Каталитикалық процесс:
Қазіргі уақытта химия өнеркəсібінде жəне онымен байланысты салаларда, жаңадан енгізілген
технологиялардың 90% -дан астамы каталитикалық процестер болып табылады. Катализ негізінде он
мыңдаған өнеркəсіп өнімдері (бейорганикалық қышқылдар, аммиак, полимерлер синтезі үшін мономерлер,
түрлі органикалық қышқылдар, спирттер, альдегидтер жəне т.б.) өндіріледі.
Каталитикалық үдерістер
гомогенді және гетерогенді болып екі үлкен топқа бөлінеді. Өнеркəсіпте
гетерогенді-каталитикалық үдерістер кеңінен қолданылады. Өз кезегінде, газтəрізді немесе сұйық
реакциялық ортада жүретін көптеген гетерогенді-каталитикалық үдерістерде фазалардың бөліну шекарасын
қатты катализатордың беті атқарады. Мұндай үдерістердің басты ерекшелігі реакция өнімдерінің жəне қайта
қолдануға қажетті катализатор бөлшектерінің қарапайым жеңіл бөлінуі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: