Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Әдебиеттер1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 22,28,31,32,38. 
№ 13 дәріс тақырыбы: Әдеби бағыттар, ағымдар, 
мектептер. Стиль және көркемдік әдіс теориясы 
Дәріс тезисі: Идеялық тұрғысы, әдісі жағынан бір-біріне 
жақын 
қаламгерлер 
өздерінің 
шығармашылықтарындағы 
үндестіктерді байқамауы мүмкін. Тарихи дамудың ең алғашқы 
кезеңдерінде суреткерлер өздерінің шығармаларын саналы түрде 
белгілі бір бағытқа, әдіске бағындырды деп айтуға болмайды. Тек 
кейін, эстетикалық теория қалыптасып, нақты тәжірибеге 
айналған шақта ғана әдеби бағыттар дүниеге келді. Содан барып, 
көркем ойлау типі жағынан жақын жазушылар белгілі бір 
бағытты құрай бастады. Десек те, олардың идеологиялық 


39 
ұстанымдары бір арнаға тоғысқан жоқ. Яғни бір бағыттың ішінде 
эстетикалық, қоғамдық-саяси көзқарастарына қарай үндесетін 
қаламгерлер болады. Осындай идеялық-эстетикалық бірліктің 
негізінде әдеби ағымдар дүниеге келді.
ХҮІІ ғасырдан бастап адамзаттың әдеби дамуы тарихында 
белгілі бір бағдарламаға біріккен әдеби бағыттар пайда болды 
дейміз. 
Ал 
өз 
шығармаларын 
ешқандай 
бағдарламаға 
бағындырмаған, бізге мәлім әдеби бағыттардың ешбіріне 
жатпайтын қаламгерлер де болатыны анық. Яғни, бір бағыт 
үстемдік етіп тұрған елдің әдебиетінде ол бағытқа кірмейтін, 
шығармашылық тұғырнамалары бөлек суреткерлер өмір сүруі 
әбден мүмкін. Б.Г. Реизов бұл жерде дұрыс байлам жасаған. Ол 
Реизов «История и теория литературы» деген еңбегінде: 
«Романтизм дәуіріндегі қайсыбір ірі суреткер классицист немесе 
сыншыл реалист, реализм дәуіріндегі кей жазушы романтик 
немесе натуралист болуы мүмкін», – дейді. Демек, мұндай 
жазушылар бір бағдарламаның аясына бірікпегенннің өзінде
олардың шығармашылығынан да идеялық-көркемдік ортақ 
сипаттар көрініс берді. Г. Поспелов: «Қандай да болмасын елдегі 
және 
дәуірдегі 
біртұтас 
әдеби 
бағдарламаға 
біріккен 
жазушыларды айқындау үшін әдеби бағыттар терминін сақтау, ал 
тек идеялық-көркемдік ортақтықтары бар жазушылар тобын 
әдеби ағымдар терминімен атау дұрыс болар еді», – дейді. 
Сонымен, әдеби ағымдарға қатысты жоғарыда айтылған 
мәселелерден ортақ тұжырымдар шығады: 
Біріншіден, әдеби ағымдар әдебиеттің ертедегі сатыларынан 
бастап байқалатын, бағыттардан бұрын пайда болған сөз өнерінің 
ортақ сипаттары; 
Екіншіден, әдеби бағытқа қаламгерлерді бағдарламалық-
эстетикалық 
тұтастық 
топтастырса, 
әдеби 
ағымға 
дүниетанушылық қырлары, тарихи-әлеуметтік мәселелерге 
қарым-қатынасы, оны шешу жолдарындағы идеялық- көркемдік 
концепциясы ұқсас қаламгерлер жатқызылады; 
Үшіншіден, бір бағытты құрайтын бірнеше ағымдар болады 
да, керісінше әдебиеттің нақты бір кезеңінде үстемдік етіп тұрған 
бағытқа 
жатпайтын, 
олардың 
шығармашылық 
бағдарламаларындағы ереже-талаптарды ұстанбайтын тәуелсіз 
ағымдар да бола береді; 


40 
Төртіншіден, әдебиттің даму жолында көркемдік әдісті 
қалыптастыратын әдеби ағымдар бар. Яғни, көркемдік әдістер де 
бірнеше ағымдарды біріктіре алады. Мысалы, реализм түрлі 
белгілеріне қарай ағымдарға да, бағыттарға да бөлінеді. 
Стиль – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, 
образдар жүйесінің тұрақты белгілері. Стиль (лат. stylus, грек. 
stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой 
түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стиль 
суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі 
көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажыратады. 
Стиль түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, көркем 
мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді. Әдебиеттану ғылымында 
стильдің дәуір стилі (қайта өркендеу, барокко, классицизм, 
реализм), түрлі ағымдар мен бағыттардың стилі, ұлттық стиль 
және суреткерге тән жеке стиль, т.б. түрлері кездеседі. 17 ғасырда 
стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда 
философиялық эстетиканың назарын аударды. И.В. Гете мен 
Г.Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль 
жайында В.В. Виноградов “стиль көп мәндес” деген пікірді айтса, 
зерттеуші Л.Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс – өмірді 
образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-
жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде 
стиль шығармалар әдісі ретінде танылды.Стиль тіл көрінісі 
ретінде өнердегі стильден ерекшеленіп, шығарманың мағыналы 
түрі, эстет. тұтастық ретінде мойындалды. А.Байтұрсынов 
“Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр 
жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, 
әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі 
болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, 
салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, 
шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз 
ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің 
өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз 
шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің 
асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді. Ол стильді 
тіл қисыны мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Зерттеуші 
Қ.Жұмалиев “Стиль – өнер ерекшелігі” (1966) атты еңбегінде 
қаламгердің жазу мәнерін, көркемдік шеберлігі мен талант 


41 
табиғатын, ал З.Қабдолов “Әдебиет теориясының негіздерінде” 
суреткерге тән шығарм. ерекшелікті стиль ретінде қарастырды. 
Көркемдік әдіс эстетиканың басты категорияларының бірі 
болғандықтан әдебиеттанушылар мен философтардың назарынан 
әсте қалып көрген емес. Бұл аталмыш мәселенің аса 
маңыздылығының дәлелі болса, екінші жағынан бір-бірімен 
үйлесе бермейтін концпциялар мен көзқарастарды шектен тыс 
көбейтіп жіберді. Шынтуайтына келсек, шығармашылық 
(көркемдік) әдіс категориясы әдебиетке философиядан көшкен 
маркстік-лениндік эстетикаканың жемісі. Ғылыми мәселе ретінде 
РАПП өкілдерінің еңбектерінде көркемдік әдіс қаламгердің 
болмысқа деген мақсатты әрі саналы қарым-қатынасы ретінде 
қарастырылды. көптеген ғалымдар негіздеген «көркемдік әдіс 
қоғамдық-тарихи дамудың белгілі бір кезеңдеріне байланысты 
пайда 
болатыны» 
турасындағы 
көзқарас 
ұлттық 
әдебиеттануымызда әбден орнығып қалды. «Көркемдік әдіс 
нақтылы бір тарихи жағдайларда пайда болады. Яғни, қандай да 
бір көркемдік әдісті ұстанған суреткерлерді идеал жайындағы 
түсінік, сол идеалға сәйкес келетін (немесе керісінше) 
қаһармандар типі, соған орай туындайтын сюжет мәселелері 
біріктіреді. Қоғамдық-тарихи жағдайлардың алуан түрлілігі 
көркемдік әдістің де алуан түрін туғызады» деген тұжырым ең 
кейінгі деген теориялық еңбектерімізде де айтылды. Әдістің 
тарихи құбылыс екендігі де кезінде әжептәуір ғылыми 
пікірталастар туып, әр түрлі теориялық тұжырымдар жасалған 
болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет