272
бірте ықшамдала түсуіне, бір жағынан,
тілдегі экономия
заңы себепкер болса, екінші жағынан, мысалы, қазақ тілінде
поэзия тілінің шарттары әсер еткен тәрізді. Ауызекі сөйлеу
тілінде жоғарғы көрсетілген тұлғалардың толық түрлері күні
бүгінге дейін қолданылады. Ал қазіргі әдеби тілде бұлардың
нормативтік варианттары деп ықшам дублеттері көрсетілсе,
ол ықшам түрлері қазақ поэзиясында әлдеқайда бұрынырақ
қалыптасып қолданылып кеткен.
Сондықтан қазіргі қазақ
поэзиясының тілінде де бұл тәртіп күшін сақтайды: метрика
мүддесіне қарай толық та, ықшам да варианттары қолданыла
береді.
Дегенмен Абай кезеңінде бұл тұлғалардың тілдегі, оның
ішінде ауызекі сөйлеу тілі мен проза тіліндегі, нормасы
негізінен толық түрлері болған. Тіпті поэзияның өзінде де
буын санының асып кететініне қарамастан, кейде екі буынды
толық варианттарымен берілетін тармақтары кездеседі:
Елім, күнім, кәрі боз (7 буын)
Сөйлесетұғын күнің жоқ
(8 буын)
(«Ер Тарғын» // Радлов. Образцы... III, 135).
Екеуміз бірге жыласақ,
Жұбататұғын кім бар деп,
Шеге ақын сабыр қылады («Қыз Жібек», 1957. 53).
Прозаға
келетін болсақ, өткенде бұл жанрда -
тұғын, ме-
нен, дағы варианттары әлдеқайда басым болған. Орыс ғалым-
ағартушылары жинап бастырған қара сөзбен берілген ертегі,
аңыздарда, мақал-мәтелдерде көбінесе толық варианттары
хатқа түскен.
Тұңғыш қазақ газеттері де
-тұғын-ды жиі қолданған. Ауыз
әдебиетінің қомақты полотнолары – эпос жырларындағы қара
сөзбен айтылатын бөліктерде де бұл тұлғалар сөйлеу тілінің
нормасымен берілген. Әсіресе бұл құбылыс эпостардың
өткен ғасырда басылған нұсқаларында сақталған (осы
күнгі басылуларының кейбіреулерінде қара сөз текстерінің
«өңделмеген, шикі» тілін «түзетіп»,
қазіргі нормаға салып,
ықшам түрлерімен берілгендері жиі кездеседі): «Шеше, ат
мінгестіретұғын емес, үйіңе баста, – деді» («Қисса Алпа-
мыш», 1901); «Серкенің күніге бірін берігі
тұратұғын бол-
273
ды»; «Байбөріге [Ұлтанның] тілі
тиетұғын болды» (Сонда);
«Ол ат артынан бір жау келе жатқанда
пысқыратұғын еді»
(«Ер Тарғын» // Радлов. Образцы... III); «Сол заманда бір бай
бар еді, оның бір баласы бар еді, ешкімменен
сөйлеспейтұғын
еді» (Лютш, 48).
Абай прозасының тілінде де көбінесе толық варианттары
қолданылған. Мысалы, ауыспалы шақ есімше әрдайым дерлік
207
-тұғын формантымен ғана берілген: «Жұрттың бәрі біледі
өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып
келмейтұғынын, бір
алғанды қайта
жібермейтұғынын» (II, 189).
Сондай-ақ «Қара сөздерде» кездесетін
менен варианты
мен
дегенінен әлдеқайда көп
208
: «Жоқ, мен үнемі
уайым-қайғы-
менен бол демеймін» (II, 162); «Бермесе
оныменен жауласпақ
екен» (II, 163); «Оның
өзгеменен ісі жоқ» (II, 166).
Ал
дағы мен
да варианттары «Қара сөздерде» сан жағынан
шамалас, ешбір мотивсіз бірде
дағы, бірде
да түрінде келе
береді: «Ебін тап та жөнге сал» (II, 193); «Кім жақсылық, кім
жамандық қылса
дағы, Құдайдан
келген жарлықты қылып
жүр екен дейміз бе?» (II, 184).
Дағы мен
да формаларының
жарысып отыруы жалғыз Абай емес, сол тұстағы өзге жазу
нұсқаларында да (әңгіме проза туралы) орын алған: «Бұл қалай
күл деп иіскеді
де сандыққа салып қойды» (Березин И. «Турец-
кая хрестоматия», 1876. III, 17); «Ол жігіт атынан түсті
дағы
басты өртеді отқа» (Сонда. 17); «Сонда бала тұрды
дағы мен
бармын деп шыға келді» (Радлов. Образцы... III, 225). Баспасөз
тілінде де осындай.
Осылардың барлығы ХІХ ғасырдың ІI жартысында қазақ
тілінде
дағы формасының әлі жарыса қолданылғанын көрсе-
теді.
Бұл тұлғаларды қолдануда Ыбырай прозасының тілі едәуір
оқшау тұрады. Ыбырай әңгімелерінің тексінде көбінесе ықшам
207
Жоғарыда көрсетілгендей, Абай шығармаларында текстологиялық ағат-
тықтардың (әсіресе грамматикалық тұлғаларды беруде) салдарынан Мүрсейіт
қолжазбаларында әрдайым
-тұғын түрінде келетін тұлға Абайдың 1954, 1957 жылғы
кітаптарында
бірнеше жерде -тын вариантында жазылған.
208
Қазіргі баспадағы (1954, 1957)
мен варианттарының көбі Мүрсейіт
дәптерлерінде
менен болып жазылған: «Бәріде
иттік бенен (1957 жылғыда и
ттікпен)
табады,
иттікбенен (1957 –
пен) айрылады»; «Құдай берген
болыстық бенен (1957
жылғыда – -
пен) билік елде жоқ» т.т.
274
варианттары қолданылған: Ыбырайдың және А.В.Васильев
209
берген материалдардың тілінде ықшам формалардың басым
қолданылуының себебін дәл басып көрсетерлік материалда-
рымыз (фактілеріміз) әзірге жоқ. Сондықтан біз бұл жерде
Ыбырай (және Васильев) ықшам тұлғаларды әдейі қолданды
немесе оларға өздері тұрған ортаның тілдік нормалары әсер
етті деген сияқты пікірлерді үзілді-кесілді айта алмаймыз.
Біздің қолымызда әзірше Қазақстанның мынадай жерінде
мынадай кезеңдерде мынадай тілдік нормалар болды де-
ген тәрізді мәліметтер жоқ. Дегенмен
Алтынсариннің өзінде
де (сондай-ақ Васильев материалдарында) әрдайым
-тын,
мен болып келмей,
-тұғын,
менен формалары да ұшырасып
отыратындығы соңғы варианттардың әлі де норматив тұлғалар
екенін дәлелдейді. Мұны тек тілдік фактілер (текстер) емес,
өткен ғасырда қазақ грамматикасын суреттеген еңбектер де
көрсетеді. Н.Ильминский: «Причастие
тұрған,занимая место
вспомогательного после деепричастия на
а, теряет
р: вместо
бара тұрған говорят
бара тұғын, и еще сокращеннее
бара-
тын (в последнем случае оно сливаетея с деепричастием и
следует его системе звуков)
210
,– деп көрсетеді. М.Терентьев
те
қазақ тілінде есімше -а жұрнақты көсемшеге
тұғын сөзі
қосылуы арқылы жасалады деп, оған
жазатұғын, қараятұғын
(~
қарайтұғын) деген мысалдарды келтіреді
211
.
А. Старчевский бұл жөнінде М.Терентьевті қайталайды
212
.
1898 жылғы «Грамматика киргизского языка» дегеннің ав-
торлары да: «причастие настоящее-будущее
Достарыңызбен бөлісу: