Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса... – десе, Абай:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы... –
деген талап қояды. Бірақ «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиген»
сөз патшасын қалың жұртшылық түгел қабылдап жатыр ма?
Абайдың:
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы... –
деп зар илегені және белгілі.
Кім жалғыз бұл жалғанда, есті жалғыз,
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па?
Қазақтың табылды ма соның пары?
Өлеңімен жұбатты өзін өзі,
Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары.
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса не керек қазақ шары?! –
деп Шәкәрім айтқандай, ұлы Абай «сөзімді айналама жеткізе
алмадым, ұғып тыңдар адам аз» деп күңіренсе, осы ойды Ду-
латтан да көреміз. Ол бірде:
Бәрі тегін жер тезек
Қайсысын таңдап алайын,
Асыл сөзден бұл кетті... –
дей келіп, сол асыл сөзді айтатын да, тыңдайтын да кісі жоқ,
ылғи «қылжың, қылжақ туысқан, қырт пен мылжың ағайын»
десе, тағы бірде:
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді...
Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда?.. –
деп, заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан
жақсыларды сынап, «қармайтұғын талы қалмай, тереңге
сүңгіген елі»туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен төккен
345
арманын» айтады. Бұл – Дулат пен Абайдың ортақ зары, за-
маны, ортасы тудырған шындық үні. Дулат – Абайға дейінгі
қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға біртабан жақын
келген, Еуропа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия
деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастау-
ын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жара-
лып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше
түсетін, авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба
поэзияны бастаушы – ұлы Абай десек, Абайдың тақыр жерден
өнер таппағанын және білуіміз керек.
Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат
өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны
қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін
көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз қүрғақ бол-
мас үшін «көзбен көрсетіп, қолмен ұстататын» мысалдармен
делелделік.
Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті
күшейткен суреткер. Бұл – жыраулықтың төмендігінен, әлсіз-
дігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. XIX ғасырдағы
қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат
дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы
философиялық толғаныстар аздық етеді. Ендігі жердегі поэзи-
ядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихат-
тан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару та-
лап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және
сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен
келгенімен, ол – жырау емес, ақын. Өйткені құрылымдық және
тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері – бұрынғы
жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұқар толғаулары-
нан, одан қалды, өзімен тұстас ақындардың туындыларынан
мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі
ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол
өзгешеліктің бірі – шығарманың белгілі мақсатпен ажыраты-
латын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада)
дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны (тақырыпты)
білдіруі шарт, сонымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын
құрылымдық белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сан-
дары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы
ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей
346
түсіп, сол өлеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек.
Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды:
шумақ – қазақ поэзиясы құрылымында бұрыннан бар тәсіл,
оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп
құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларында
жоқ. Ол– жазба әдебиетке тен өлең құрылымы. Бұл құрылым
қазақ поэзиясында Дулаттан басталады. Ақынның «Тегімді
менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады.
1-шоғыр:
Достарыңызбен бөлісу: |