Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Әдебиеттер1,2,3,5,7,9, 10, 12,14,16,17,19,23,26,30,33,39, 42. 
№12 дәріс тақырыбы: Әдеби үдеріс. Дәстүр және 
жаңашылдық 
Дәріс тезисі: Әдеби үдеріс дегеніміз – әлем әдебиеті мен 
ұлттық әдебиеттің күрделі қарым-қатынаста дамитын тарихи 
қозғалыс.Әдеби үдеріс бұл – эстетикалық, рухани-мәдениеттік 
құндылықтардың бірыңғай тарихи жиынтығы, гумманитарлық 
концепциялардың ауқымды түсінігі. Белгілі бір уақытқа дейін 
әдеби үдеріс баяу әрі өздігінен ұлттық ерекшелікте дамиды да, 
кейін заманауи дәуірмен экономикалық және мәдениеттік 
байланыстарда дамиды. Мәселен, жергілікті және бірнеше ұлттық 
әдебиеттерден бір әлемдік әдебиет қалыптасады. Соған сәйкес 
әдеби үдеріс дамиды. Әдеби үдеріс – бұл белгілі бір дәуірде, 
сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі 
тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-
заңды қозғалысы. 
Әдеби үдерісті зерттеу арқылы бір поэтикалық идеядан 
екінші бір формаға өзгеру, ескі немесе жаңа, ауысып-түйісіп 
отыратын стильдерді, әдеби бағыттар мен ағымдарды, әдістер мен 
мектептерді анықтай отырып, күрделі мәселелерді шешуді алға 
қояды. Жазушылар әдеби үдеріске ғаламзат пен адамзатты 
танудағы қалыптасып қалған қағидаларды өзгерту үшін жаңа 
идеялар мен ізденістер арқылы келеді. Мұндай ашылулар оңай 
жасалынатын дүние емес. Жазушы ең алдымен жақын әрі қашық 
жатқан халықтардың осы уақытқа дейінгі жасаған әдебиеттеріне, 
адамзат тарихындағы әдеби тәжірибиелердің түрлі формалары 
мен идеяларына сүйене отырып, әдеби үдеріске өз үлесін қосады. 
Басқаша айтқанда, әдеби үдеріс, ең алдымен жаңаша идеялар мен 
мазмұнның, формалардың күресі, жаңаның ескімен, тарих 


37 
қоунауындағы ескі естеліктердің жаңа оқиғаларға орын берудегі 
қақтығыстары жатады. Яғни әдебиеттің мазмұндық формасын 
өзгертіп отырған қандай құбылыс, өмір қозғалысын қалай 
сипатталады, жаңа тарихи жағдаят әдебиеттен қалай көрініс 
тауып отыр деген сұрақтар әдеби үдерістің дамуына алғышарт 
болатын сұрақтар. Әдеби процесті зерттеу кезінде ғалымдар, 
басқада теориялық ұғымдарға, оның ішінде – әдіс пен стильге 
арқа сүйейді. 
Әр қоғамның рухани құлдырау немесе рухани өркендеу 
кезеңдері болады. Ұлт болмысының рухани жаңғыруы, түлеуі сол 
ұлттың өткен жолынан, тарихи құндылықтарынан тыс жүзеге 
аспайды. Яғни дәстүрсіз жаңалық та болмайтыны – аксиома. 
Дәстүр мен жаңашылдық өзінің кең философиялық түсінігінде 
даму деп аталатын процестің, жалпы қозғалыстың, өзгерістің 
негізгі тетігі екендігі шындық. Табиғат, қоғам, адам, барлық 
тіршілік 
атаулы 
үнемі 
өзгерісте 
болады 
десек, 
сол 
құбылыстардың барлығы да дәстүр мен жаңашылдық 
заңдылықтарының жемісі. Бір сөзбен айтқанда, бұл ұғымдар 
өзгеру мен диалектикалық дамудың гармониясын сақтайды.
Өлең 
поэтикасына, 
теориялық 
мәселелеріне 
арналған 
еңбектерде дәстүр және жаңашылдық ұғымынан айналып өту өте 
сирек. Оның өзіндік себептері де бар. Әдебиет алға жылжу, даму 
кезінде өзінің бойында тұрақты элементтер қалыптастырады. Бұл 
сипат ұлттық шеңбердегі сөз өнерінде анық көрініс береді. Неге 
десек, сол ұлттың, халықтың тек өзіне тән дүниетанымы, өмірге 
деген көзқарасы, ғасырлар бойы жетіліп, белгілі бір ауқымда 
тұрақтап қалып отырады. Мәселен, тілдің стильдік, бейнелілік 
қасиеттері көп өзгеріске түсе бермей, түрлі уақыт шеңберінде бір 
қалып сақтайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымында қазақ поэзиясын 
ішкі жанрлық ерекшеліктерге ғана сай салмақтамай, оны қазақ 
халқының фольклорлық мұралары мен эпикалық туындылар 
арасындағы сабақтастыққа да қарап саралау дәстүр ұғымының 
өте кең көлемде екенін ескергендік болып саналады.
Көркем әдебиеттегі дәстүр туралы сөз бүкіл әдебиеттің 
тарихымен тығыз байланысты. өнердегі көркемдік әдіс тәрізді 
дәстүр де көптеген субъективті факторларға тәуелді болғанымен, 
кең мағынада алғанда объективті құбылыс. Дәстүр жалғастығы 
деп – тұтас идеялық-эстетикалық дәрежесінің көтеріліп, жанрлық, 


38 
тақырыптық алқабының кеңеюін, шеберлігінің шыңдалуын 
айтамыз. Дәстүр әрдайым жаңашылдыққа келіп тіреледі, 
жаңашылдық өзгеше формаға еніп, дәстүрдің қойнауынан 
шығады да қайталай дәстүрге айналады. Дәстүр дегенімізді 
көркем үлгінің жалғасуы, жаңашылдықты сол көркем үлгі 
негізінде туындайтын көркемдік ерекшелік деп атауға болады. 
Дәстүр мен жаңашылдық екі түрлі категория болғанымен де, 
олардың арасындағы қарым-қатынастың болатыны ескермей және 
сол байланыстың нәзік желілерін дұрыс сараламай өтуге 
болмайды. Шығармашылық иесі қашан да дәстүрге сүйенеді.
Дәстүрге сүйену – қалыптасқан формалық, әдіс-тәсілдік 
ерекшеліктерді сақтай отырып, жаңа идеялық-көркемдік 
мазмұнға қол жеткізу. Ақын немесе жазушы дәстүр негізінде 
жаңашылдыққа 
қол 
жеткізе 
алмайтын 
болса, 
онда 
шығармашылық иесінің таптаурын болған шарттылықтан шыға 
алмауы, тіпті дарынсыздығы ғана емес, дилетанттығы деп қарауға 
болады. Осы тұста зерттеуші Ә.Нарымбетовтың мына пікірін 
келтіре кетуге болады: «Дәстүр мен жаңашылдық бір-бірімен 
табиғи тамырлас... Әдебиеттегі жаңа құбылыс дейтініміз сол көп 
жылғы тәжірибенің, көркемдік дәстүрдің озығы болуға тиіс». 
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттен дәстүр және 
жаңашылдық мәселесін қарастыру жаңа қоғам тудырған 
әдебиеттің қаншалықты әдеби норманы жаңа биікке көтере алады 
немесе өздеріне дейінгі әдебиет өкілдері қалыптастырған нұрлы 
жолды жалғастыра білді, соны саралау болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет