88
қылса
сұхбат (I, 38). Жолдастық,
сұхбаттастық – бір үлкен
іс (I, 39), ал етістік түрінде
(сұхбаттасу) келтіргенде бірінші
мағынасын («сообщество») алғанға ұқсайды, өйткені жәдігой
шал бұл сөзді баланы бірлесіп бір іс істеуге шақырғанда айта-
ды: Сырлассақ,
сұхбаттассақ аулақ артық (I, 273).
Ғибрат (поучение, назидание; урок, смысл) сөзін «үлгі,
өнеге» мағынасында Абай өте жиі пайдаланган. Бұл сөзді
ара-тұра Абайдың тұстастары да қолдана бастаған: Майлы
ақынның өзіне,
Ыбырат берер сөзіне (Майлықожа, 192).
Парсының «бөлік» мағынасындагы
пара сөзін жалғыз Абай
емес, өткен ғасырдағы сауатты ақындардың бірқатары актив
пайдаланған: Бұл жұрттың сөз танымас бір
парасы (I, 66). Бір
паражанды малды ғып, Бір
паражанды малсыз ғып... (Дулат,
68).
Әсте фарсизмі де осындай. Абайда бұл сөз өте активтен-
ген, ол өзгелерде де жоқ емес. Арабша
әуел (де) сөзімен парал-
лель, сол мағынада парсының
әзел (де) сөзін Абай да, бірен-
саран өзгелер де жарастыра қолданады.
Ғанибет, ғайбат
сөздері де бірте-бірте ене бастаған белгісін Абаймен қатар өзге
нұсқалардан кездесуі көрсетеді. Мысалы, Адамға ол да болса
бір
ғанибет («Қыз Жібек», 1963).
Арабша
хәддү 1) предел, край, конец; 2) граница, рубеж;
3) лезвие, острие; 4) заповедь; постановление, статья мусуль-
манского права, устанавливающая наказание) сөзін
әдді, үдда,
Достарыңызбен бөлісу: