102
ларында араб-парсы элементтерінің оригиналдағы айты-
лу, жазылу нормаларын сақтау тенденциясының бары хақ.
Бұл – Абай творчествосының тематикалық сипатынан туған
ерекшеліктердің тағы біреуі.
Абай лексикасындағы араб-парсы
сөздерін әңгімелегенде
және бір көзге түсетін фактіні айтуға тура келеді. Ол –
синонимдік мәнді қос сөз жасау мәселесі. Абайда да, өзгелерде
де араб-парсы сөздері өзімен мағыналас қазақ сөзімен, кейде
тіпті арабтың не парсының өз тұлғалары бір-бірімен қатар
келіп, плеонастық қос сөздер жасайды. Мысалы, Абайда:
күш-қуат, әл-қуат, ғиззат-құрмет, абұйыр-ар, ар-абұйыр,
өң-шырай т.б. Проф. Б.Юнусалиев
екі синоним сөзді қатар
қолдану – жазба әдебиетке өзге тілдік элементтердің жаңа ене
бастаған кезінде болатын әдіс деп санайды. Сондықтан да ол
қырғыз тіліндегі
соо-саламат, аман- эсан, сый-сипат, урмат-
сый, күч-кубат тәрізді қос сөздерге қарап араб элементтерінің
қырғыз лексикасына кейінгі кезде енгенін дәлелдейді
88
.
Жалпы тұтас тіл тұрғысынан алғанда, бұл пікірі дұрыс та
болар. Өйткені мағыналас сөздерді қосарлау – сөз мағынасын
түсіндірудің бір әдісі.
Сый-құрмет, күш-қуат, мұң-мұқтаж
дегендерде бірі түркі, бірі шығыс сөзі болып, бірін-бірі
түсіндіріп, дәлірек айтсақ, түркі сөзі кірме сөздің мағынасын
ашып беріп түр.
Әрине,
Абай лексикасындағы күш-қуат, әл-қуат, ынсап-
ұят, ар-намыс, сейіл-серуен, гүл-бәйшешек, әуре-сарсаң, жер-
жиһан т.б. тәрізді қос сөздердің бір сыңары араб элементі
екендігіне қарап, оларды Абай тұсында енген дей алмаймыз.
Оларды Абай жалпыхалықтық қолданыстан алған. Соны-
мен қатар Абайда
дос-жар, ар-абұйыр, сәлем-сауқат сияқты
екі компонент де өзге тілдік қос сөздер де бар. Олар да –
бұрыннан қалыптасқандар. Тегі, бұл іспеттес
ғиззат-құрмет,
дос-асық тәрізді бірен-саран ғана болмаса, Абайда араб-парсы
сөздерінен өзі жасаған жаңа қос сөздер өте сирек.
Абай лексикасындағы араб-парсы элементтерінің қазақ
әдеби тіліне қатысына келсек, бір тілден екінші тілге сөздің
енуі (немесе кірме сөз – заимствованное слово)
туралы
88
Юнусалиев Б. М. Аталған еңбек. - 227-б.
103
мәселеге тоқтауға тура келеді. Әдетте жазба нұсқаларда
кездесетін шет тілдік сөздердің күллісі сол тілге енген (кірген)
лексикалық единица болып табылмайтыны аян. Сөз кірме
болып саналуы үшін оның белгілі бір белгілері, межелері бо-
лулары тиіс. Айталық, дәстүрлі критерийлер – кірме сөздің
қабылдаған тілдің фонетикалық және грамматикалық жүйесіне
сәйкестенуі, жаңа сөз жасау мен фраза құрауда актив болуы,
ауыспалы мағынаға ие болу қабілеті т.т.
89
Бұлардан басқа да
белгілер кірме сөздің ену дәрежесін танытады. Айталық, шет
тілдік сөздің семантикалық жағынан сіңісуі,
олардың тілдегі
бұрынғы бар сөздерден мағына жағынан дифференцияла-
нуы және тілде әрдайым қолданылуы, сондай-ақ белгілі бір
стильдік сфераға жатпайтын сөз болса, оның әдеби тілдің әр
алуан жанрында қолданыла беру қабілеті, ал
термин болса,
терминологияның сол саласында тұрақты түрде пайдаланылуы
тәрізді қасиеттері ол сөзді кірме элемент ретінде танытады.
Бұл шарттардың тұрғысынан келсек, Абайдағы кірме
сөздердің ішінде тілге енбеген немесе енуге тиісті емес
тобы бар. Бұл топ өз ішінен тағы ажыратылады. Қазақ әдеби
тіліне енбеген арабизм-фарсизмдердің үлкен бір бөлегі – ис-
лам діні тақырыбына қатысты ұғым, қимыл, зат атаулары.
Бұлардың қазақ тіліне ене алмау
себебі тіпті де діни сөздер
болғандығында емес, біздіңше, негізгі себебі қазақ тілінде
теологиялық тақырыпты проза жанрының дамымағандығын-
да. Дін мәселелерін дәл Абайша философиялық сипатта
қазақша ғылыми проза тілімен әңгіме еткендер өте аз
90
. Бұл –
бір. Екіншіден, бұл іспеттес араб элементтері жеке сөздер емес,
тұтас не грамматикалық тіркес, не сөйлем болып келеді. Текст
ішіне өзге
тілден енгізілген тіркестер, фразалар, сөйлемдер
89
Достарыңызбен бөлісу: