83
тіпті кейбіреулері мағына үстеп қолданыла беруі. Сан жағынан,
бұлар – Абайда да жиі қолданылған сөздер
76
.
Тілге ену мерзімі жағынан қарағанда, араб-парсы сөздерінің
екінші тобы тағы бар. Олар – XIX ғасырдың ішінде, әсіресе
II жартысында еніп қолданыла бастаған немесе бұрыннан бар
болса да, осы кезеңде әртүрлі факторларға байланысты актив-
тене бастаған сөздер. Әрине, бұларды осы кезеңдікі деп әзірге
ешбір айна-қатесіз кесіп айту қиын, өйткені жоғарыда айттық,
бұл жұмыс, бір жағынан, XIX ғасырға дейінгі үлгілердің лек-
сикасын түгел регистрацияға алып, анықтауға байланысты
болса, екінші жағынан, бұл үлгілер көбінесе хатқа түспей,
ауызша жеткендіктен, соңғы жеткізушілер өз тұсындағы нор-
маларды қосып жіберіп шатастыратыны және бар. Дегенмен
жеке әрбір сөзге таласпай, жалпы алғанда, өткен ғасырда актив
қолданылған бір топ араб-парсы сөздерінің бары факт екенін
батыл айта аламыз.
Жоғарыда, кіріспеде атадық, Абай тұсында қазақ даласын-
да оқу-ағарту, кітап шығару сияқты құбылыстар бұрынғыға
қарағанда едәуір жанданды. Оның ішінде мұсылманша оқу Орта
Азия түркі халықтарының жазу дүниесіне тән элементтерді
активтендірді. Бұрынғы ақын-жырауларда
қалам, қағаз, сия,
кітап, дәуіт, медіресе, шәкірт тәрізді таза оқу процесіндік
зат, адам атаулары некен-саяқ ұшырасса, ХІХ ғасырдың ІI
жартысындағыларда әлдеқайда жиі қолданылған. Мысалы,
Дулат пен Шортанбайда бұл саладан
сызған хат, кітап, ғарап,
парсы (әңгіме тіл, оқу жайында),
кітаптың тәмам болуы,
Достарыңызбен бөлісу: