Р. Сыздык 1-том indd


м ~ б дыбыстарының алмасуына келгенде, Абайда м



Pdf көрінісі
бет28/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

м ~ б дыбыстарының алмасуына келгенде, Абайда м ды-
бысты варианты басым (мұндай – бұндай емес, мұнда – бұнда 
емес), мұны бізден бұрынғылар да аңғарып көрсеткен
63
.
Грамматикалық тұлға-тәсілдердің ішінен Абайда жиі қол- 
данылған тұлғалардың бірі -мақ жұрнақты қимыл есімі мен -у 
жұрнақты тұлғаның барыс жалғауында тұрып, керек сөзімен 
тіркесуін (болуға керек), бір жағынан, жергілікті ерекшелікпен 
ұштастыруға болмас па екен деп ойлаймыз. Кейбір зерттеу-
лерге қарағанда, бұл грамматикалық тәсілдер қазірде оңтүстік-
шығыс өлкесінде едәуір актив қолданылады
64
. Оның үстіне 
бұларды жалғыз Абай емес, оның төңірегіндегілер тілінен де 
жиі кездестіреміз. М.Әуезов тіліндегі -мақ тұлғасын кейбір 
зерттеушілер Абай тілінің әсерінен іздейді
65
. Біздіңше, бұл 
ретте Абайдың да, М.Әуезовтің де ортақ бұлағы сол өңірдегі 
жалпыхалықтық қолданыс ерекшелігі болмас па екен деп ой-
лаймыз. Бірақ бұл – тұжырымымыз емес, топшылауымыз ғана. 
Өйткені, егер -мақ жұрнақты тұлғаны қазіргі кездегі шығыс, 
оңтүстік өлке тұрғындары актив қолданатын болса, ол әдеби 
тілдің (Абай және оның мектебіндегілердің) сөйлеу тіліне 
кейіннен еткен әсері болуы да ықтимал немесе бір кезде қазақ 
тілінде актив тәсіл болған -мақ тұлғасының Абай тілінде 
(жергілікті ерекшелікке байланыссыз) стильдік мақсатпен 
жанданған болуы да мүмкін. Сондықтан біз Абайдағы 
бұл грамматикалық амалдарды қайткенде де диалектілік 
құбылыстарға қатысты деп үзілді-кесілді алмаймыз.
Сөйтіп, Абай тілінде қазіргі әдеби нормамызбен салыс- 
тырғанда өзі туып-өскен ортасы – шығыс өлкесіне де, Қазақ- 
станның өзге аймақтарына да тән бір алуан жергілікті ерекше- 
ліктер бар екені даусыз. Абай тілінде диалектизмдер бар 
дегенді проф. С.Аманжолов та айтты. Бірақ ол осы күнгі әдеби 
тіліміздің негізі солтүстік-шығыс диалектісі болғандықтан, сол 
диалектіде жазған Абай тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің 
63
Досқараев Ж. Байғанин ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі фоне- 
тикалық ерекшеліктер // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. - 
Алматы, 1960. - 2-шығуы. - 14-б.
64
Болатов Ж. Ұзынағаш экспедициясының материалдарынан // Қазақ тілі тарихы 
мен диалектологиясы мәселелері. - Алматы, 1958. - 1-шығ. - 180-б.
65
Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің тіліндегі стильдік 
кейбір ортақ өрнектер // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - 1962. - №11.


65
көпшілігі әдеби тіліміздің нормасы болып кетті дегенді айт-
ты
66
. Ал біздің талдауымызша, яғни жоғарғы талданған 
фактілерге қарағанда: 1) Абайда жалғыз солүстік-шығыс го-
ворларына ғана тән емес, өзге, тіпті алшақ жатқан өлкелерге де 
тән кейбір ерекшеліктер бар; 2) Абай тіліндегі диалектизмдер 
мен жергілікті фонетикалық ерекшеліктердің барлығы бірдей 
бұл күнде әдеби нормаға жатпайды.
Осы екі тұжырымның айналасында тағы біраз сұрақтар мен 
пікірлер туады.
Ең алдымен, Абайда немесе сол өлкеде жасаған басқа 
қаламгерлерде осы күнгі өзге аймақтарға тән жергілікті 
ерекшеліктер қайдан жүрген? Біздіңше, екі себебі бар. Бірі 
– бұл күнде белгілі бір аудандарда тұйықталып тұрақталған 
кейбір диалектизмдер өткен ғасырда әлдеқайда кеңірек 
аумақта қолданылған тәрізді. Мысалы, Абайда кездесетін, 
бұл күнде өзге аймақтарға тән әшкере («жария»мағынасында), 
шалма тәрізді өзге тілдік сөздер Абай тұсында не одан да 
ілгерірек қазақ даласының көп жерінде қолданылған болу 
керек. Бұлардың қазіргі жария, сәлде деген варианттары 
әдеби норма болып соңғы кездерде қалыптасқан да алдыңғы 
дублеттері әр жерде диалектизм ретінде сақталған болар. 
Бірқатар диалектизмдер (там, жалаңқая) бұрынырақ оңтүстік-
шығыс-солтүстік аудандарға тегіс жайылған түрі бар. Бұл, там 
тәрізді сөздер Абай тұсында екі-үш мағынада қолданылған да, 
кейіннен әрқайсысы әр өлкеге тән болып қалыптасқан.
Екінші себеп – қазақтың мол ауыз әдебиетін, өз өлкесі мен 
оңтүстік, орталық Қазақстанды мекен еткен ақын-жырауларды 
жақсы білген Абай олардың кейбір сөздерін жатсынбай 
қолданған деп табамыз. Олардың бірқатарының диалектизм 
екенін (яғни біздердің кейін диалектизм деп табатынымызды) 
Абай, әрине, білген де емес! Мысалы, Абай тіліндегі батысқа 
тән шөлмек, орталық, солтүстік Қазақстанға тән шола («ала, 
біркелкі емес»), Батысқа, Қызылорда, Маңғыстау өлкелеріне 
тән азар («реніш, өкпе») сөздері өзі қолданған, талдаған мақал-
мәтелдермен келген: «бұлт ала, жер шола», «Мың күн сынбас, 
66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет