Дулат Бабатайұлы
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) – көрнекті ақын. Өлеңдері ел
ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидакти-
калық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық көрген
«Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы
толғаулары енген. Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қара-
ғай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар тау-
дың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбыр-
лық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсері-
нен жер-қонысынан айырылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлей-
менге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға»,
«Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды.
Ақын XIX ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл –
Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық
салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертарт-
па феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті,
еркіндікті аңсағаны еді.
Сауыр жерден айырылып,
Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы –
Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды... –
десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150
жыл кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның
қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай. Дулат ақын
айтқандай:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан дағы қылықты...
Майырдың алса бұйрығын
Борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады-ай, –
сияқты шындық жергілікті басшыларға бұдан бір, бір жа-
рым ғасыр бұрын ғана емес, «одақтасып» тұрған кезіміздегі
біздің де ұлықтарымызға тән еді. Дулат ақынның бұл жердегі
байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе?
Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының ащы
шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәтте бір-
343
біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты
қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс «майырдың
бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп
томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та:
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап...
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап... –
деп өзі мойындайды. Абай да:
Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға... –
деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін
батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине,
бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін
де осылайша сөйлетіп қойған – өмір шындығы, олардың сол
шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Абайдың қазақ
халқының тағдырын толғаған көп сөзі жүз жыл кейінгі біздің
заманымызға арналғандай көрінсе, Дулаттың да:
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең қандай болды екен,
Қарасаңшы бір мезгіл
Қолдарыңа айна алып... –
дегені де бейне бізге айтып тұрғандай. Ар жағын былай
қойғанда, соңғы 70-80 жыл бойы Дулат айтқандай:
Болашақты болжамай,
Жол сауданы олжалай.
Ақбөкендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып... –
империялық торға, коммунистік әміршілдік құрығына түскен
жоқпыз ба? Жалғыз ел билеу, заң-сот істеріне қатысты ғана
емес, өзге сәттерде де екі алыптың үндес, идеялас тұрғанын
көреміз. Мысалы, ақынға, ақындыққа екеуі де қатаң талап
қояды. Дулат:
344
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса.
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,
Достарыңызбен бөлісу: |