
түсіп, олар бір-бірін түсінбеуі үшін олардың тілін шатас-
тырып жіберейік.", - деді.
Сөйтіп Тəңір оларды сол жерден бүкіл жер бетіне бытыра-
тып жіберіп, олар қала құрылысын тоқтатты. Сондықтан
қалаға Бабыл деп ат қойылды, өйткені Тəңір сол жерде бүкіл
əлемдегі тілді шатастырып, адамдарды жер бетіне
бытыратып жіберді." (Киелі кітап. Тəурат. Жаратылыстың
басталуы. 11 тарау. Бабыл мұнарасының салынуы).
Бұл аңызды алуан түрлі түсіндіруге болады. Бірақ, осы
күндері адамзаттың жалпыға ортақ біртұтас қала салу ісіне
деген талпыныс қуатының мықтылығы соншалық сол бір інжіл-
дік аңыздың нақты шындыққа айналу мүмкіндігі бедерленіп
шыға келгендей. Еуропалық ғылымның универсалистік талап-
тарының құр бос еместігін қазіргі заман мəдениетінің даму
бағдарлары байқата бастағандай.
Ғылым-білімнің басын қосу; ойлау, тану, əлемді түсіндірудің
ортақ принциптерін ұсыну; мəдениеттің сала саласында болып
жатқан ортақтасу нышандары жəне т.б. қазіргі заман мəдение-
тіндегі əмбебап құндылықтардың болуының заңды құбылыс
екендігін əрі соларды саралауды мүмкін етеді.
Адамзаттың əмбебап мəдени құндылықтарына мəдени тəжі-
рибе мен іс-əрекеттің жалпы адамзатқа ортақ көріністерін
жатқызуға болады. Олар – адамзат болмысының мəңгілік онто-
логиялық жəне экзистентті тұрақты тұжырымдары; əлем бейне-
сін құраушы іргелі категориялар.
102
1972 жылы "Өсу шегі" деген атпен жарияланған Рим клубы-
ның алғашқы баяндамасы компьютер арқылы математикалық
модельдеу тəсілін пайдаланып, жаһандық мəселелерді барлау-
дың мүмкіншілігін, сонымен қатар, адамзат қабыл алған сара
жол үстіндегі келелі мəселелерді шешудің таяудағы жəне алыс
болашақтағы себеп-салдарларын көрсетіп берді. Бұл баяндама
жарияланғаннан кейінгі адамзат күйін "басына жай түскен
жандай" деген эпитеттермен ғана жеткізуге болады. Онда
материалдық даму шексіз жүріп отыруы мүмкін еместігі, оған
тек қана физикалық кедергілер ғана емес, экологиялық, биоло-
гиялық, тіпті, мəдени кедергілердің де бар екендігі айтылған
болатын. Келесі баяндамасын "Ысырапшылдық ғасырынан
кейін" деп атаған Рим клубы жаһандық мəселелерді шешу
барысындағы саяси-əлеуметтік факторларға аса көп маңыз
берген еді.
1977 жылы жарияланған бесінші баяндамасында олар адам-
зат алдындағы мақсаттарға тоқталып өткен болатын. Онда жаңа
"жаһандық этос" қалыптастыратын "əлемдік ынтымақтастық
революциясы" концепциясы берілген. Сол баяндамада əлемдік
дамудың төрт жаһандық мақсаты анық көрсетілген:
1) зорлық көрсетуден жəне жанталаса қаруланудан бас тарту
негізіндегі жаһандық қауіпсіздікті орнату;
2) жаһандық деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз етілу; энер-
гетикалық жəне шикізаттық қорларды пайдалануды бүкіл əлем
болып бақылауға алу;
3) сапалық тұрғыдан өсуге негізделген жаһандық даму.
Аталған құжатта жаңа, жалпы ғаламдық "мейірім этикасы-
ның" қажеттілігі туралы да ашық айтылды. Аурелио Печчеи
"Болашаққа арналған жүз бет" деген кітабында: "Өзімізге
қандай болашақ жасап алсақ екен? Ойға сыймайтын болашақ
жасап əуреленудің керегі шамалы. Болашақ тек қана қадір-
қасиетті болып қана қоймай, қол жетерліктей болашақ болғаны
дұрыс. Шынында да, оны біздің жасауға əліміз келетіндей
болуы керек. Ендеше, болашақтың қандай болғанын ешкім
қаламас еді дегеннен бастаған оңайырақ сияқты. Сонда біздің
болашағымыз шындыққа жақын əрі нағыз қалаулы болашақ
103
болмақ" (А. Печчеи. Сто страниц для будущего// Будущее в
настоящем. М., 1984. 222 б.). Сонымен, əлемдік көзқарастар
қалыптаспайынша дүниедегі түрлі қайшылықтарды бəсеңсіту
мүмкін еместігі айқын болып шықты.
Əлемдік көзқарас өркениеттілік талабына сай көзқарас
болуы тиіс, яғни қазіргі басты мəселе – өркениеттік сана
мəселесі. Өркениеттік сананың негізі адамды құрметтеуде
жатыр. Абай атамыз айтпақшы, "адамзаттың бəрін сүй бауырым
деп" деген ақыл сөзі – өркениеттілік сана формуласы деуге
болатын сияқты.
Рас, жаһандану процесі өзімен бірге көптеген мəселелерді де
ала жүреді. Мысалы, қоғамның бірбағытты даму үлгісінің
уағыздалуы (ал бəрімізге белгілі жай, тірі табиғат біркелкі,
бірыңғайлылықты жайсынбайды), өзіндік мəдени біргейлікті,
біртуарлықты тəрк ететін мəдени біртектілік (мəдени унифика-
ция) жəне т.с.с. Содан болар, жаһандану идеясы кейде көптеген
əлеуметтік фрустрацияға (болашақты қорқынышпен күтуге)
себеп болып жүр. Өйткені, тек ұлттық “қасық қаны тамған
жерінен” – атамекен ортаның қайталанбас бірегей ландшафты –
жер бет-бедерінен туындап, ұлт рухымен қанаттанып, ұлттық
ділден нəрленген мəдениет пен космополиттік ұран ұстанған,
“аралас қанды” қазіргі өркениеттің арасындағы қашықтық
біреулер үшін бір күндік жер болса, келесілеріне – ұзақ ғұмыр…
Яғни бұл тұста ең басты мəселе – ұлттық мəдени көптүрлілік
тағдыры не болмақ деген мəселе? Мұрат қылған өркениеттілік
бет-бейнесіз, жансыз, “қуыс кеуделік” пе əлде өзара сыйласу
арқасында қол жеткізер шынайы мəдени-əлеуметтік толерант-
тылық па? Жалпы “цивилизация” ұғымының бастапқы мағына-
сы кейінірек пайда болған техника-технологиялық басым даму
жағын, белсенді өмір салтын, бұқаралық ақпарат құралдарының
жемісін шегеріп тастағанда, бірлесе өмір сүру ықтиярын,
басқалармен араласу тілек-талпынысын білдірген.
Енді əлемдік қоғам, көптеген қазіргі заман мəдениеті
жайында ой пайымдаушы зерттеушілердің айтуы бойынша,
мынадай бағдарларды ұстануы қажет:
104
Достарыңызбен бөлісу: |