57
жиі қолданады. Сірә, бұл сөздің жалпы «паң»
дегеннен гөрі
(жарасымды, орынды пандық та болады ғой!), «дандайсыған,
менмен» деген мағыналары басым болуы керек. Абай бұл
сөзді, көбінесе, жағымсыз қылықтардың қосағында қолданады.
Күлкішіл, кердең наданның (I, 88).
Керенау, кердең, бір керім
(I, 76).
Кердең мойын кесілсе (I,42). Дегенмен «паң, өр» мағы-
насында да жоқ емес: Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,
Менмен,
кердең, қайғысыз ер көңілімен (I, 234). Бұл сөз Семей,
Шығыс Қазақстан аудандарының көпшілігінде бар. Әдеби тіл
нормасындағы
кердең-кердең басу, кердеңдеу сөздерінің осы
кердеңмен түбірлестігі даусыз.
Бастау сөзінің «бұлақ, қайнар, судың басы»
деген мағы-
насының таралу өрісі кеңдеу. Шығыс Қазақстан, Семей, Алма-
ты, Жамбыл облыстарында қолданылатын бұл сөз де Абайда
бар: Бас қоймай ма
бастауға (I, 219).
Жолғасу («жолығу, кездесу») етістігін диалектологтар Таулы
Алтай, Қошағаш, Шығыс Қазақстан аудандары қазақтарының
тіліне тән деп табады. Бұлармен шектес Шығыс Қазақстан, одан
Семей өлкелеріне де бұл тұлға жат болмағанға ұқсайды. Абай
жолығу вариантымен қатар
жолғасу тұлғасын да қолданады
(және соңғысы көбірек): Астыртын барып
жолғасқан (I, 64).
Және ұқсар тар төсекте
жолғасқанға (I, 23). Ұрланып қаштық,
Жолғастық, Шуластық (I, 129). Демек, Абайдың күшті тексто-
логы Қ. Мұхаметхановтың: «1954 жылғы баспада
Астыртын
барып жолығысқан деп берілуі дұрыс емес, қолжазбадағы
жолғасқан деген варианты түпнұсқаға сай келе ме дейміз»
54
,
–деген пікірі қисынды екені дәлелденеді.
Абай, Шұбартау аудандарының
55
тұрғындары бұл күнде
қасынысып жүру (қасыну) етістігін «тату жүру» мағынасында
қолданатын көрінеді. Шынында да
бұл тұлға дәл осы
мағынасында осы аймаққа тән диалектизм екені даусыз. Басқа
бөлім. - Алматы, 1955;
Сарыбаев Ш.Семей облысы Мақаншы ауданында тұратын
қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер //Қазақ тіл білімінің мәселелері.
- Алматы, 1959. т.б.
54
Мұхаметханов Қ. Абай шығарммарының текстологиясы жайында. - Алматы,
1959. - 42-б.
55
Талданылған сөздердің қолданылатын
аудандарын бұлайша дәл атап
көрсеткенімізде, тек осы екі-үш ауданға ғана тән деп түсінбеу керек. Біз бұл аудан
аттарын бір экспедицияның маршрутына байланысты жазылған мақала атауына қарай
алдық. Әйтпесе бұл тәрізді диалектизмдердің қолданылу өрісі әлдеқайда кеңірек екені
даусыз.
58
аудандарда (Қошағаш) қарама-қарсы мағынада, яғни «қастасу,
қастаса бастау» деген ұғымда жұмсалады. Осы тұлға алдыңғы
мағынада Абайда бар: Қалжыңдамақ,
қасынбақ, ыржаңдамақ
(I, 35). Бұл жердегі
қасынбақ тұлғасы
әдеби нормаға тән
«қасыну» (өз денесін қасу) мағынасында емес, жоғарыдағыдай
«тату жүру, жұғысу» ұғымында.
Достарыңызбен бөлісу: