Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сайтан көпір. Оралхан Бөкей

Алмажан: – Бос шананы неге сүйрейсіз? 
Нұржан: – Сүйре! – деді, сүйрейміз. ал, мен Сізді білем
әкең айтқан... 
Алмажан: – ал, мен Сізді баяғыдан... жер жаралмай 
тұрғаннан білем. Бағана, сиыр қораға шөп түсіріп жүрген- 
деріңізде тағы бір рет – тіпті тым жақыннан көрдім. Таң 
қалдым, ылғи түсіме кіретін, үнемі қиялымнан іздейтін 
беймәлім жігіттің Сізге ұқсағанына қайран қалдым. 
Нұржан: – мен де... мен де Сізді көп іздедім ғой, құрбым... 
Алмажан: – Сіздің іздегеніңіз Қар қызы емес пе?.. 
Нұржан алақанымен қыздың көзін тағы да сипайды. – 
Жанарыңызда жас бар ғой. Шаршадыңыз ба мынау аппақ 
суық дүниеден... 
алмажан да жігіттің көзін сипайды: – Сіз де жылап 
жатырсыз. Шаршатқаны-ау, мынау аппақ суық дүние... Сіз 
білесіз бе, атам мен апамның Қар қызы деп жүргені – менмін.
Иә-иә, іргеңізде жатқан сол аты аңызға айналған Қар қызы... 
Нұржан шошып қалып, басын қақшаң еткізе көтеріп еді. 
– мүмкін емес... Ол өлген! Қарға айналып кеткен... 
мүмкін, емес, ол жәй ертек қана... – деді зәрезап болып. 


246
алмажан да басын көтеріп алды. 
– Қорықпаңызшы... мен қорыққандардың қорғаны болу- 
ға жаралған адаммын... 
– Сіз шынымен-ақ адамсыз ба?! – Нұржан есі шыға 
сұрады. 
Алмажан: – Иә, адаммын!.. 
Енді екеуі өз төсектерінде тізелерін құшақтап отырды. 
Қалған кісілер қалың ұйқыда. Бұлардың сыбыр-күбіріне оянар 
емес. 
Нұржан: – Сонда қалай, Сіз шал-кемпірдің баласы емессіз 
бе? 
Алмажан: – анамыз бала көтермеген кісі... мен... сол түні 
адасып кеткен Қар қызымын... Боранды түнде үсік ұрып, 
кірпігім ғана қимылдап, қарға көміліп жатқан жерімнен осы 
үйдегі ата тауып алды. Жан адамға сездірмей бір жыл 
бағыпқақты. Кейін... ауруханадағы шешемнің қайтыс 
болғанын естідім... «Шешеден қыз қалмасын, түйеден тұз 
қалмасын» деген емес пе, алыстан қосылар ағайын болғанмен, 
ет жақыным жоқ, елге қайтудың ешбір қисынын таппадым. 
Содан бері тіпті тірі адамның бетіне қарағым келмейді. Екі 
аяқты атаулының бәр-бәрінен көңілім қалды да, үстіме аппақ 
көйлек киіп қырға шығып ән саламын... ал Қар қызы туралы 
аңызды өзім ойлап таптым. атам екеуміз әдейі ел-жұртқа 
таратып жібердік. міне, содан бері күндіз – сауыншы, түнде – 
Қар қызы бейнесінде жүрмін... Кейде жападан-жалғыз жата 
беруге шыдамай, мынау ағаш үйден атып шығып, тізеден қар 
кешіп алаулаған ыстығымды басамын... Бәлкім, сізді іздеген 
сезімнің сергелдеңі шығар... 
– ғажап екен!.. Бәрі түсімдегідей! – деді жүрегі атша 
тулаған Нұржан. – Қар үйшікте жатып үсуге айналғанымда 
«тұр-тұрлап» мені оятқан да сіз бе? 
– Ол мен емеспін. менің кісім, менің ием, яғни менің 
елесім. Сол түні Сізді қатты сағындым, көп ойладым. аяғыма 
шаңғы іліп алып, тау-тасты кезіп ән салдым. Өзім осында 
жүрсем де, елесімді сізге жібердім. Сізді мен бұрын көрмеді 
деп ойлайсыз ба? 
– Әрине, көрген жоқсыз. 
– Көргенмін,– деді күліп. – Күзді күні машинаға шөп 
тиеп жүргендеріңізде көргенмін... Тура жаныңызға бардым, 


247
бірақ сіз байқамадыңыз. міне, содан бері сенсеңіз, есімнен 
ешбір шықпадыңыз... Содан соң, шыдай алмай әнімді сіздің 
ауылға жібердім. Осында, мынау жетім қыстаққа жетелеп 
келген де, сол – менің сағынышым... Қазір өзім осында 
отырсам да, елесім сонау ақ қар, көк мұз шомылған қарлы 
тауларда сыңсып ән салып жүр. 
– Ол да мүмкін-ау... 
– Кеше Сіз менің түсіме кірдіңіз. 
– Сіз де... Сіз менің бетімнен сипап оятып жібердіңіз, 
қолымнан тартып тұрғыздыңыз. 
– Ол мен емес, менің елесім ғой... Сізді оятуға әдейі 
жібергенім. 
алмажан кеше көрген түсін толқып, өзгеше мұңмен айтты: 
– ...Ұзақ жолдан екеуміз де шаршап-шалдығып келе 
жатырмыз екен деймін... Үстімізде ақ кебіннен өзге еш нәрсе 
жоқ – жалаң аяқ, жалаң баспыз. мойнымызға іліп алған шана – 
сол шанада Қоңқай, тағы бір жігіт отырады... Келе жатқанда 
да қатар, қол ұстасып емес, сіз шығыстан, мен батыстан 
бірбірімізге қарама-қарсы жүреміз. алдымыздан қар басқан 
тау кездеседі. Ол – Қоңқай тауы екен... Сол таудың екі 
жағынан тырмысып өрмелейміз, ұшар басына енді-енді іліне 
берген кезде сырғанап төмен түсеміз... мойнымызға 
қылғындыра іліп алған шана... Сол шанадағы «қоңқайлар» 
қарқ-қарқ күліп біздерді қамшының астына алады... Сүйрей 
алмай жан теріміз шығады... Сол уақытта Қар қызы келеді де 
мойнымызды қылғындырған шананың бас жібін қиып 
жібереді. Қоңқайлар сол шанамен ағып құзға құлайды... Содан 
соң екеумізді аппақ күміс шанаға, үлде мен бүлдеге орап 
отырғызады да, барлық адамзат сүйреп бүкіл әлемді шарлап, 
аралатады екен деймін... ғажап, екеумізді барша адам атаулы 
шанаға жегіп сүйреп жүр... сүйреп жүр, сүйреп жүр... 
Жақыннан... тым жақыннан қар қызының сыңсыта салған, 
мұңлы әні естіледі. Нұржанның өне бойы, арасанға 
шомылғандай балбырап, көзі іліне берді. 
– Қатты шаршаған екенсіз, аға, – деді оның көрпесін 
қымтай жапқан алмажан. – Шаршаған екенсіз... Шаршатқан 
екен... Сырымды бекер-ақ айттым. Қар қызына сүйіспеншілігі 
бұрынғыша арман қиялында қалуы керек еді. Енді ондай 
сезімнен айрылды ол. 


248
Таңертең ояна келсе, төсек бос жатыр; аппақ қардың 
арасында адасып жүргенде жұлдызбен бірге жауып түскен 
ақпанның бір тал гүлі жоқ, елең-алаңнан тұрып, сиыр саууға 
кетсе керек; жастығы шылқыған су, түсінде жылағанға 
ұқсайды. 
Тағы да бозамық сапарға аттанды, енді ол орнын аманжан- 
ға беріп, өзі темір жәшіктің үстіне теріс қарап отырды
трактор орнынан қозғала бергенде, қыстақтың қалың қырау 
басқан терезесі алдымен ноқаттанып, сосын бірте-бірте 
кеңейіп дөпдөңгелек болып тазарды; еріген әйнектен дөп-
дөңгелек қап-қара мөлдіреген жалғыз көз көрінді. Нұржан оны 
таса болғанша, өзінің әйнектен қараған қара көзіндей 
кішірейіп, алысқа ұзап, аппақ қардың ішіне әбден сіңгенше 
жанарымен шығарып тұрғанын сезді; түн қараңғысында 
Нұржанға оның дидарын, тіпті екінші көзін көруді жазбады, 
мүмкін, соқыр шығар, бірақ ол үшін оның шолпан жұлдыздай 
жарқыраған жалғыз жанары да жететін еді. Сол жалғыз жанар 
арқылы жұмбақ қыздың дидары, беймәлім қыздың айдалада – 
аппақ қардың арасында адасып жүрген теңдесіз жетім 
сұлулығын рухани қуат етті; күні бүгінге дейін сол еңбектен 
жаралған алақанның жылуы жалыққан, тәңірім-ау, кейде бір 
шаршаған жанын жаннатқа, сол жаққа – Қар қызының 
отанына жүр-жүрлейді... 
Олар үнсіз келеді. Үндесе қызыл шеке болып төбе- 
лесетіндей. Нұржан быршып терлеп, ал жанындағы екеуі 
дірдір етіп тоңады, өйткені олар өмірде алмажандай Қар қызы 
барын білмейді – алға қарап отыр; Нұржан алмажандай түрін 
көрмеген қимасынан бірте-бірте алыстап мәңгіге қоштасып 
барады; өйткені ол артқа қарап отыр... 
Бүкіл әлем аппақ қардың астында жатыр... Құлаққа 
сызылта салған мұңға толы ән келеді, мүмкін, адасып жүрген 
Қар қызының сыңсуы шығар... 
Қар қызы... Ол қандай екен? Бармысың мынау жалған 
дүниеде, әлде жоқпысың?.. 
Әлемнің әйнегін қырау басқан, айнала аппақ қар, сеңдей 
сірестіріп қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке, қарасаң көз 
қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... алысқа бірін-
бірі қуалап жарысады; ербең етер тіршіліксіз салқын 
бедірейген 
қарлы 
адырлар 
ұлы 
өмір 
шуылынан 


249
бейхабарайқара жамылған ақшағи көрпесін қымтап, күрк-күрк 
жөтеледі – мәңгілік тымаудан бүткіл табиғат арыла 
алмағандай... 
Нән шана шөпті толтыра тиеп алып, қар-теңізінде жүзіп 
келе жатқан ДТ-54 маркалы тракторы үш-төрт күнгі тын- 
ыштықтан, иесіз кеңістіктен әбден шаршағандай, сонау 
ауылға – Үлкен өмірге асығыс аттанып барады. Кабинадағы 
үш жігіт осы айналаны қоршаған аппақ тауларға тілсіз 
телміріп, әрқайсысы өз ойын малталап отыр. Жарықтық, 
техникада мін жоқ, шөп тиелген шананы мықшия тартып, 
әзірше сыр бермей келеді. Ұзақ жол, ауыр сапарға сыр беріп 
алған, тек адамдар ғана еді... тракторды Нұржанның өзі 
жүргізіп отыратын. Түнде қонып шыққан қыстақтың өкпе 
тұсына келгенде, тормозды табанымен кілт тоқтатты да, газды 
азайтты. Есіне әлдене түскендей, қабағын түйе сәл үнсіз 
отырып қалды да: 
– ал, достарым, айып етпеңдер, мен сендермен 
қоштасайын деп отырмын,– деді екі жолдасының суық сорған 
жүзіне кезек қарай.– Бала жастан бірге ойнап, бірге өсіп едік, 
артық-ауыз айтылған сөз болса, кешіріңдер. Өмір атты ұзақ 
сапарды бірге бастасақ та, бірге аяқтау мүмкін емес екен. мен 
осы жерде – Қар қызы мекенінде мүлдем қаламын, мал-
жанның күйзелмеуі үшін қаламын. Егер мен осынау кеңістікте 
қалмасам Қар қызы өкпелейді. ал ол өкпелесе, бүкіл халық 
оның кәріне жолығады... Қайыр! 
– Шөп тиелген шананы сүйреп өту біздің мойнымызға 
жазылған шығар. Қалам десең – қарсы емеспін. Қар қызы 
еліне де еркек керек-ау, – деді Бақытжан. аманжан қол беріп 
қоштаспады, «сау бол» деп үндемеді. Сол түйілген қалпы 
меңірейіп отырып қалған. 
– Бар ескертерім,– деді трактордан омбы қарға қарғып 
түс- кен соң Нұржан. – Қанаттарыңмен ұшсаңдар да, 
құйрықтарың- ды ұмытпаңдар. аппақ қардың бетіндегі меңдей 
болып, көкжиекке сіңіп
барады, әне... 
Әлемнің әйнегін қырау басқан, айнала аппақ қар, сеңдей 
сірестіріп, қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке, қарасаң көз 
қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... алысқа 
бірбірін қуалап жарысады. Ербең етер тіршілік белгісі жоқ, 


250
салқын бедірейген аязды аймақ. Бұлар Қоңқай асуынын өкпе 
тұсынан айналып өтіп бара жатыр еді. 
ДТ-54-тің рычагын енді аманжан ұстап отырған. Табаны- 
мен тормозды басты да, тракторды тоқтатты. 
– ал, Бәке, – деді жанында қалғыңқырап отырған Бақыт- 
жанды шынтағымен түртіп.– мынау қарғыс атқан жерде 
қалып коюға мен де бел байлап тұрмын. мүмкін, аз жылға, 
бәлкім, мәңгілікке, әзірше өзім де білмеймін... Тағдырдың 
жазуы осы шығар. Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не 
соның жолын қуып кетермін, әйтеуір, Үлкен өмірге барғым 
келмейді.
Үлкен өмірге кішкентай адамдар ғана сыя алады... Хош. Ендігі 
келгеніңде бұл жер – аманжан асуы аталады. 
Трактордан секіріп түсті де, әлі тышқан ізі түспеген 
таптаза тың қарды омбылап, тау басына қарай тырмыса өрлеп 
бара жатты. алғашында меңірейіп тұрып қалған Бақытжанның 
көзі ашып, жанарына жас үйірілді. Жиырма жыл бір-бірінен 
екі елі ажырамаған достарын, мынау аппақ кеңістіктің әр 
жеріне бытырата таратып, ауылға соқа басы қалай ғана қайта 
алады. Бірақ өз-өзінен мүжіліп, ақ қар, көк мұзды аязды 
аймақта тұра беруге әсте де болмайды, тек қана алға жүру 
керек, 
толассыз 
мәңгілік 
қимыл 
керек...


251


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет