тантық, баяпыр, жолан, тарпаң, жырғалаң, жобалаң, топы-
рыш-топас, көрнек (ке шығу), (ит) ырғын, ылат, дегдар, сым-
был, сұғыну, абыз т.б. сияқты сөздердің қолданылуы ақынның
қазақ лексикасын, оның ішінде архаизмдерін де, жергілікті
ерекшеліктерді де мол әрі еркін пайдалана білгенін танытады,
өйткені осы сөздердің көпшілігі мағынасы контексте ашы-
латын айқын, әсерлі образдар жасайды. Мысалы: Бәйбіше
тантық, байы арам, Бозбаласы – бошалаң (салыстыр, Абайда:
Қисыны жоқ қышқырған неткен тантық) немесе: Ел билерлік
ісің жоқ, Дегдар емес, будансың т.т.
Осылардың барлығы сөзімтал Абайға көрінбей, қағыста
қалмаған болу керек, өйткені, біріншіден, Дулат – террито-
рия жағынан Абайға ең жақын жерде өмір сүріп өткен ақын,
екіншіден, жоғарыда айтқандай, Дулат Абайдың өзіне дейінгі
ақындардың ішінде тілі жағынан өзгелерден шоқтығы биік, бір
табан ілгері тұрғаны
50
.
Әрине, Абай тіл жағынан жалғыз Дулат емес, өзгелеріне
де көп үңіліп, олқылықтарына қарап, оларды қайталамауға,
жетістіктеріне қарап, оларды әрі қарай дамытуға ұмтылған.
Мысалы, грамматикалық тұлғалардан Абайда өте активтен-
ген келер шақтық есімше, ықшамдалған ашық рай (барман,
келмен), тіпті -мақ жұрнақты тұлға тәрізділер – ауыз әдебиеті
тілі мен қазақ ақындары қолданған тәсілдер; баяндауышты
өткен шақтық көсемше тұлғасымен беруді де Абай шығарған
емес: «Алпамыс батыр» жырындағы Байшұбардың шабы-
50
Дулаттың ақындығы мен тіліне бұндай бағаны бірінші берген – Қ.Жұмалиев
пен Ы.Дүйсенбаев. Қ.Жұмалиев Дулаттың көркемдік ерекшеліктерін «XVIII-XIX
ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген студенттерге арналған оқулығында (Алматы,
1967) арнайы талдап көрсетеді (80-85-бб.).
52
сын суреттеген өлеңнен бастап, бұл тәсіл қазақ ақындарының
бірқатарында кездесіп отырады. Мысалы, Дулаттағы:
Өкпешілін қайтейін,
Тарпаң тайдай қылтылдап!
Пәтуасын қайтейін,
Тазы ит қуған қояндай,
Қаққанша қабақ бұлтылдап.
Келемеж қылып біреуді
Сыртынан күліп шылтылдап.
Бетпе-бет келсе сөз таппай
Самайы терлеп мыңқылдап... –
тәрізді жолдарға синтаксистік көрінісі жағынан Абайдың «Жаз-
дыгүн шілде болғанда» өлеңінің өңкей көсемшеге аяқталған
тармақтары немесе «Оспанға» деген өлеңінің 19 жолының
құрылысы өте ұқсас келеді. Сөйтіп, Абай осы тәрізді бұрыннан
бар дәстүр-тәсілдерді жоққа шығармай, керісінше, оларды әрі
қарай жаңа сапада, жаңа мақсатта дамытуды принцип еткен.
* * *
Абайдың жаңа жазба әдеби тіл этапын бастауда ұстаған
бағыт-принциптерінің ішінде және бір көңіл аударатын жайт
бар. Ол – тілдің қоғамдық қызметін Абайдың дұрыс түсінуі.
Абай дәуірі – қазақ қоғамының әр алуан саяси, әлеуметтік,
мәдени және экономикалық жаңа қатынастарға түскен дәуірі.
Ендігі қазақ қоғамының мәдени талабын жалғыз көркем
әдебиет қанағаттандыра алмақ емес. Қазақ даласына азаматтық
оқу ұрығы шашырап себілген екен, енді оның қажетін өтейтін
оқу-педагогикалық әдебиет керектігі күн тәртібіне қойылады.
Баспасөздің пайда болуы қоғамдық-публицистикалық әдебиет
жанрын талап етеді. Әр алуан ғылыми немесе жартылай
ғылыми (әзірше көпшілікке арналған) шығармалар ғылыми,
публицистика әдебиетіне лайық тіл болуын алға қояды. Сөйтіп,
тілдің қоғамдық қызметі әлдеқайда кеңиді. Оның үстіне
елдің саяси құрылысында демократизация болмаса да, қоғам
дамуының объективтік күштері идеологияда демократтық тен-
денцияларды туғызып, халық мүддесін көздейтін талап-тілек,
іс-әрекеттер пайда болады. Соның бірі – оқу-жазуға, білім-
ғылымға енді ат төбеліндей азғана үстем тап пен дін өкілдерін
емес, бұқара халықты тарту идеясы болды. Ыбырай «Кел, ба-
53
лалар, оқылық» деп жар салып, мектептер ашу үшін бар күш-
жігерін жұмсаса, Абай: «Балаңа қатын әперме, енші берме,
барыңды салсаң да, балаңды оқыт», – десе, әрине, бұларын
Абайдың өз сөзімен айтсақ, «жалпақ жұртқа» арнап айтқаны.
Демек, осы талап-мақсаттарды өтейтін тұтас бір тіл керек.
Және ол тіл азғана окығандарға түсінікті емес, қазақ қоғамын
құрайтын «жалпақ жұртқа» – қалың бұқараға да әрі түсінікті,
әрі қолайлы болуы керек.
Міне, осы қызметті енді бұрыннан келе жатқан ортаазиялық
жазба әдеби тіл (кітаби тіл) атқара алмайтыны сезіледі. Себебі,
біріншіден, ол қазақтың ауызекі сөйлеу тілі нормаларынан
алшақтап кеткен, екіншіден, қазақ жазу тәжірибесінде белгілі
бір жанрларды (діни және эпистолярлық әдебиетті) ғана
қамтитындай қызмет аясы тарылған. Осы жайды, осы сыр-
ды Ыбырай да, Абай да өте жақсы түсінген. Сондықтан олар
қазақ қоғамының мәдени-рухани дүниесінің әрі қарай даму
процесінде ең қолайлы тіл, сан салалы жазба әдебиет тілі деп
қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілі нормасына негізделген
әдеби тіл формасын қалайды. Бұл қалауларын өздерінің твор-
чествосында білдіреді. Ыбырай осы тілде оқу-ағарту мүддесін
көздейтін әдебиет жанрын жасайды. Ыбырайдың әңгімелері
мен оқу құралдары («Руководство к обучению киргиз...») –
жалпыхалықтық тілге негізделген қазақтың жаңа жазба әдеби
тілінің көркем проза мен педагогикалық стилінің алғашқы
үлгілері. Абайдың да өз творчествосының жанрлық аясын
кеңітіп, «Қара сөздерін» жазуы – құр ермектің актісі емес.
Құдіреті күшті ақын «ендігі ойына келгенін ақ қағаз, қара
сиямен» өлең түрінде де жаза бере алса керек еді, бірақ ол
1890 жылдардан бастап, Мұхтар Әуезов айтқандай, «әр за-
манда бағасы жойылмайтын, бір үлкен қымбат қазына боп
табылатын» жаңа жанрды – прозамен жазылған публицисти-
ка мен ғылыми әдебиет жанрын жасайды. Тіл функциясының
кеңеюге тиісті екенін түсініп қана қоймайды, іс жүзінде
кеңейтуге өзі қатысады. Өлеңдері сияқты, бұл жанр да,
қазақтың жалпыхалықтық тілі негізінде жазылған. Сөйтіп, тіл
мәселесінс ұлттық, халықтық мүддеден қарауы, тілдің келешек
қоғам үшін атқаратын рөлін дұрыс түсінуі Абай мен Ыбырайға
жалпыхалықтық тілді тандауға мүмкіндік берген.
54
* * *
Жазба әдеби тілдің жаңа бағытта дамуына тікелей қатысты
тағы бір мәселе бар. Ол – Абайдың орыс тіліне қатынасы.
Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінің, соған негізделген көр-
кем әдеби тілінің бұрыннан келе жатқан принциптерінің
бірі – әртүрлі қарым-қатынас нәтижесінде тіл тәжірибесіне
шеттілдік сөздерді қабылдап, тіл мұқтаждарын өтейтіндерін
тұрақтандыру, әдеби айналымға түсіру болатын. Осы ретпен
лексикамызға өте ертеден-ақ парсы, монғол, одан кейін араб,
орыс тілі сөздері енгені мәлім.
Абай осы принципті жаңа сапамен әрі қарай дамытады. Жаңа
сапа дегеніміздің мәнісі мынау: тікелей саяси, экономикалық,
мәдени қарым-қатысқа түскен орыс халқының тілінен жеке
сөздерді қабылдау – Абайға дейін де бар тәсіл. Бірақ бұл
қабылдау біржақты: сырттай. Қазақта жоқ ұғымның (көбінесе
нақтылы заттың) атауын қолдан жасап, қазақшаламай-ақ не-
месе шығыс тілдерінен балама іздемей-ақ, орысша түрін
қабылдап келді. Бұған ел билеуге, саудаға т.б. қатысты сөздер
жатады. Және әдеби тіл бұларды ауызекі сөйлеу тілінен алды.
Абай мен Ыбырай бастаған жазба әдеби тілдің бұл жөнінде
түбірлі, сапалық айырмасы болды. Олар русизмдерді қазақтың
ауызекі сөйлеу тілімен қатар тікелей орыс жазба әдеби тілінен
де алды. Бұл – жазба әдеби тілдің бір белгісі. Бұған Абай мен
Ыбырайдың тікелей көркем аудармамен айналысқандары ғана
емес, жалпы орыс тілін білгендіктері, орыс тіліндегі әдебиетті
оқи алғандықтары үлкен рөл атқарған. Сондықтан да такт;
Достарыңызбен бөлісу: |