Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет44/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

һәм ғадаләт, һәм махаббат бар (II, 199). һәм ақыл, һәм қайрат 
– екі мықты қуат қосылып тоқтатады (II, 218).) һәмшылауы 
тек 38-сөзде емес, өзге«Сөздерде» де едәуір жиі кездеседі. 
Және, һәм шылауларының арабша дублеті уа сөзі де Абай 
прозасының тілінде бірсыпыра мол пайдаланылган және ол 
көбінесе уа һәм, уа және, уа ләкин түрінде өзге шылаулар-
мен тіркесте келіп, қазақша және де, бірақ та дегендердің 
синонимі ретінде жұмсалған: Уа ләкин адам баласы талапты 
я талапсыз болсын... (II, 218). Уа және назначение қылғанда, 
тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса... (ІТ, 157). Арабтың ләкин 
шылауын да Абай қазақша бірақ дегеннің орнына жұмсағанын 
тек қана прозасының тілінен көреміз: Ләкин өз дәулетінен 
артық киінбегі, не киімі артық болмаса да, көңліне қуат тұтып, 
тым айналдырмақ – кербездің ісі (II, 182).


95
Бұл үшеуі де тек Абай прозасының тілінде емес, қазақтың 
жазба әдеби тілінде күні кешеге, тіпті осы ғасырдың 30-жылда-
рына шейін орын алып келді. Мысалы, өткендегі баспасөз тілі 
мен алғашқы әр алуан прозалық үлгілер тілінен һәм, уа, ләкин 
шылаулары бірқыдыру еркін пайдаланылғаны байқалады. 
Тіпті мұның ықпалы ауыз әдебиеті нұсқаларына да тигенін 
өткен ғасырда жарияланған эпостардың қара сөзді текстерінен 
көруге болады: Байбөрінің Құлтай деген немере ағасы бар 
екен. Ол һәм перзентке зар екен («Қисса Алпамыш», 1901). 
Бұл батыр Қараноғайдың хан, халқыменен татуласып табы-
сты да, Жанарыстан үш тараған деген тауды барып жайла-
ды һәм қыстады («Ер Тарғын», 1898). Әсіресе, бұл үшеуінің 
ішінде һәм шылауын өткен ғасырдағы қазақтың жаңа жазба 
әдеби тіліне енген норма деп есептеуге болады. Өткендегі 
баспасөз және өзгеде прозалық нұсқаларды (мысалы, көркем 
проза жанрындағы алғашқы аудармалар – «Капитан қызы» 
т. б.) былай қойғанда, бұл шылау әм түрінде «қазақыланып», 
поэзия тіліне де ене бастағанын атаймыз. Абай бұл тұлғаны 
өлеңдерінде де жатсынбай қолданады: Сөйлесе сөзі әдепті әм 
мағыналы (I, 24). Өткен күнге өкінбен, Әм үміт жоқ алдымда 
(ІІ, 99). Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қай жігіт
(II, 71). Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем (I, 48).
Парсы тіліндік һәм шылауы қазақ жазба әдеби тілінде осы 
ғасырдың 20-30-жылдарына шейін едәуір актив қолданылып 
келіп, кейінгі кезеңдерде нормадан ығыстырылғаны байқа- 
лады. Ал кітаби тіл нормаларының бірі уа, ләкин шылаула-
ры бұған қарағанда әлдеқайда солғындау пайдаланылған. 
Өткен ғасырдағы проза жанрында, оның ішінде Абай «Қара 
сөздерінде» қолданылғанымен, кейін бұлардың қазақша 
дублеттері тұрақталған.
Сөйтіп, Абай қазақ әдеби тіліне бұрында, кейін де сіңіспеген 
бір алуан араб сөздерін, тіркестерін және жеке сөйлемдерін 
стильдік мақсатпен пайдаланған. Ешбір мотивсіз (әсіресе 
өлеңдерінде) пайдаланылған бірен-саран бейтаныс арабизм-
дер де кездеседі. Мысалы, поэмаларында ас, тағам, арақ, ша-
рап деген қазақша баламалары бола тұрса да, нығмат, хамір 


96
сөздері қолданылған: Арақ-жеміс әртүрлі нығмат дайын
(I, 174). Миуадан тартқан хамір ас артында (I, 274). Бұл жерде 
не жоғарыдағыдай белгілі бір тақырыпқа, әдеби жанрға бай-
ланысты стильдік мақсат көзделіп тұрған жоқ, не буын саны, 
ұйқас тәрізді өлең шарттарына бола алынбаған. Сол сияқты таза 
қазақша жазылған «Ғылым таппай мақтанба» деп басталатын 
тамаша шығарманың текстінде: Жамандық көрсең нефрәтлі, 
Жақсылық көрсең ғибрәтлі (I, 44) деп шағатайша «киінген» 
(-ты-ның орнына -лы жұрнағын жалғанған) бейтаныс араб 
сөздерінің (ең болмағанда нәфрәт деген біреуінің) бары – факт. 
Бұл сипатты құбылыс өте сирек. Өйткені бұл қатарға баһра, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет