Р. Сыздык 1-том indd


Қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет165/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастыру
XIX ғасырдың II жартысы, әсіресе соңғы ширегі қазақ хал- 
қының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінде 
елеулі тарихи оқиғалар, өзгеріс-жаңалықтар мен шиеленіскен 
тартыстар дәуірі болды. Тілдің белгілі бір кезеңдегі деңгейі 
мен даму барысына қоғам өмірінің елеулі әсер ететіні белгілі. 
Бұл кезеңде Қазақстанда кітап бастырудың етек ала бастауы, 
мерзімді баспасөздің, көпшілікке арналған жартылай ғылыми 
әдебиеттің пайда болуы, азаматтық оқу-білімнің қолға алынуы 
әдеби тілдің жазба түрін жандандырып, оның нақтылы стиль-
дерге тарамдалу көріністерін туғызды. Діни оқудың қазақ 
қауымында осы тұста едәуір жандануы араб-парсы, шағатай 
тілдерінің одан әрі таныс бола түсуіне, бұл тілдердің қазақ 
тіліне әсер етіп, ауыс-түйістің жақсаруына септігін тигізді. 
Сондықтан тіл саясатын, оның жай-күйін жақсы танып
тілдің арта түскен әлеуметтік қызметін дұрыс түсінген қалам 
қайраткерлерінің атқаратын жұмыстары ұлғайды. Бұлардың 
ішінде, әсіресе Абайдың қызметі мен орны ерекше. Абай өмір 
сүрген кезеңде және оған дейін де қазақ қоғамы тіршілігінде 
ауызша сақталып, тарап, дамып келген байырғы әдеби тіл 
қызмет етті. Сонымен қатар көптеген түркі халықтарына 
ортақ ортаазиялық жазба дәстүрдің негізінде қалыптасқан 
жазба әдеби тіл де қазақ мәдениетінен елеулі орын алады. 
Келешекте қазақ халқының рухани-мәдени қажетін өтейтін 
бірегей жазба әдеби тілді қалыптастыру үшін осы II түрлі 
тіл тәжірибесінің біреуін ғана негізге алу қажеттігі туды. 
Абай санғасырлық түркі жазба тілі дәстүрімен өзі ақындық 
дүниесінің есігін қағар шағында таңдауынан гөрі тамашала-
уы басым 14-19 жасында танысты. Оның шығармаларынан 
бізге осы дәстүрде жазған 3 өлеңі келіп жеткені мәлім. Кейін 
саналы, мақсатты шебер шығармашылыққа бет алғанда, ол 
шағатай тілі, шағатай әдебиеті дәстүрінен бас тартты. Бірақ 
көптеген түркі тілдерінің мұқтажын өтеп келген, санғасырлық 
тұрақты дәстүрі бар шағатай тілін Абайдың қаламауы бұл 
тілдің «жамандығынан» емес-ті. Ең алдымен, оған тілдің 
бұқаралық бағыты, жергілікті халықтың сөйлеу тіліне бет 
бұру бағыты басты себеп болды. Осы ағыстан қазақ тілі де 
қағыс қалған жоқ. Қоғамның өсіп келе жатқан мәдени, руха-


354
ни және эстетикалық мұқтажын өтеуде сол қауымның қалың 
бұқарасына ортақ, жалпыға түсінікті сөйлеу тілін таңдау 
қажеттігін Абай жақсы түсінді. Халықтың ұлт ретінде топ-
тасуына ұйытқы болатын негіздердің бірі – жазба әдебиет 
тілінің болуы десек, Абай қазақ ұлтының қалыптасуы үшін 
мұндай қасиетті шағатай тілінен көре алмады. Ол мұны 
қазақ халқының сөйлеу тіліне негізделген ұлттық ауызша
әдеби тілден тапты. Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысын-
да қазақтың байырғы ауызша әдеби тілінің жаңа кезеңі ба-
сталды. Бұл кезең ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалады. 
Қазақтың ұлттық жазба тілі мен Ыбырай, Абайдың мол 
әдеби, педагогикалық, публицистикалық, текстологиялық 
шығармаларында, қазақтың алғашқы баспасөздерінің бет- 
терінде, енді-енді көріне бастаған азаматтық тақырыптарда- 
ғы кітапшалардың материалдарында, әр алуан бағыттағы
ақындар өлеңдеріңде, әлі де туындап жатқан ауыз әдебиеті 
үлгілерінде қолданылып, бел ала бастады.
Жаңа жазба әдеби тіл өзінің әлеуметтік қызметі, стильдерге 
тарамдалуы жағынан ауызша дамыған байырғы әдеби тілден 
де, кітаби тілден де өзгешеленіп тұрды. Байырғы ауызша әдеби 
тілден жаңа кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ерекшелігі – оның 
жазба сипат алуында; қызмет ету өрісінің кеңеюінде; лексика-
грамматикалық өлшемдерінің айқындалып, тұрақталуында: 
жаңа стильдік салаларға бөлінуінде; көркемдеуші тәсілдерінің 
түрленіп, молығып, жаңаруында еді. Байырғы ауызша әдеби 
тіл негізінен көркем әдебиетке, оның ішінде көбінесе поэзияға 
қызмет етіп келсе, жаңа жазба әдеби тіл әдебиеттің өзге са-
лаларында: қоғамдық-публицистикалық, тіпті діни әдебиет 
үлгілеріне де қызмет етуге бағыт алды.
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің дәстүрлі түркілік жаз-
ба тілге негізделген кітаби тілден өзгешелігінің бірі – қызмет 
ететін салаларды, яғни төл жазба әдеби тіл әдебиет түрлерінің 
басым көпшілігіне, әсіресе көркем әдебиеттің прозалық жанр-
ларына қызмет етуді таңдауында болса, кітаби тіл ресми 
қағаздар (әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары т.б.) 
мен мұсылман дініне қатысты әдебиетті және ішінара көркем 
әдебиетті («қисса» деп аталған жанрды) қалады. Ұлттық әдеби 
тіл қазақ халқының сөйлеу тілінен алшақтамай, оны негіз етсе, 
кітаби тіл сөйлеу тілі өлшемдерінен алыстап, көпшілік бұқараға 


355
бейтаныс түркілік және араб-парсылық белгілерді мол пайда-
ланды. Дегенмен бұл екі жазба тіл бір-біріне ықпалдарын да 
тигізді. Ұлттық жазба тіл бұрыннан жазба дәстүрде келе жатқан 
кейбір сөздер мен тұлғаларды өз тәжірибесінде еркін қолданды. 
Бұл тұстағы қазақ әдеби тілінің публицистикалық және жарты-
лай ғылыми стильдерінде кітаби тілдің белгілері едәуір орын 
алды. Мысалы, «Түркістан уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты 
газетінің» беттерінде араб-парсы сөздері көбірек көрінді, 
кейбір -мыш жұрнақты есімше сияқты «түркілік» тұлғалар да 
жиі жұмсалды. Орфографиялық өлшемдер көп сәттерде жазба 
тілдің екі түріне де ортақ болып келді. Осы күнгі ең, әр, пайда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет