6) және жасынан іс істеп үйден
шықпағандық қылып, (7) жоқ-барға тырысып, (
8) алдағанды
білмей, (9) дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, (
10) тіпті
жетпесе, (
11) өзінен қосып, (12) қылып бер дегенінің бәрін
қылып беріп, (13) күні өтіп, (14) еңбек қылар уақытынан ай-
рылып, (15) «жоғары шық»-қа қарық болып, (16) тамақ, киім,
борыш есінен шығып кетіп, (17) енді олар қысқан күні біреудің
239
Сыздықова Р. Абай прозалық шығармаларындағы күрделі ойдың берілуі //
Қазақ тілі тарихынан зерттеулер. - Алматы, 1965.
240
Қордабаев Т.Г. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. - Алматы, 1966.
298
малын бұлдап қарызға алады (II, 189). Мына сөйлемде де
бірнеше жай сөйлем шоғырланған: (1) Ол болыс болғандар өзі
қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, (2) момынды
қадірлемейді, (3) өзіндей арам, қуларды қадірлейді, (4) өзіме
дос болып, жәрдемі тиеді деп, (5) егер қас болса, (6) бір түрлі
өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп (II, 160).
Абайдағы аса күрделі ұзақ сөйлемдердің едәуір тобы
бірыңғай бағыныңқылы болып келеді. Және ол ыңғайлас
бағыныңқылар оформлениесі (баяндауышының тұлғасы және
басқалары) жағынан бірдей түсіп, синтаксистік параллелизм
іспеттес болып келеді. Мысалы: (1) Біздің қазақтың қосқан аты
алдында келсе, (2) түсірген балуаны жықса, (3) салған құсы
алса, (4) қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, (5) есі шығып
бір қуанады (II, 180). Мұнда жалғыз шартты рай тұлғасында
келген баяндауыштар емес, бастауыш пен оның есімше тұлғалы
анықтауыштары да (қосқан, түсірген, салған) – бірдей оформ-
лениеде. Ал мына сөйлемде біреу сөзі және есім компоненті
болса сөзі сөйлем сайын келіп, бірдей мөлшерлі параллельдер
жасаған: (1) Біреу бай болса, (2) біреу кедей болса, (3) біреу
ауру [болса], (4) біреу сау болса, (5) біреу есті болса, (6) біреу
есер болса... (II, 184). Бұл тәсіл – Абайдың индивидуалдық
белгілерінің бірі. Мұнда Абайдың өлеңдеріне тән паралле-
лизмдер конструкциясының әсері байқалады.
Ұзын-ұзақ сейлемдердің екінші тобы – бірыңғай мүшелердің
есесінен жасалған. Өлендері тәрізді, прозасында да бірыңғай
мүшелерді жиі қолдану – Абай стиліне тән тәсілдердің бірі.
Және бірыңғай мүшелер сан жағынан екі-үш емес (олар да
бар), одан да көп болып, шоғырланып келуі жиі. Бұлар жалаң
да, шылаулы да, жайылма да болып беріледі. Мысалы, «Оның
діні, Құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны– бәрі
мал» (II, 166) деген сөйлемде 8 бірыңғай жалаң бастауыш бол-
са, мына сейлемде 11 анықтауыш бар: «Ішпек, жемек, кимек,
күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап
іздемек, айлалы болмақ, алданбастық–бұл нәрселердің бәрінің
де өлшеуі бар» (II, 218). «Әр-берден соң сыртымызға шықты,
жауластық, дауластық, партияластық» (II, 159). Мұнда ба-
яндауыштар бірыңғай.
299
Бірыңғай мүшелердің қайталап шылаумен келуі Абайда
жүйелі нормаға айналған деуге болады. Қазақ прозасының
ішінде тұңғыш рет шылауларды әрбір бірыңғай мүшемен не-
месе бірыңғай жай сөйлеммен қолдану жиілігі (активтенуі)
жағынан да, белгілі бір тәртібі (мысалы, тұлғасы немесе ор-
наласуы жағына біркелкілігі) жағынан да Абай «Қара сөздері»
көзге түседі де, Абай осы салада нормализатор болып шығады:
«Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абұйырлы бойға
теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп
ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады» (II, 192);
«Кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы
жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, не арлылығы жоқ»
(II, 215).
Әрбір бірыңғай компонент пен қайталама элементтерді
қолдануда Абай жалғыз шылауларды ғана емес, өзге де жай
сөздерді, кейде модаль сөздерді жиі пайдаланады. Мысалы:
«Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма,гуілдегі бар ма,
дүрілдегі бар ма – сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе
бар деп ойламайды» (ІІ, 211) деген сөйлемде бар ма сөздеріне
аталған қызметті артады. Мына мысалдар да осы тәріздес: «...
Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі
болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесін»-ді ұмытып
кетеді» (II, 176); «Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ,
киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді» (II, 163). Бұл
қайталама элементтер экспрессивтік реңк үшін қолданылған:
қайталап келген сөздер өзі тіркескен әр бірыңғай мүшені са-
ралап көрсетеді де оған назар аудартады. Бұл мақсатпен бір
тұлғаны немесе сезді қайталап беру Абайда тек бірыңғай
мүшелердің арасында емес, тіпті жеке сөйлемдерде де, яғни
тұтас периодқа немесе тіпті тұтас бір баяндауға қолданынады.
Мысалы, 22-сөзінде қадірлейін десең, құрметтейін десең деген
екі тіркес 6 абзацта қайталап келеді: Байды қадірлейін десең...
Достарыңызбен бөлісу: |