сұхбат, ғанибет, ғайбат, үддә тәрізді арабизмдерді жатқыза
алмаймыз, оларды Абай әдеби тілде қалыптастыру мақсаты-
мен қолданғанын жоғарыда айттық. Өлеңдеріндегі қалған
бейтаныс араб-парсы сөздері стильдік мақсатпен пайдаланыл-
ғандығын және көрсеттік. Сондықтан Абайдың хамір, нығмат,
нәфрәт тәрізді сөздерді себеп-мақсатсыз қолдануын әсте
құптауға да, дамытуға да болмайды. Бірақ бұл құбылыс жалғыз
Абай емес, тіпті Бұқарлардан бастап, әсіресе XIX ғасырдың
өн бойындағы қазақ ақындарының барлығында кездеседі.
Әсіресе, мұсылманша сауаты барларында тілге енбеген араб-
парсы сөздері Абайдан жиі болмаса, кем ұшырамайды. Мыса-
лы, Бұқар текстеріндегі һәммәтлі, һәммәтсіз, Шортанбайдағы
кәмірһе типтес сөздерді барлығынан таба аламыз.
Керісінше, Абайдың шығыс сөздерін пайдаланудағы ерек-
ше сипаты қалың оқушыға бағыштаған шығармаларында
(өлеңдері болсын, «Қара сөздері» болсын) бейтаныс, жат араб-
парсы сөздерін қолданбау принципін ұстаған деп батыл айта
аламыз. Өйткені Абай сияқты араб лексикасын едәуір білген,
теологиялық, философиялық шығармаларды араб, шағатай
тілдерінде еркін оқыған жазушы мұндай принципті ұстанбаса,
халыққа жат, бірақ өзіне түсінікті шығыс элементтерін мо-
лынан қолданған болар еді. Ал жоғарғы көрсеткен бірді-екілі
фактілер екі томдық еңбектің ішінде мұхит суынан бөлінген
тамшыдай дәрежеде.
97
* * *
Ең соңғы мәселе шығыс сөздерінің фонетикалық тұлғала-
нуы жайында.
Қазақтың жалпыхалықтық тіліне ертеректсн енген араб-
парсы сөздері қазақ фонетикасына сәйкестелініп, дыбыстық
тұлғасы едәуір өзгеріп қалыптасқаны мәлім. Қазақ тіліне жат
дыбыстарды қалдырып кету немесе өзге дыбыспен ауысты-
ру сияқты жүйелі заңдылықтардың бар екенін Л.Рүстемов
дұрыс, жақсы көрсеткен
83
. Жалпыхалықтық сөйлеу нормасын-
да шығыс сөздері осылайша «қазақыланып» өзгергсн вариант-
та қалыптасқандықтан, халықтық қорды пайдаланған қазақ
ауыз әдебиеті мен ақындары, негізінен, сол өзгерген түрлерін
қолданған. Мысалы, өмір, ақыл, азап, арам, адал, әлем, әдет,
айып, пейіш, пенде, мейір т.т. Әрине, бұл заңдылықтар бойын-
ша да барлық жерде түгел бір ғана вариантта қалыптаспағаны
тағы түсінікті. Қазақстанның әр өлкесіне тән фонетикалық
ерекшелік шығыс сөздерінің жергілікті жерде дыбысталу
түріне тікелей әсерін тигізгені байқалады. Мысалы, о бастан
оңтүстік аудандарда пейіш, пүл, палуан, пенде (пәнде, пәндә)
болса, Орталық, Шығыс, Батыс өлкелерде бейіш ~ бейіс, бенде,
балуан, бұл түрінде қалыптасқандықтан, XIX ғасырда басы-
лып шыққан немесе жазылып алынған үлгілерде бұл сөздерді
екі-үш вариантта кездестіреміз. Мүрсейіт дәптерлерінде өз
өлкесіне тән дыбысты вариантында бейіс, бенде
84
, бұл. Сондай-
ақ арабша алал – (разрешенный, законный) сөзі бір өлкелерде
адал, екінші бір жерлерде алал түрінде қалыптасқанын Абай
текстері де көрсетеді. Әрине, Абайдың өз автографтары
қалмағандықтан, кейде жеке сөздердің орфограммасын сөз
ету қиын. Дегенмен Абай текстерін бізге жазып жеткізген өз
ауылдасы (Мүрсейіт Бікеұлы) болғандықтан, бұл сөздің оның
дәптерлерінде алал түрінде жазылуын автордың да қолданысы
деп есептейміз
85
. Және Абаймен территориялас Дулатта да
83
Рустемов Л. Қазақ тіліндегі араб-иран кірме сөздерінің лексика-семантикалық
ерекшеліктері. - Алматы, 1962.
84
Абайдың осы күнгі кітаптарында бірде бенде, бірде пенде болып жазылуын
автор тексінің дәл көшірмесі дей алмаймыз. Біздіңше және Мүрсейіт дәптерлері
бойынша, Абай бенде (кейде ұқсас үшін бәнде) түрлерін қолданған.
85
Абай шығармаларын соңғы бастырып шығарушылар осы күнгі әдеби
нормаға жақындату мақсатымен істеген болу керек, барлық жерде алал-ды адал
деп беріпті.
|