9. Шикізатты дайындау және байыту. Дайындау сатылары мен байыту процестерін көрсетіңіз.
Шикізат – өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланатын табиғи заттар жəне жартылай өнімдер.
Шикізатты дайындау - байыту процесінің бөлігі болып табылады. Технологиялық өндірістің негізгі
кезеңінен бұрын, технологияның негізгі материалы шикізатты дайындау,өңдеу сатысы жүрелі. Шикізаттың
дұрыс жəне толық өңделіп дайындалуы технологиялық процесстің өнімділігі мен сапасына тікелей əсер етеді.
Шикізатты алдын ала өңдеу механикалық өңдеулер жатады:
1)
Іріктеу - минералдарды ортақ химиялық немесе физикалық қасиеттеріне байланысты бөлу.
2)
Шикізатты ұсақтау. Өндірісте кен кесектерінің белгілі өлшемдерін қажет етеді, сондықтан үлкен
кесектерді ұсатады, не ұсақ бөлшектерді престеп немесе қосу арқылы кесектетеді.
3)
Кесектеуді өте ұсақ немесе шаң тəріздес шикізаттарды кесектеп , престеп жасаса-б
рикеттеу деп атайды.
Егер шикізатты брикеттен үлкейтсе, агломерация деп атайды, алынған кесектерді агломерат дейді.
4)
Сусыздандыру - шикізаттан суды жоғалту процесі.
5)
Байыту -пайдалы шикізаттың концентрациясы артады. Шикізатты дайындау- байыту процесінің бөлігі
болып табылады.
Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану жəне өңдеуге дайындау əдістерін анықтайды. Жер
қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жыныс) жəне
зияндыбөгде заттар болады. Көп жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан,
шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: