113
XIX ғасырдың ІІ жартысына тура келеді. Әрине, бұл сөздер
1850 жылдан әрі қарай қазақ тілінде ешбір қолданылған емес
деген үзілді-кесілді тұжырымнан аулақпыз. Мүмкін, Россия-
мен шектес аудандарда немесе қаласы, шіркеуі ең ерте пайда
болған маңайларда сөйлеу тілінде
шіркеу де,
кіресте,
поп та т.б.
христиан дініне қатысты орыс сөздері түсінікті болған болуы
да мүмкін. Бірақ әңгіме бірді-екілі құбылыс туралы емес, бұл
сөздердің әдеби тілде қолданылуы жайында.
Абай текстерінде қолданылған орыс сөздері екі түрлі ка-
налмен келген. Бірі – Абайдың
тұсындағы қазақтың жалпы-
халықтық тілі (ауызекі сөйлеу тілі де, көркем әдеби тілі де),
екіншісі – орыстың өз тілі. Абайдың жалпыхалықтық қол-
даныстан алып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік,
заң, шаруашылық, сауда салаларына қатыстылар:
болыс, кан-
дидат, ояз, сияз, сот, шар, старшын, майыр, шен, партия, бо-
дан, расход, законшік, кір, лапке, барқыт, самауырын, пәтер,
сома, бакалшік, кәтелешке, закон, мәліш (мелочь), аршопке,
барабан, зауыт, мәшине. Бұл
сөздердің бірқатары (канди-
дат, партия, кәтелешке, мәліш сауда, аршопке) Абайдан өзге
ақындарда және ауыз әдебиеті үлгілерінде өте сирек кездеседі
немесе тіпті кездеспейді, соған қарамастан,
біз бұлардың
барлығын Абай тұсындағы қазақтың жалпыхалықтық ауызекі
сөйлеу тілінің қорына жатқызамыз. Сөйтіп, алдыңғы
болыс,
ояздардан бастап, соңғы
кәтелешке, мәліш-терге дейінгі
русизмдерді Абай заманында қазақтың жалпыхалықтық тіліне
енген сөздер деп есептейміз.
Бұған осы сөздердің бірнеше
белгісі дәлел болады.
Ең алдымен, бұлардың барлығы дерлік – нақтылы зат атау-
лары, ал бұл заттар – сол кездегі қазақтың әлеуметтік және
экономикалық күнделікті өмірінде берік орын тепкен нәр-
селер. Бұл – бір. Екінші белгісі –
қазақ тілінің фонетикалық
табиғатына сай ыңғайласқан. Бұл жөнінде қазақ тіл білімінде
көп айтылды, сондықтан қай сөздің қалайша фонетикалық
өзгеріске түскенін көрсетіп жатпадық. Жалғыз-ақ ескеретін
нәрсе – бұлардың кейбіреулерінің біз сөз етіп отырған кезеңде
фонетикалық екі-үш вариантының болғаны. Үшінші
белгісі
– бұлардың бірқатары қазақ тілі жұрнақтарын жалғап, жаңа
114
сөздер жасай бастаған. Мысалы,
болыс сөзінен
-ты аффиксі
арқылы әкімшіліктің осы звеносының
жинақтаушы абстракт
атауы пайда болған.
Законсыз, соттау, партиялас, партияла-
Достарыңызбен бөлісу: