Ерте көшпенділер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата05.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#71743
1   2   3   4
Байланысты:
Ера тарих2сроп

Қола дәуірін зерттеушілер. 
Орталык Қазақстанды Ә.Марғұлан К.Ақышев 
Солтүстік Қазақстанды А.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г. Максимова 
Қола дәуіріне қатысты негізгі тұжырымдалар. 
Шығыс Қазақстан қола дәуірін нақты территориялық тұрғыдан зерттеу бір жүйеге негізделмеген. 
Кейінгі жылдардағы А.А. Ткачев, Н.А. Ткачевалар Ертістің жоғары ағысы аймағындағы зерттеулері 
нәтижесінде Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің тағы бір кезеңде - месін қалыптастырды, Ондағы 
бір ерекшелігі жерлеу ескерткіштерінің қоныс материалдарымен қоса қарастыруында еді. Сондай-
ақ, олар қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан тұрғындарының Ертіс өңірінің тұрғылықты халықтары 
екендігін айтып, олардың жапсарлас өлке тұрғындарымен тығыз байланыста болғандығын атап 
өтеді. Осылайша, Шығыс Қазақстан тұрғындарының батыс пен шығысқа қарай бірнеше мәрте 
миграцияның болғандығын айтады. Алайда, оның да қола дәуіріне қатысты негізгі тұжырымдары 
терри- ториялық тұрғыдан кішкентай алқапты қамты - ғандықтан, өңірдің қола дәуірі мәселесін 
түбе- гейлі шешудің мүмкін еместігін көрсетті. ( А.А. Ткачев және Н.А Ткачевалардың тұжырымы 
бойынша) 
(Төлеубаев А.Т.тұжырымы). 
Археолог-ғалымдар Ә. Оразбаев пен Ә.Т. Төлеубаевтың Шығыс Қазақстанның Тарбағатай 
теріскейіндегі Масалы, Ескеалмас, Сабындыкөл ескерткіштеріндегі зерттеулерімен аумағының 
кеңейе түсуі және ғалымдардың қорытындысы бойынша бұл ескерткіштердегі материалдары 
негізінде Орталық Қазақстанның қола дәуіріне жақындатып және үш сатылы кезеңдеуге ұқсас деп 
қарастырады 
(Кукушкин И.А тұжырымы). 
Қола дәуіріндегі жерлеу дәстүрінде кез- десетін адамды өртеп жерлеу салтын И.А. Кукушкин, 
Қазақстан жері мен Орал маңына Орталық Азия арқылы келген халықтар салты- мен 
байланыстырады. Ғалым андрондықтардағы «арийлік» негіздер туралы үнді мәдениетінің көне 
діни-әдеби ескерткіші Ригведада, Авеста мәтіндерінде көрсетілген әлеуметтік-тұрмыстық және діни 
дүниетанымдық деректердің прото- андрондық және андрондық мәдениеттерде көрініс 
табатындығымен түсіндіреді. Архео- лог И.А. Кукушкин: «...миграциялық үдерістер нәтижесінде 
үндіарийлік типтік бейнесі Орал өңірі мен Солтүстік Қазақстанда орналасқан сынташтыпетров 
мәдениеті ескерткіштерінде неғұрлым айқын көрсетілген. Бұл мәдениеттерде арба мен дөңгелекті 
жылқымен жерлеу дәстүрі бар. Сонымен қатар, бай әскери құралжабдықтар айқын дәлел болады. 
Керісінше, қайтыс болған адамды өртеу дәстүрі үндіарийлердің әдеттегі жерлеу рәсімі ретінде са- 
налса, біздің жағдайда неғұрлым кейінгі федо- ров мәдениетінің қорымдарында байқалады» – деп 
ойын қорытындылайды (Кукушкин И.А., 2010). Аталған деректемелерді негізге алсақ, ұсынылған 
пікірлердің өз шындығы бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет