89
фарсизмдер
деп атаймыз, өйткені бұлар қазіргі нормамызға
келіп ұласпаса да, Абай шығармалары арқылы қалың оқушы
жұртшылыққа таныс болған, тіпті кейбіреулері
(сұхбаттасу,
ғанибет, еждиһат, ғайбаттау) – біршама орын тепкен сөздер.
Абай шығармаларында, әсіресе,
өлеңдерінде аса жиі бол-
маса да, қолданылған кейбір шығыс сөздері сол кездегі
жалпыхалықтық тілге де енбеген, кейін де қалыптаспаған эле-
менттер болып табылады. Бірақ бұлар – мүлде бейтаныс та
емес, контекске қарай мағынасын еркін түсінуге болатын, ара-
тұра Абайдың өзге тұстастары да пайдаланған сөздер. Оларға
сипат («саулық» мағынасындағы – Әбіштің
сиқатын беркітсең
кеудеге – I, 168),
Сиқатын қалқама, Бере гөр, я Рахим – I, 171),
мизан, уәзін («өлшеуіш»),
ғадауат («дұшпандық»),
ғиззат
(«қадір, сый»),
дәркүман («күдік, күдікті»),
тағлым («үйрету»)
>
тағрып («түсіндіру, білдіру»),
баһра («пайда, үлес»),
уәрд
(«әдет, машық»),
тағат («құлшылық ету»),
һәмише («үнемі,
ылғи») сөздерін жатқызамыз.
Қазақ тіліне енген көптеген
араб-парсы сөздері сияқты, Абай бұл көрсетілген сөздердің
де төркін тіліндегі бірнеше мағынасының біреуін ғана алады.
Мысалы,
сиқат сөзі арабша, негізінен екі түрлі мәндегі сөз:
1) здоровье; 2) истинность, правильность, достоверность, прав-
дивость. Абай осының 1-мағынасында ғана жұмсайды.
Тағлим
сөзінің түп төркініндегі төрт түрлі мағынасының «
1) учение,
обучение; 2) образование; 3) тренировка; 4) доктрина» біреуі,
біріншісі алынған. Сол сияқты араб тілінде 5 мағыналы
мизан
сөзінің «мерило» деген 2-мағынасын,
ғиззат сөзінің арабша
«слава, дороговизна» деген мағыналарын емес, «честь, до-
стоинство» деген мағынасын алып жұмсаған. Сірә, осы жерде
көңіл аударар бір жай – ол Абай шығармаларының басылула-
рында шығыс сөздеріне берілген түсініктердің кейбіреулерінің
дәл еместігі. Әрине, бұл жұмыс –
әрі араб, парсы тілдерін
жақсы білетін, оның үстіне Абай сөздігін әдейі зерттеуші
мамандарға жүктелетін міндет. Сөз жоқ, бұрынғы коммента-
торлар қалың оқушы жұртшылыққа
бейтаныс көптеген ара-
бизм, фарсизмдерді дұрыс түсіндіргсн, ал кейбіреулерін әлі де
қайта қарау керек тәрізді. Мысалы,
дағуа сөзі 1954, 1957 жылғы
басылуларында
талас,тартыс, айтыс деп түсіндірілген. Ал
90
араб тілінде бұл сөз «1) приглашение; 2) призыв; 3) распро-
странение; 4) агитация; пропаганда; 5) призвание, назначение;
6) юридическое дело» деген мағыналарды береді.
Бұлардың
ешбірі де «талас, тартыс, айтыс» деген ұғымға жуықтамайды.
Әрине, некен-саяқ сәттерде араб-парсы сөздерінің төркін
тілінде жоқ мағынада қолданылып, қалыптасып кететіні бола-
ды, дегенмен дәл Абай текстінде
дағуа сөзі оригинал тіліндегі
6 мағынасының біреуінде, сірә, 5-мәнінде («призвание, на-
значение») пайдаланылғанға ұқсайды. Әрине, бұл – кесіміміз
емес, жобалауымыз. Сол сияқты жоғарыда талданған
хикмет
сөзі осы іспеттес, бұл сөз кітапта түсіндірілгендей, «керемет,
ғажайып, сыр, ақыл» емес, сірә, түп төркініндегі
1-мағына-
сында («даналық») жұмсалған болу керек. Немесе
сұхбат
сөзі кітаптағы көрсетілген «оңаша отырыс» емес, «жолдастық»
мағынасында екенін де жоғарыда айттық.
Араб, парсы тілдерінің
маманы болмағандығымыздан, біз
бұл кітапта Абай лексикасындағы арабизм, фарсизмдерге тү-
гел, жан-жақты талдау жасай алмағандығымызды ескертеміз.
Тегі, бұл – мамандар тарапынан арнайы, өз алдына зерттеуді
қажет ететін мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: