Капиталдық шығын – кəсіпорынды немесе цехтың құрылысын салуға жұмсалған барлық шығынның
қосындысы.
Меншікті капиталдық шығын – қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын. Өндірістің басында
аппаратқа, машинаға, түтікөткізгішке, жəне т.б. бірмезеттегі шығын, яғни капиталды шығындар жұмсалады.
P=K/W мұндағы: Р-меншікті капиталдық шығын, тг* жыл/т. К-капиталдық шығын, теңге . W-қондырғының
қуаттылығы, т
.
жыл
-1
Меншікті капиталдық шығын, өзіндік құн жəне еңбек өнімділігі негізінен өндірістің техникасы мен
қондырғысының қуаттылығына байланысты. Қондырғының бірлік қуаттылығы артқанда көптеген химиялық
өндірістер үшін еңбек өнімділігі 60-80% артады.
Экономикалық көрсеткіштерді техникалық көрсеткіштер негізінде есептейді.
Эксплутациондық көрсеткіштер – өндірісте жəне химиялықтехнологиялық үдерісте регламенттік
жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді сипаттайды. Үдерістің көрсеткіштеріне
ауытқулардың əсерін эксплутациондық көрсеткіштермен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: