45
Осындай күрделі мәселелерді көрсете алған бірде-бір теориялық
еңбектің жоқтығы, ал жоғарғы оқу орындарына арналған
«Әдебиет теориясы» оқулықтарындағы мәліметтерге өте аз орын
берілуі және олардың өзі негізінен дайын тұрған орыс әдебиетінің
мысалымен түсіндірілуі мәселені шешпек түгілі, шешуге де
ұмтылмайтынын жасыруға болмайды», –
дегеніне келісуге тура
келеді.
Көп өзгерістер әдебиетке модернистік эстетиканың келуімен
байланысты. Модернизм қалыпты образды бұзып тіпті
абстракцияға
айналдырды,
дискурсты
бұзды,
сюжетті
тұтастығынан айырды, бейнелеу тіліне батыл эксперименттер
жасады. Көркем шығарманы әдеби-теориялық талдауда осы күнге
дейін қолданып келе жатқан сюжеттік-композициялық талдау
берерін беріп болғанға ұқсайды. Өйткені кейінгі буын
қаламгерлерінде классикалық, эпикалық сюжет түрлері жоқтың
қасына айналды. Әуелі салдары айтылып,
сосын себептері
термеленетін немесе салдары мүлде айтылмайтын фрагментарлы
сюжетті шығармалар қатары көбеюде. Тіпті логикалық
тұтастықтан мүлде айрылған колллаж сипатындағы сюжеттер
кездеседі. Ең бастысы сюжет жанрды құраушы негізгі категория
екеніне күман туа бастады.
Бұрын автор – мәтін – оқырман тізбегі біртұтас
қарастырылса, қазіргі әлемдік әдіснамада бұл ұғымдар
автономдық мағынаға ие болды. Көркем шығарма мәтінінің
автордан тәуелсізденуі, «автордың өлімі» сияқты түсініктер
ғылыми айналымға түсіп үлгерді. Яғни әлемдік теориялық
әдебиеттануда көркем шығарманы
мәтін деп қарастыруға анық
ойысу байқалады. Керек десеңіз, постмодернизм теорияшылары
қаламгер мен оқырманды бір деңгейден қарастырады.
Көркем ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын тануда ең
бастысы – лингвистика. Қазіргі таңда тіл білімі мен әдебиеттану
әдістемелері бұрын-соңды болмаған жақындықты басынан
өткеруде. Қазір лигвистика көркем шығарма стилін зерттеуде
бізді тың әдіснамаға бағыттап, әдістемелік идеялар ұсынып отыр.
Тіпті
құрылымдық
лингвистика
мектебі
құрылымдық-
семиотикалық әдебиеттануға серпін беріп отыр. Қазіргі мәтін
лингвистикасы біршама дамып кетті деп айта аламыз. Мәтінді
талдау мен зерттеуде лигвистиканың
бұл жас саласы бізге біраз
46
әдістемелерге жүгінуімізге айрықша ықпал етуде. Яғни мәтін
теориясында бірлесе атқаратын, күш жұмылдыра қарастыратын
жаңа теориялық мәселелер алдымыздан шығуда. Мысалы,
интерткест, цитация, реминисценция, нарратив, аллюзия т.б.
ұғымдар тіл білімі мен әдебиеттану қапталдаса қарастыратын
жалпы филологиялық категориялар. Әсіресе алғашқы мәтіндер
мен кейінгі мәтіндердің қарым-қатынасынан
туындайтын
мәселелер постмодернистік нышан танытқан шығармаларда
айрықша маңызға ие.
Әдебиет теориясының дамуына орай кей әдіснамалық
ұстанымдар белгілі бір әдіснамалардың теориялық және
қолданбалы маңызын төмендетті. Алайда қандай филолог
болмасын өзіне дейінгі әдебиеттану әдістемелерін толық
меңгеруге тиіс. Ғылымда тек белгілі бір әдіснама қанша жерден
әмбебап болса да басымдық таныта алмайды. Бізде ғылыми
мектептердің алуан түрі қалыптасуы тиіс.
Әрбір
университеттер
мен ғылыми мекемелер өздерінің мектебін қалыптастыруы керек.
Қазіргі әдебиет теориясын зерттеудің, дамытудың басты
әдіснамалық мұраты – шығармашылық үдерістің қос мәнін:
әдебиет дамуындағы жаһандык құбылыстар мен ұлттық
әдебиеттер арасындағы ортак тенденцияларды қаперде ұстау.
Біршама ілгерілеп келе жатқан Тәуелсіздік жылдарындағы
әдебиеттану поэтикалық заңдылықтардың антропологиялық
болмысына басты бағдар ұстана отырып дамуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: