асырылады және сыртқы дабылдарға тәуелді.
ЭР қызметі:
Белок, майлар, және көмірсулар синтезі
Белоктар модификацияланады.
Гольджи кешені – жасушаның негізгі органелласы. Б
ір-бірімен
қабаттаса тығыз
орналасқан жалпақ мембраналы 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ
көпіршіктерден құралған органелла. Ол тегіс эндоплазмалық тормен жалғаса орналасқан.
Мұнда заттардың биохимиялық модификациясы іске асырылады. Лизосомаға,
пероксисомаға, плазмалық мембранаға немесе секреторлы
көпіршіктерге бағытталған
барлық аққуыздар, липидтер және мембраналық компоненттер осы кешен арқылы өтеді.
Әртүрлі органеллалар үшін тағайындалған белоктар
Гольджи торабына жеткенде, SNAP
белоктарының көмегімен қажетті органеллаларға өзінің сұйықтығын беретін арнайы
көпіршіктер бөлініп қапталып шығады. Кейбір белоктар цитоқаңқаның микротүтікше
компоненттері бойынша тасымалданады. Гольджи кешеніне
қарай эндоплазмалық торда
синтезделген заттар жеткізіледі. Эндоплазмалық тор цистерналарынан, Гольджи кешенінің
цистерналарымен бірігетін көпіршіктер босатылып шығады. Осы жерде заттар түрленіп,
жетіледі. Гольджи кешенінің көпіршіктері лизосома, сүт
безінің белогы, бауырдағы өт
түзілуіне
т.с.с.
қатысады.
Гольджи
кешенінің
цистерналары
цитоплазмадан
моносахаридтерді белсенді түрде алады оны күрделі олиго,
полисахаридтерге белсенді
түрде синтездейді. Гольджи кешені жәнеэндоплазмалық тор өзара тығыз байланысты. Оның
біріккен әрекеттері жасушада синтезді қамтамасыз етеді,
оны оқшауландырады және
тасымалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: