84
жиі қолданыла бастағаны байқалады. Әрине, бұлардың актив
қолданылуы барлық қаламгерлерде бірдей емес. Дегенмен ХІХ
ғасырдың ІI жартысындағы қазақ ақындарының көбі (кітаби
ақындар өз алдына) мұсылманша сауатты болған. Сондықтан:
Мәселе кітап шығардым. Кейінгі қалған пендеге деген Шор-
танбайда болсын;
Кітап сөзін жатқа алып, мағынасын оның
білген ақынды ғана ақын деу керек деп өткен немесе:
Тәмам
болды кітабым деп кітап шығарған Дулатта болсын;
Азырақ
сөзді жазамын Сауатым осы болған соң деген Майлықожада
болсын,
Азғантай мен жазайын ақыл дәптер деп өткен Ақан
серіде болсын;
«Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан деп
келген Шәңгерейде болсын –
осылардың қай-қайсысында да
жоғарыдағыдай ғылым-білімге қатысты шығыс сөздерінің жиі
кездесуі олардың сауатты болғандықтарына және бұлтұста
оқу-ағарту ісінің едәуір жанданғанына тікелей байланысты.
Оқу-ағарту, мәдениет саласындағы кейбір арабизм-
фарсизмдердің активтене түскенін олардың ауыз әдебиеті
үлгілері тіліне енгені де дәлелдейді. О бастағы негізгі нұсқасы
(сюжеті т.б.) сақталғанмен, хатқа түскен кезеңінде үлкен «ре-
дакциялардан»
өткен эпостық жырларға да хат, мәслихат,
кітап сияқты сөздер қосылған: Молдалар басы қосылса,
Мәселе кітап оқыр-ды («Қыз Жібек», 1963. 78). Отырған
мәслихат қып ақсақалдар (Сонда. 72). Ал біз талдап отырған
дәуірде туған «Айман-Шолпан» сияқты жырда сол кезде ене
бастаған арабизмдер тіпті мол:
Хал мүшкіл жаздыруға
қалам
хатқа («Айман-Шолпан», 1957, 23).
Үкімге біздің айтқан
көнсін дейді (Сонда, 17). Ішінде
әптиектің сабақ бар ды
(Сонда, 22). Омбының
хат жазайын орысына (Сонда, 30).
Абай заманында біраз араб-парсы сөздерінің жоғының
еніп, барының активтене бастауына
сол тұстағы кітаби
тілдің жандануы да әсерін тигізгсні сөзсіз. Кітаби тілде жыр-
ланған қисса-дастандар, біздіңше, біраз шығыс сөздерін
сол кездегі ауызекі сөйлеу тіліне де, қазақ әдеби тіліне де
енгізіп, орнықтырып кеткені сезіледі. Сондай-ақ шығыстың
атақты классиктерінің шығармаларын қазақша еркін аударып
жырлаған үлгілер көптеген діни емес мағынадағы арабизмдер
мен фарсизмдерді енгізіп, жалпыхалықтық және әдеби сөздік
85
байлығына қосқанын атаймыз. Мысалы, осы екі түрлі әдеби
нұсқалар біз әңгіме етіп отырған кезеңде
бәйіт, дастан, қысса,
наме, дүлдүл, жамал, ділда, лағыл, гауһар-жауһар, ғажайып,
шәрбат, расул, сахаба, сүндет, махшар, перзент, пір, парыз
т.б. тәрізді сөздерді әкелген деп ойлаймыз.
Және бұлардың
бірқатары қазіргі әдеби нормамызда көнерген, пассив элемент-
тер болғанымен, өткен ғасырдың II жартысында, әсіресе жазба
нұсқалар тілінде, едәуір актив сөздерболған.
Абай тіліндегі оқу-білім, ғылым, мәдениетке қатысты араб-
парсы сөздері «Оқу-ағартуға байланысты сөздер» және «Жаңа
сөздер» деген параграфтарда толық талданады.
Абай тұсында активтене бастаған шығыс сөздерінің ішінде
тек оқу-мәдениетке қатысты сөздер емес,
соңғы көрсетілген
кітаби тіл мен шығыс классиктері әдебиетінің еркін аударма-
лары арқылы ене бастаған өзге сөздер де орын алады. Жазба
әдебиет түрлерінің арабша атаулары
бейіт, қысса, намә деген
сөзді Абай сирек болса да пайдаланған: Бұл жазған сүңғатым,
Көңіл ашар бір
намә (I, 168). Сондай-ақ діни ұғымдарға қатысты
Достарыңызбен бөлісу: