Эксплутациондық көрсеткіштер келесі талаптар жатады: Беріктілік (надежность) – өндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында авариясыз жұмыс
істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады.
Жұмыс істеу қауіпсіздігі (безопасность) – қоршаған ортаға, қызметкерлерге жəнеқондырғыларға əкелетін
зиянды əрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы.
Автоматтандыру және механикаландыру дәрежесі (степень автоматизации и механизации) - өндірісті
пайдаланудағы қол жұмысы мен ауыр еңбек үлесін анықтайды
Әлеуметтік көрсеткіштер – өндірісте жұмыс істеудің қолайлығын жəне оның қоршаған ортаға əсерін
сипаттайды.
Қызмет көрсетудің зиянсыздығы – газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі жəне т.б. талапқа сəйкес
нормада болуын санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қадағалау.
Экологиялық қауіпсіздік өндірістің қоршаған ортаға жəне орналасқан аймақтың экологиялық жағдайына
əсер ету дəрежесін анықтайды.
5. Химия-технологиялық жүйе мен үдеріске анықтама беріңіз. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеңіз және мысалдармен көрсетіңіз. Жүйе - біртұтас жиынтық. Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған
аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық,
басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.
ХТЖ-нің жалпы белгілері:
– химиялық өнім шығару;
– элементтің көп түрлілігі жəне олардың өзара байланысы;
– жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер санының көптілігі;
– жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі;
– өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дəрежесінің жоғарылығы;
– жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару жəне тіркеу
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын