Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Әдебиеттер4, 5,7,9, 10, 12,14,18, 20, 21, 22,26,35. 
 
№ 6 дәріс тақырыбы:
Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы 
герменевтикалық, 
структуралистік, 
семиотикалық 
зерттеу 
тәсілдері 
Дәріс тезисі: Герменевтика ежелгі антикалық дәуірде көне 
ақындардың (ең алдымен – Гомердің) шығармаларындағы 
рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтулғандарды түсіндіру тәсілі 
ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем 
бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты 
герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу 


23 
дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, 
сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. 
Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу 
мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен 
пайдаланылды... Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды 
қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн 
беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика 
"тұлғалық 
түсінуші 
тәжірибемен" 
(Г.Гадамер) 
байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен 
мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған. 
Қазіргі әдебиеттануда герменевтиканың маңызы артып отыр. 
Әдебиеттану 
ғылымындағы 
структуралистік 
тәсілдің 
ерекшелігі. Тарихы жиырмасыншы ғасырдың 60 70 жылдарынан 
бастау алатын әдебиеттану ғылымындағы бұл бағыттың 
әдістемелік 
ұстанымдары 
Соссюрдің 
құрылымдық 
лингвистикасы мен орыстың формалистік мектебіне негізделген. 
Структурализмннің Францияда өркен жайған мектебі (Клод 
Леви-Строс, Ролан Барт) 
көбіне 
философиялық 
сипат 
алғандықтан структурализмнен постструктурализмге жеңіл өтті. 
Бұл жерде (Р.О. Якобсон, Ю.Лотман) семиотикалық зерттеу 
тәсілінің де структурализмнің негізін құрағанын айта кету керек. 
Ал Мәскеудегі структуралды поэтиканың басты өкілдері ретінде 
Вяч. Вс. Иванов, В. Н. Топоров, Б. А. Успенский, А. М. 
Пятигорский, Ю.М. Лотман, З. Г. Минц, Б. М. Гаспаров, П. А. 
Рудневтерді атап өтуге болады. 
Структуралистік поэтиканың негізгі ұстанымы көркем мәтін 
бірлігінің жүйелілігі болды. Жүйелілік дегенде ең бастысы оның 
құрылымдық деңгейінің баспалдағына баса назар аударылды. 
Әуелгіде структуралды лингвистикадан бастау алған бұл 
тұжырымның негізгі ұстанымдары структуралистік поэтика 
басшылыққа 
алған 
кезеңдерде 
генеративті 
лингвистика 
тұрғысынан қайта қаралды. Бұл зерттеу тәсілінің құрылымдық 
деңгейінің жүйесі төмендегідей болды: фоника, метрика, 
грамматика, синтаксис, семантика (жалпылай алғанда мәтіннің 
мәні). Бұл жүйе бойынша структуралистер көбіне лирикалық 
өлеңдерді талдауды басты негіз етіп алды. Ал егер прозалық 
шығармалар талданған жағдайда фоника, метрикалардың орнын – 


24 
туындының фабуласы мен сюжеті ондағы уақыт пен кеңістік 
басады.
Постструктурализм – 1970-1980 жылдардағы философия мен 
гуманитарлық 
танымдар 
жүйесіндегі 
зерттеу 
тәсілі. 
Постструктурализмнің мақсаты – белгілі бір құрылымдық 
жүйедегі «құрылымдық емес» нәрсенің барлығын ұғыну, тілдік 
құрылым 
мен 
адам 
танымын 
бағамдаудағы 
қарама-
қайшылықтарды айқындау, оқудың жаңа тәжірбиелерін ұсыну 
болып табылады. 
Негізінен поструктурализмнің өкілдерінің дені Ролан Барт, 
Мишель Фуко, Жак Деррида, Жан Бодрийар, Юлия Кристева 
секілді француз ғалымдарынан тұрады. 
Семиотиканың – «белгілер жүйесі туралы ғылым» деген 
шартты анықтамасы бар. 
Семиотика (терминдік мәні гректің «sema» - «белгі» деген 
сөзінен келеді.) – тілдік белгілер мен олардың қолданылу 
ерекшелігін қарастыратын теория. Алғашқылардың бірі болып 
«белгінің» үш негізгі сипатың американдық философ Чарлз Пирс 
айқындады. 1) белгінің белгіге 
қатыстылығы; 2) белгінің 
нені 
білдіретіне 
қатыстылығы; 
3) 
белгі 
мен 
оны 
қолданатындардың ара қатыстылығы. Осыған орай, сомиотика өз 
ішінде үш пәнге болінеді, олар: синтактика, семантика және 
прагматика.
Бастапқыда ғылыми айналымға жәй бір қатардағы көп 
теорияның бірі ретінде кірген семиотика, бүгінде гуманитарлық 
сала мамандарының үлкен қызығыушылығын тудырып отырған 
ғылыми 
жүйеге 
айналды. 
Әдебиетті 
таныу 
мен 
әдебиеттіңтеориялық сипатын саралайтын арнайы еңбектер мен 
оқу құралдарының бар екені белгілі. Олар өз кезеңінде 
әдебиеттісаралайтын нақты категориялар мен терминдердің 
жиынтығынан 
тұрады. 
Мұндай 
категориялар 
жүйесінде 
семиотика – белгі мен бораз түрінде беріледі. «Кез- келген белгі 
білдірілетін және білдіретін зат пен құбылыстың бірлігі, олар 
туралы ақпараттың иесі. Мәселен, біз көзбен көрмегенімізбен 
«арба», «стол» деген заттардың атын естеи отырып, ол туралы бір 
түсінік қалыптастыра аламыз. Белгідегі ең бастысы мағына мен 
оның көрінісі. Белгілер жүйесінде мағына ең үлкен әрі аса 
маңызды категория. Тіл де, тарихта, маххабатта бәрі-бәрі белгілер 


25 
жүйесі» Олай болса белгі дегеніміз не? Белгі болудық шарттары 
қандай? Белгінің тәндік не жандық, не басқалай құндылықтар 
жүйесіндегі анықтамалық қасиеті бар ма? Бар болса оны қанлай 
тұжырымдармен дәлелдейміз? ХІХ ғасыр басындағы бірқатар 
философтар заттар мен белгілердің ара- қатынасын ажыратуға 
талпынған болатын. Мұның қиындығы сол, кейбір жағдайларда 
белгі болып ұғыналатын нәрселер басқа бір құндылықтар 
жүйесінде жай ғана қарапайым зат болуы мүмкін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет