Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Әдебиеттер1,2,3,4,7,9, 10, 12,14,17,19,26,29,30,39. 
 
№11дәріс тақырыбы:
Әдебиеттің тектері. Жанрлар 
теориясы 
Дәріс тезисі: Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері 
эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар 
әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың 
әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз 
тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді. Бөлінгенімен, 
ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, 
өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады. Эпос – әдебиеттің 
негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын 
құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен 
тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу 
тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. 
Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз 
“бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл — 
эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын 
тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені 
қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, 
өркешті, кең тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында 
Мағжан осы тәсілді шебер іске асырады. Эпос жанры негізгі үш 
арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, 
мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, 
повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді. Үш 
текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін 
шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы 
ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Эпоста автор оқиға көлеңкесінде 
қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. 
Және өз қалпын “бетін өзгертпейді” (Аристотель). Өлеңнің лирик. 
кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирик. кейіпкер — 
жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирик. жанр 
түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында 
қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды 
өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма(әжуа өлең), эпитафия 


34 
(жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен 
жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын 
тепті. Саяси-әлеум. лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы 
мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы 
түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де 
иық теңестіретін шығармалар тудырды. Әдебиеттің үшінші тегі 
— драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер 
бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі 
әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-
тартыс. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған 
байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік — 
адамның өзегі, алтын арқауы. Эпос, лирика, драма іштей бір-
бірімен 
байланысты. 
Бір 
әдебиет 
көзінен 
тарайтын 
бұлақтар.Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер етіп, бірін бірі 
демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс., жаңа эпос-роман 
жанры 
психологизм, 
драматизм 
құралдарын 
барынша 
пайдаланады. Демек, лирика, драма жанрларынан өзіне керекті 
нәр алып отырады деген сөз. Ертегілік дастандармен қатар, 
новеллалық, романдық дастандар дейтін түрлер ғыл. айналымға 
енгізілді. Жанрлық ауыс-күйіс — әдебиет дамуындағы табиғи 
процесс. Әдебиеттің үш текті жанрларға жіктелуі күллі көркемсөз 
дүниесіне қатысты заңдылық. Міне, осы ортақ заңдылықтан 
фольклор, дара ақындық ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті 
саларын бір-біріне қарсы қоймай, араларына өтпес ор қазбай, 
қайта оларды бір-бірімен тығыз байланыста тұтас өнер жұйесі 
ретінде қарап зерттеу қажеттігі туындайды.
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — 
өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім 
жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне 
байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, 
музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар 
бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, 
“пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, 
“жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола 
тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі 
бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, 
яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-
бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та 


35 
біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе 
нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, 
ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар 
түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс 
барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі 
жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін 
көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді
сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп 
атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. 
Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш 
тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен 
түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, 
көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи 
тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола 
жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты 
белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын 
болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, 
“жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі 
жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет 
тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға 
мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген 
жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың 
тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің 
шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі 
психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау 
процесінде қалыптасты.Қазақ әдебиетінің тарихында жанрлардың 
түрленуіне Абай Құнанбаев пен М.Әуезов шығармаларының рөлі 
ерекше болды. Поэзиядағы ұлы құбылыс болып табылатын Абай 
қазақ өлеңін жанрлық жағынан қайта түлетсе (“сегізаяқ”, 
“алтыаяқ”, т.б.), Әуезов түркі әдебиетін әлем әдебиеті деңгейіне 
көтерген “роман-эпопеяның” түрленген түркілік нұсқасын 
тудырды. Әдебиеттегі жанрларды тегі мен түріне қарап 
лирикалық, эпостық және драма жанрлар деп бөлеміз. Әлемдік 
әдебиетте лирикалықжанрларға: элегия, эпиграмма, эпитафия, 
ода,идилла, сонет, рондо, мадригал, ғазел, хокку, танка, баллада, 
памфлет, романс, өлең, терме, толғау, т.б. жатқызады. Адамның 
көңіл-күйі, ой мен сезімнің үндесуі лирикалық жанрлардың басты 
ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік реңк, 


36 
бояуымен де ерекшеленеді: элегия — мұң, эпиграмма — сықақ, 
ода — мадақ, т.б. Лирикалық жанрларды мазмұны мен 
тақырыптық өзгешелігіне қарап қана емес, бейнелеген өмір 
құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты 
саяси-әлеумет лирика, философия лирика, көңіл-күй лирикасы, 
табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. 
Эпостық жанрларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн 
қоюлығы, баяндау стилі тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет