56
шығыс диалектісі» деп аталуға тиісті қазақ диалектісіндегі
жергілікті ерекшеліктердің баршасы әдеби нормаға жатады,
сондықтан Абай шығармалары тіліндегі кейбір жеке сөздер
қазіргі әдеби пайдамызға жарамай қалған болса, оның себебін
бұл сөздердің солтүстік-шығыс диалектісіне жатпағандығынан
іздеуіміз керек болады
51
. Бұған қарағанда, екі түрлі мәселеге
назар аударып, фактілер іздестіруге мәжбүр боламыз. Бірі –
Абай тіліндегі сөздердің күллісі қазірде әдеби норма ма, яғни
бұл күнде Абай өлкесіне тән жергілікті ерекшелік болып та-
былатын жеке сөздер Абай тілінде ұшыраса ма екен, екіншісі
– Абай өзге «диалектілерге», яғни өзге, шалғай өлкелерге тән
элементтерді пайдаланды ма екен?
Абай туып-өскен, жазушылық құрған өлке – Семей облысы-
ның қазіргі Абай, бұрынғы Шыңғыстау ауданы. Бұл Қазақстан
жерін диалектілік ерекшеліктерге қарай шамалап бөлгенде
шығыс өлкесіне жатады.
Қазіргі әдеби тіліміздің нормасымен салыстырғанда, бұл
өлкеде де жергілікті ерекшеліктер бар. Және олар арнаулы
зерттеулерге қарағанда, сан жағынан да, сипаты жағынан өзге
аймақтардағыдан кем емес
52
.
Диалектологтардың қазіргі кезде Абай туып-өскен аудан-
дарға және жалпы шығыс аймаққа тән деп атап жүрген лекси-
калық ерекшеліктерінің бірқатарын Абай текстерінен таба-
мыз. Мысалы, диалектолог-мамандар Семей өлкесінде
кердең
сөзі «паң, менмен, дандайсыған» деген мағынада жергілікті
ерекшелік ретінде кездеседі деп көрсетеді
53
. Осы сөзді Абай
51
Достарыңызбен бөлісу: