шөлмек» (I, 26).
Абайдағы образды сөздердің бірі – желқабыз. «Сырты абыз
бар, желқабыз бар, Алты ауыз бар – Өзге жоқ» (I, 152). Біздің
лексикологтар Абайдың осы сөйлеміндегі желқабыз-ды жеңіл
(!) қаңбақ деп түсіндірулері түсініксіз. Бұл сөздің екінші бір
жерде келген мағынасын «жүйрік ат» деп анықтайды (ҚТТС,
I, 223).
Желқабыз сөзі қазірде Алматы, Талдықорған төңірегінде
«желдену, іші кебу» деген ұғымды білдіретін диалектизм
ретінде де көрсетіліп жүр. Осы сөздің әйтеуір «желдену, іші
кебу, ұлғаю, ісу» мағыналары бары сезіледі. Қырғыз тілінде
(солтүстік говорларында) желқабыз босанған әйелгс салқын
тигендегі аурудың аты, құрғақ желқабыз – жалпы ісік ау-
61
Мұхаметханов Қ. Абай шығарммарының текстологиясы жайында. - Алматы,
1959. - 29-30-б.
62
руының аты (Киргизско-русский словарь. - С. 244). Абай бұл
сөзді қайдан, қай мағынада алған? Сірә, біздіңше, желқабыз
сөзінің Алматы, Талдықорғандықтар қолданатын «желдену,
іші кебу» мағынасын Абай ауыстырып, «іші шерге толған»
деген ұғымда айтып тұрған тәрізді. Өйткені өлең Оспан-
ды жоқтауға арналған, алты шумақты (алты ауыз бар). Біз
келтірген шумақтың алдыңғы үш тармағы: Жұрт тынымсыз,
Бәрі ұғымсыз, Енді оларға сөз де жоқ (1, 152) болып келеді де
әрі қарай өзі, өзінің осы шығармасы туралы: «Сырты абыз бар,
Желқабыз бар, Алты ауыз бар – өзге жоқ» болып аяқталады.
Демек, бұл жердегі желқабыз – «жеңіл қаңбақ» та емес,
«іші кеуіп, желденген» де емес, «бос кеуде, көпірме» де емес
(Абай әсте өзіне-өзі мұндай баға бермесе керек), «іші қайғы-
шерге толған адам», яғни Оспандай інісі өліп, іші қайғыға то-
лып, бірақ сырттай оны білдірмей абызға (оқыған, білген, әр
нәрсені аңғарған адамға) ұқсаған өзін және осы күйін білдірген
алты шумақты өлеңі (алты ауыз бар) барын айтып отыр.
Бұл деген сөз осы күні Абай өлкесінде «мата, кездеме»
дегеннің диалектілік варианты болғанмен, Абай оны өзге
өлкелердегідей «ақша, баға» ұғымында жұмсайды: «Бұл үшін
қызықпассың сен де бір ер»(I, 265). «Бұл құрап, киім түзеп,
қарны тойған» (I, 270). «Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр»
(I, 174). «Антұрған көп бұл емес»(I, 146). «Осы күнде мына
бір істің пұлы бар екен деп (II, 219)». Абай бұл сөзінің осы
мағынасынан туған әдеби нормадағы бұлдау («қымбат, бағалы
нәрсеге есептеу») сөзін де қолданған: «Біреудің малын бұлдап
қарызға алады» (II, 189). Бұл сөзін осы мағынада Дулат та жиі
қолданған: «Тәтті менен дәмдіні Қолында бұлы бар жейді»
(99). Абай, керісінше, матаны кездеме деп атайды (II, 157).
Сөйтіп, бәрін әзірге түгендей алмасақ та (өйткені бұл – тек
Абай лексикасын түгел сүзіп шығуға ғана байланысты емес,
өзге өлке ерекшеліктерінің түгел жиналуына да қатысты жай),
Абай шығармаларының тілінде қазіргі кезде Қазақстанның
өзге аймақтарына тән деп табылып жүрген бір алуан сөздерді
кездестіреміз. Бұл топтың ішінде бірнеше сөзді біз әдейі
кіргізбедік. Қолымыздағы материалдарға қарап, диалектілік
сипатына күмәнданатын жайымыз бар. Мысалы, нәсте (нәрсе)
63
тұлғасы солтүстік-батыс аудандарға тән деп регистрацияланса
да, оны біз қазірде де, өткенде де көп өлкеден табамыз. Абайда
екі варианты да бар.
Қас (қаса) сөзі – «өте, аса» мағынасында Жамбыл, Тал-
дықорған облыстарының ерекшелігі деп көрсетілгенмен,
бұл сөздің де әсіресе өткендегі қолданылу шегі өте үлкен.
Абай бұл сөзді буын санына қарай қас, қаса деп екі вари-
антта жиі қолданған. «Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп»
(I, 35), «Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (I, 23). Ильминский
бұлсөздің өткен ғасырда батыста болғанын көрсетеді, қас, қаса
– чистый, настоящий (170). «Кілең, ылғи» мағынасындағы
кіл сөзін де диалектизм деп санау қиын. Бұл да – батыста да,
шығыста да, солтүстікте де, ортада да (Қызылорда) бұрында,
қазір де қолданылатын сөз. Бұлардың диалектілік сипаты кейін
пайда болып, Абай тұсында олар жалпыхалықтық сипатта бо-
лулары да мүмкін.
Абай тіліндегі кейбір сөздердің жергілікті ерекшелікке
қатысты болар-ау деген фонетикалық оформлениесі мына-
дай: Абайда найзағай емес, нажағай (әдеби нормамызда ал-
дыңғысын қуаттап жүрміз).
62
Өткен ғасырда батыс аймағында
найзағай варианты болған (Ильминский, 123). Абайда адал
сөзі қазіргі басылуларында осылайша жазылып жүргенмен,
өзінде алал түрінде қолданылған, оны Мүрсейіт дәптерлері
көрсетеді, Мүрсейітте барлық жерде де алал деп жазылған.
Илану етістігі Абайда инану тұлғасында келеді.
д ~ л дыбыстарының алмасуына Абайда Түңлікбай сөзі
(Түңлікбайдың қатыны атың Шәріп (I, 16) ғана бар. Қалған
жағдайда маңдай, өңді, таңдай т.б. ж дыбысымен келген
сөздердің бірқатары Абайда жуан тәрізді. Мысалы, жана (осы
күнгі және). Жана вариантының жуандығын ұйқасқа қарап
топшылаймыз. Мысалы, шылдахана – байқап қара сөздерімен
шулап жана болып ұйқастырылған (I, 69). Біздіңше, бұл шы-
лау өткенде және қазіргі ауызекі сөйлеу нормамызда көбінесе
жуан вариантта қолданылғанға ұқсайды. Жалғыз Абайда емес,
өзге ақындар мен ауыз әдебиеті үлгілерінде бұл сөз жуан
сөздермен ұйқас құрайды.
62
Досқараев Ж. Диалектілік ерекшеліктерді жинау жұмысының программасы //
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. - Алматы, 1962. - 4- шығ. - 12-б.
|