Мырзаларды қадірлейін десең... Болыс пен биді құрметтейін
десең... (II, 176 177). Екінші мысал. Абайдың 40-сөз деп атала-
тын шығармасының 17 абзацы қалай есімдігінің қайталап ай-
тылуымен құралған да 3 абзацы (әр абзац бірнеше сөйлемнен
тұрады) несі деген сұрау есімдігінің қайталауымен жасалған:
300
«Осы, біздін қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің
жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?»
Бәйгеге ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын, атың
келсе, бәйгесіне өкпелейтұғыны қалай?... Бұларда жалғыз сұрау
есімдіктері емес, -тұғын-мен жасалған етістік тұлғасының да
әр сөйлемде қайталап қатысып отырғандығы жоғарғы айтыл-
ған бірыңғайлықты туғызады. Мына сөйлемдерде де Абай-
да үнемі деген үстеу мен сұраулық шылаулы етістіктердің
әрқайсысында қайталап келуі арқылы параллельдік жасалған:
« Үнемі қайғыға жан шыдай ма екен? Үнемі күлмей жүре ала-
мыз ба? Үнемікүлмей жүруге жан шыдай ма екен?» (II, 162).
Мұндай бірыңғай параллельдерді жиі қолдану дәстүрі Абай-
ды көп реттерде сөйлемін ұзартып, тіпті кейде түсінігін ауыр-
латып жіберуге әкеп соққан. Өйткені ол бірыңғай мүшелер
әрдайым жалаң немесе бірер ғана қатысты сөзі бар болып келе
бермейді, көбінесе олардың әрқайсысы аса жайылма, көп сөзді
болып келеді және бірыңғай мүшелердің егер біреуі жайыл-
ма болып келсе, Абайдың жоғарғы параллелизм тенденциясы
бойынша өзгелері де жайылма болып келуі шарт. Мысалы:
«Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағынын, бірінің тілеуін
бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке
таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының
себебіне» (II 159) дегендегі 5 анықтауыштың бесеуі де – жай-
ылма көп сөзді. Мына сөйлемде де амал пысықтауыштардың
әрқайсысы ең кемінде 4-5 сөзден құралған жайылма бол-
ғандықтан, сөйлемнің өзі ұзын-ұзақ болып шыққан: Жан-
сыздарды еті ауырмайтұғын қылып, жан иесі хайуандарды
ақылды адам баласы асырайтұғынқылып, һәм олардан мах-
шарда сұрау бермейтұғын кылып, бұлардың һәммасынан пай-
да аларлықақыл иесі қылып жаратқан (II, 199).
Күрделі ұзақ сөйлемдердің жасалу моделіндегі кейбір тәсіл-
дер (мысалы, бірыңғай элементтерді актив қолдану) Абай тілі-
не тән болғанмен, жалпы күрделі ұзын сөйлемдердің бар болу
принципі – Абай жаңалығы емес. Мұның арғы түбі халықтың
ауызекі сөйлеу тіліндегі сыйыстырмалы сөйлемдерден баста-
латын сияқты. Бір субъектіге қазықталған іс-әрекетті білдіре-
тін бірнеше конструкцияны -ып/-іп жұрнақты көсемше тұл-
301
ғасы арқылы бір сөйлемге сыйыстыру әдісі тілде қолданыл-
ғандығын хатқа түсірілген прозалық фольклор үлгілері
көрсетеді. Мысалы: «Бір сарт базарға келіп, көзілдірік сатып
аламын деп, бір дүкенге еніп, Қолына көзілдірік алып, көзіне
салып, кітапқа қарайды» (М.Терентьев. Хрестоматия турец-
кая... 1876); «Қатын өлтіруге қызын қимайды, [оны] бір алтын-
ды әбдіреге салып, ішіне азық салып, азын жауып, кілтін сыр-
тына байлап, ағып жатқан дарияға салып қоя береді» (Радлов.
Образцы,.. III, 64).
Бірақ ауыз әдебиетінің проза үлгілерінде бірыңғай бағын-
ыңқылы немесе күрделі аралас құрмаластар, сондай-ақ Абай-
дағы тәрізді жайылма бірыңғай мүшелі ұзын сөйлемдер жоққа
тән. Бұлар – жазба әдебиеттің жемісі. Қазақ жазба әдеби тілі-
нің проза стилінің қалыптаса бастаған кезеңінде – XIX ғасыр-
дың II жартысында – күрделі ойды шұбалаңқы сөйлеммен
беру – сол кезеңге тән белгілердің бірі. Тіпті, бұны жазба
әдеби тіліміздің даму этаптарындағы нормалардың бірі деп
қарауға болады. Ұзын-ұзақ құрылған көлемді сөйлемдерді
әсіресе тұңғыш баспасөз тілінен жиі кездестіреміз; Ыбы-
райдың «Шариғат-ул-исламының» тілінен де мол табамыз (ал
әңгімелерінде сөйлемдері көбінесе ықшам, кейде тіпті жай
сөйлемдер болып келеді – ол бұл әңгімелердің оқу-педаго-
гикалық мақсатпен жазылғандығына байланысты деп түйеміз).
Сондай-ақ азаматтық тақырыпқа жазылған әр алуан кітапша-
инструкциялар тексінен де көлемі үлкен, тіпті түсінігі ауыр
шұбалаңқы сөйлемдерді оқимыз. Осыларға қарағанда, жаз-
ба әдеби тілдің жалпы прозасында емес, оның қоғамдық-
публицистикалық және ішінара ғылыми стильдерінде күрделі
ойды жоғарыда көрсетілгендей ұзақ конструкциямен беру
тәсілі пайда болған деп ойлаймыз. Бірақ бұл күрделіліктің өзі
біркелкі емес. Мысалы, газет тілінде кездесетін ұзақ сөйлемдер
құрылысы жағынан тым бейберекет, логикалық ой желісі түзу
емес. Мысалы: ( 1) Бірақ жалғыз жау қашырмайды деген мақал
бар, ( 2) сол себепті газет шығаратындар әркімге білдіреді,
(3) кімде-кім қазақ халқының үйдегі һәм халық арасындағы
мінез рәсімдерін біліп түзеуге ойласа, (4) соны баспаханаға
білдіріп, болыстық қылуға хат менен жіберіп («Дала уалаяты
302
газеті», 1889. № 1). (1) Бұрынғы заманнан бері қарай Тарбаға-
тай тауының етегінде көшіп-қонып жүрген қазақтардың қай-
сысына мағлұм белгілі емес айтылмыш таудың бір биік
шоқысы турасынан айтылатұғын ертегісі, ( 2) тұқым-тұқым-
дарын қуалап, біріне-бірі айтып, ауыздарынан тастаспай жан
сақтайтын дұғадай-ақ болып келе жатыр (Сонда. 1891. № 14).
Бұл мысалды Абайдан келтірілген ұзақ сөйлемдермен қатар
қоюға болмайды: Абайда сөйлем ұзақ, мұнда шұбалаңқы,
Абайда ұзақ сөйлемді құрап тұрған компоненттер белгілі бір
тәртіппен тізіліп, өз орындарында келген болса, мұнда орын-
дары ауысып, бейберекет келген.
Бұлбейберекет құрылған конструкциялар да – қазақ әдеби
тілінің жаңа стильдер үшін ізденістерінің бірі. Әсіресе орыс
тілі прозасынан аударма ісі басталған кезде, ұзақ-сонар
сөйлемдердің пайда болуы – аударма принциптеріне, яғни дәл
аудару тенденциясына байланысты болған тәрізді. Мысалы,
«Дала уалаяты газетінің»1891 жылғы 19-санында орысша «Ар-
хеологическая находка» деген корреспонденция аударылған.
Сондағы орыс тіліндегі ұзақ сөйлем қазақша да шұбалаңқы
түрде берілген. Орысшасы: «В них находят любители древних
достопримечательностей массу интересных вещиц грубого,
но весьма оригинального по своей форме изделия из золота,
серебра и других металлов». Қазақшасы: «Солардан іздену-
шілер тауып алады өткен заманның жат, таңсық бұйымдарын
241
,
жақсы істелген болмаса да; ескі өрнек пенен нақыштары
келісімді болып істелген алтын, күміс нәрселер басқа ұқсайтын
нәрселер менен».
Сөйтіп, ұзақ, көп сөзді болып құрылған сөйлемдердің Абай-
дағы үлгілерінің өзгелерге (әсіресе баспасөз тіліне) қарағанда
принципиалды айырмашылығы бар: Абайда сөйлем қанша
ұзын болса да, ондағы сөйлем конструкциясы дұрыс құрылып,
ой желісі немесе бірыңғай элементтер тәртібі қатаң сақталған
(жоғарғы мысалдарды қараңыз). Бұл – сөз жоқ, проза стилін
қалыптастырудағы Абайдың табысы да, үлесі де, өзіне тән
стилі де.
241
Мағынасына қарап сөйлемдердің жігін ажыратқан да, тыныс белгілерін қойған
да – өзіміз, әйтпесе арабша жазылған тексте не сөйлем араларына, не сөйлем ішіне
бірде-бір тыныс белгісі қойылмағаны мәлім.
303
Синтаксис саласында Абай прозасының текстерінде екінші
көзге түсетін ерекшелік – сөйлем ішіндегі сөздердің орын
тәртібін ауыстырып келуі. Бұларды жалпы екі-үш топқа бөлуге
болады: бір тобы – деп дәнекерімен келген сөйлемдер, екіншісі
– компоненттерінің орны ауысып жүрген сабақтас және кейбір
салалас құрмаластар, үшінші тобы – мүшелерінің орны ауысып
келген жай сөйлемдер.
Өзге зерттеушілер де әлдеқашан байқап, сан рет көрсеткен-
деріндей, өткен ғасырда хатқа түскен қазақша жазба нұс-
қаларда, оның ішінде Абай, Ыбырай прозасында, көбінесе
Достарыңызбен бөлісу: |