Химиялық үдерістер – химиялық реакторларда материалдардың химиялық құрамының толығымен өзгеруі.
Энергетикалық үдерістер – турбиналарда, генераторларда, мотор- ларда əртүрлі энергиялардың (жылу,
механикалық, электрлік) өзара түрленуі.
Басқару үдерістері – ағыстар жəне заттардың күйі, олардың күйлерінің өзгерісі туралы ақпаратты алу жəне
жіберу.
Қандай да бір кез келген үдерісте бірмезетте жиі екі жəне одан да көп құбылыс орын алады. Мұндай
жағдайда үдерісті жалпы технологиялық үдерістегі негізгі орынына сəйкес жіктейді. Мысалы, компрессорда
газды сығу оның қыздырылуы арқылы жүреді, бірақ негізгі белгісі бо- йынша бұл механикалық үдеріс болып
табылады. Сонымен бірге детандерде сығылған газ салқындау арқылы механикалық жұмыс жасайды. Белгісі
бойынша бұл үдеріс салқындатқыш шығаруға арналған жылу алмасу үдерісіне жатады.
6. Технологиялық үдерістердің жылдамдығын сипаттап формуласын көрсетіңіз. Технологиялық үдеріс жылдамдығына әсер ететін факторлар мен арттыру тәсілдері. Технологиялық үдеріс - бір текті немесе сол сияқты бұйымдарды өңдеуде уақытпен кеңістікте жоспарлы
жəне бірізділікпен орындалатын өндірістік үрдістің бөлшегі. Мысалы, пісіру технологиялық үрдіс келесі
операциялардан тұрады: дайындау операциясы, орнату, тетіктерді пісіру жəне пісірілген түзілімді тазалау
Химиялық-технологиялық үдерісті алынған шикізаттан көп мөлшерде өнім алу жағдайында жүргізу қажет,
яғни үдерісті жүргізу шарты оның жоғары жылдамдықпен жүруін қамтамасыз етуі керек. Үдерістің
жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бірлік уақытта аппаратта бастапқы заттың көп мөлшері
өнделеді, яғни үдерістің жылдамдығы жоғарылағанда аппараттың өнімділігі де артады.
Технологиялық үдерістердің жылдамдығы бірлік фазада (гомогенді реакциялар үшін) немесе фазалардың
бөліну бірлік бетінде (гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта компоненттердің моль сандарының
өзгеруі.
Технологиялық үдерістердің жылдамдығы толықтай кинетика заңдарына бағынады. Технологиядағы
үдерістердің жылдам жүруі, қандай да бір аралық уақытта алынған реакция өнімдерінің мөлшері, күрделі
аппараттармен реакторлардың типтерін дұрыс таңдауда жəне олардың конструкциялық өлшемдерін есептеу
сияқты практикалық мəні бар. Алайда бұдан бөлек аса маңыздысы ол кинетика заңдары болып табылады.
Гомогенді реакция жүйенің бүкіл көлемінде жүреді: