28
романның
поэтикасы
немесе
белгілі
бір
суреткер
шығармаларының поэтикасы не
көркем шығарма поэтикасы
болуы мүмкін. Поэтиканың мақсаты шығарма құндылығын,
эстетикалық әсер қалыптастыратын мәтін элементтерін айқындап,
оны жүйелеу болып табылады (мысалы, лирикалық өлеңдерде
ырғақ, ал прозада сюжет басты рөл атқарады). Поэтика жалпы
(макропоэтика), жеке баяндау (микропоэтика) және тарихи болып
үшке бөлінеді. Поэтикадағы басты мәселе — композиция, яғни
барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім-
үндестігі.
Жалпы немесе теориялық поэтиканың
мақсаты поэтикалық
тәсілдерді жүйелі зерттеу, салыстырмалы түрде сипаттау және
классификациялау. Нақты тарихи материал негізінде поэткалық
өнердің тарихын зерттеушіге қарастыратын жеке нысанына
қажетті ғылыми түсініктердің жүйесін жасап беру. Тарихи
поэтика теореялық поэтиканы толықтырады. Теориялық поэтика
әдебиеттану категориялар жүйесін
қалыптастырып, олардың
ұғымдық-логикалық талдауларын жасаса, тарихи поэтика осы
категориялардың шығу тегі мен дамуын қарастырады. Жалпы
„поэтиака“ сөзі екі мағынаны білдіреді. Біріншісі –
әдебиет
туралы ғылым, екіншісі – поэтикалық өнер. Екеуі деөз
ерекшеліктерімен әдебиеттану ғылымының еншісінде. Теориялық
поэтикаға біріншісі тән де, тарихи поэтикаға екінші мағына дәл
келеді. Мысалы, „жанр“ деген ұғымды алатын болсақ,
оның не
екенін білуіміз қажет. Оны теориялық поэтика түсіндіреді. Ал
жанр категориясының қалыптасуы мен дамуын тарихи поэтика
шеңберінде қарастырамыз. Яғни тарихи поэтика да өзінің
тарихилық принциптерімен де әдебиеттің теориясына тікелей
қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: